|
|
|
сайттағы жаңалық |
|
02.09.2010 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
01.09.2010 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
31.08.2010 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
26.08.2010 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
25.08.2010 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
24.08.2010 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
23.08.2010 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
19.08.2010 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
18.08.2010 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
17.08.2010 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
16.08.2010 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
13.08.2010 |
|
|
|
|
|
|
|
|
12.08.2010 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
11.08.2010 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10.08.2010 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
09.08.2010 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|


 |
|
02.09.10.
Алматыда нан бағасы қымбаттамайды. Бүгін қала әкімдігі астық өңдеушілер және наубайхана басшыларымен меморандумға қол қойды. Тақырыпты Гүлбану Әниятқызы жалғастырады.
Алматыда ұн мен нан өнімдері бағасының көтерілуіне негіз жоқ. Қала әкімдігі ас атасының құны аспандамауы үшін астық өңдеушілермен арнайы меморандумға қол қойды. Келісім бойынша олар Алматыдағы кәсіпорындарға астықтың тоннасын 26 500 теңгеден сатуы тиіс. «Әлемде астық құны шарықтап жатқан уақытта бұл мемлекетке де, шаруаларға да тиімді. Демек, астық өңдеушілер алып шаһарды жылына қажетті 250 мың тонна дәнді дақылмен қамтамасыз етуі тиіс»,- деді Ахметжан Есімов.
АХМЕТЖАН ЕСІМОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Сейчас при этой цене мукомолм и производителям зерна будет выгодно отправлять зерно на экспорт чем на внутр рынок. Но в Алматы 250 тыс. тонн зерна должно быть поставлено по уст цене в этом гибкостой быть не может.
Алматыға арзан астық тасымалданса, наубайханалардың ұн өнімдерінің құнын қисынсыз көтеруіне жол жоқ. Ал, ұрымтал тұсты пайдаланғысы келетіндер жазадан құтылмайды. Келісімде көрсетілгендей бағаны қалыпта ұстауды қадағалауды қала әкімшілігі мойнына алды. Ал, кәсіпорындар 600 грамм нанның бағасын шамамен 57 теңгеден асырмаймыз деген уәде берді.
ӘДІЛМЫРЗА МАРАЛОВ, "АЛТЫН ДИІРМЕН" КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
- Бұрыннан 4 жылдан бері келе жатқан баға 55 -57 теңге Алматы осыдан артық көтерілмейді. Ел білу керек ешқандай дүкенде баға қымбаттмауы керек.
Ауылшаруашылық министрінің мәліметінше, биыл республика бойынша 15 миллион тонна шамасында астық өндірілмек. Қамбада қалған 6 миллион тонна астықты қосқанда бұл барлық сұранысты өтейді. Ал, дәнді-дақылдардың биылғы сапасы ерекше деп атап өтті министр.
АҚЫЛБЕК КҮРІШБАЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:
- Биыл еліміздегі астықтың сапасы керемет. Элеваторға түскен дәнді дақылдардың 98 пайызы жоғары класстық өнімдер. Биыл сападан проблема болмайды.
Биыл бірқатар аймақтарда құрғақшылық болып, егіннің күйіп кеткеніне қарамастан, Қазақстан астық экспорттауға шектеу қоймайды. Керісінше, астық тасымалдаушы, елдер қатары артқан. Қазақстан астығы биыл Кавказ еліне де шығарылады.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
02.09.10.
Америка Құрама Штаттарында қазақстандық азамат қамауға алынды. Ұлттық университеттің 20 жасар студенті Жандос Бахытбекұлы балиғатқа жетпеген екі қызды жәбірледі деген күдікпен ұсталды.
Оқиға Нью-Йорк штатының Лейк Джордж қаласында тіркелген. Мәджик Форест саябағында жұмыс істеген Жандос АҚШ-қа «Уорк энд Травэл» бағдарламасымен келген екен. Ол демалыс орнына келген 11 жасар қыздарға тиісіп, денелеріне қол жүгірткен. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Жандос Бақытбекұлы өз кінәсін ішінара мойындаған екен.
Қазір Жандос Бақытбекұлы Уоррен қаласының аймақтық түрмесінде жатыр. Бұл іс бойынша отырыс ағымдағы айда өтеді деп күтілуде. Іс басталғанға дейін босату үшін жергілікті билік 25 пен 50 мың доллар көлемінде кепілақы сұрап отыр.
|
|
|
|
|
|
|
|
|


 |
|
02.09.10.
Алматыда "МАЯК" қонақ үйін заңсыз жезөкшелер ордасына айналдырған қылмыстық топтың үстінен сот процессі басталды. Тергеу қорытындысы бойынша 4 адам айыпталып, 30 жезөкшеден сұрау алынбақ. Прокуратура қылмыстық топ жетекшісі қызойнақ нүктесінің басшысы Ділшат Кузеев деп отыр.
Бұл төрттіктің қамауға алынғанына 5 айға жуықтады. Заңсыз кәсіптерін тасада жүргізіп келген күдіктілер бүгінде көпшіліктің жіті бақылауында. Тергеу қорытындысы бойынша топтың жетекшісі болып қонақ үй басшысы Ділшат Кузиев танылған. Ол қылмыстық кодекстың екі бірдей бабымен айыпталуда. Яғни, заңсыз жезөкшелер ордасын ашқан және тән саудасын қадағалайтын қылмыстық топ құрған.
Күзиевпен бірге жауапқа тартылып жатқан қосшылары Запаров, Қамзақова және Жүніс қызойнақта әкімшілік, күзетші қызметін атқарғандар. Тінту кезінде полицияға қарсылық танытқандар да дәл осылар болатын.
Талай қыздың тағдырын талақ еткендерге қатысты мұндай ірі іс Алматыда бірінше рет қаралып отыр. Бірақ, о баста ашық өтеді деп жоспарланған процесс кенет ел үшін құпияға айналды. Айыпталушылардың қорғаушылары күдіктілердің жеке өмірі мен кәсібі қоғамға жария болмауы керек деген ұстанымда. Бұндай талап-тілекті судья да қолдап отыр.
ДӘУРЕН МӘУКЕЕВ, ТҮРКСІБ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
-Так как будет расс... так ято представительи СМИ выходите.
6 томды құрайтын қылмыстық іс бойынша 20 жезөкшеден түсініктеме алынбақ.
Процестен күдіктілердің жақындары да аластатылды. Прокуратура бұндай істер жариялы түрде өтуі керек дегенімен шешімді қазы қабылдайды. Куәға тартылған қыздар өздері зорлық көргенін растаса Күзиев кемінде 10 жылға бас бостандығынан айырылады,- дейді айыптаушы тарап.
|
|
|
|
|
|
|
|
|


 |
|
02.09.10.
Кришнаиттер Құдайларының туған күнін тойлауда. Діни ағым өкілдері бүгін Қарасай ауданындағы орталықтарында бас қосты. Думанға алыс -жақын шетелдегі ағайындары да шақырылыпты.
НАРТАЙ АРАЛБАЙҰЛЫ, ТІЛШІ:
-Үш автобусты қала ортасына қаңтарып қойып, көліктер лық толғанша қаперсіз тұрған дүбәра дін өкілдерінің қарасы көп. Ішінде ересектерден бөлек, бала-шағаның да саны біраз. Алайда мерекенің көкесі Қарасай ауданында. Дереу сонда аттандық.
1992 жылы қабылданған «Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы» заңымыздың ағымдарға шамасы келмей тұр. Қарасай әкімдігінің танауының астында кришнаиттер төменгі елді шақырып төбел бие сойдырып, жоғарғы елді шақырып жорға бие сойдырып той тойлап жатыр. Әншейінде әсіре белсенді полиция қызметкерлерінің қарасы көрінбейді бұл маңда. Есесіне алыс-жақын шетелден келген секта мүшелері жетерлік. Араларында 4 махараджалары бар.
НАРТАЙ АРАЛБАЙҰЛЫ, ТІЛШІ:
-Америкадан бір, Үндістаннан екі және Голландиядан біреуі келді. Барлығы төртеу. Дегенмен түзу жолдан адасқан пенделер мұны елеп-ескеріп жатқан жоқ. Джанмаштами шарасынан соң күнделікті тірліктеріне басты. Кришнаиттің қарғыбауын тағынған қаракөздеріміздің де қаймыққаны байқалмайды.
28 тамыздан бері Қарасайға ағылған кришнаиттер мына секілді шатырларда күнелтіп жатыр. Мұнда ересек те, балада бірдей қаралады. Айырмашылығы, балаларға астың ерте берілетіндігінде. Жастайынан санасы сайтани секталармен суарылған қаракөздеріміздің ертеңін елестету қорқынышты.
Босбелбеу заңымызда бала санасын улауға жол берілмейтіні анық жазылған. Бірақ ол тек қағаз бетінде. Әуелі ата-ана арбалады, одан кейін бүлдіршіндер санасы бүлінеді. Секта мүшелері елдің пікірін аса елей қоймайды. Мерей шаруақожалығында бұл ұйыммен лажсыз көрші болған қандастарымыздың ауылымыз жын-ойнаққа айналды деп жиі шағымданғанын шыбын шаққан құрлы көріп жатқан ешкім жоқ. Қайта бүгін азбыз ертең қарамыз көбейеді деген нық сенім бар.
Бізде өзгелердің наным сенімі заңмен қорғалған. Ал, күндіз- түні әнге басқан ұйымнан мезі болған ауылдағы ағайынның арызын тыңдар құлақ жоқ. Заңның ағым тұрған басы неге басым түсе беретіні түсініксіз.
Атасы - христиан, әкесi - мұсылман, шешесi - кришна, ұлы - сопы, қызы - атеист. Қазіргі қазақы отбасының сиқы осы. Елімізде қазiр 3875 дiни бiрлестiк бар екен. Бұл мақтаныш па, қасірет пе деген сауалдың жауабы сағат санап айқындалып келеді.
|
|
|
|
|
|
|
|
|

 |
|
02.09.10.
Кірмелердің беті қайтар емес. Көші-қон заңын қатаңдатып жатқанымен, келімсектер саны жыл сайын артуда.
Былтыр шекараны заңсыз асып, елімізде пайда табумен айналысып журген 191 шетелдік азамат тіркелсе, биыл жарты жылдың өзінде 300-ге жуық кірме анықталып отыр. Қазақстанның қаржысын сыртқа әкетіп жатқандар салық төлеуден жалтарады.
ЕРҒАНАТ НҰРБАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША САЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
-Бірінші жарты жылдықты айтатын болсақ, жеке табыс салығы бойынша жасырын жалақыдан есептелген қосымша салық соммасы 500 миллионға жеткен.
Осындай жағдайларды азайту мақсатында салық департаменті көші қон басқармасымен бірігіп жұмыс атқаруда. Бір аптаның ішінде заңсыз жұмыс істеп жүрген тоғыз кірме ұсталыпты.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
02.09.10.
Оқу басталды, ал мектеп өмірге қауіпті. Еліміздегі биылғы оқу жылы осындай қарама қайшылыққа ұрынып отыр. Білім ошақтарының жартысы ғана өрт дабылы жүйесімен жабдықталған.
Білім ошақтарындағы өрт қауіпсіздігін сақтауды қаперінен шығарып алған 3 жарым мың лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Мектептерге тексеру жүргізген Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері осындай мәлімет таратты. Министр Божконың айтуынша, Қазақстан бойынша жалпы саны 2 мыңнан астам нысан тексеріліп, 9 мың заңбұзушылық фактісі анықталған. Істі болған 3 мыңнан астам адамға 24 миллион 542 мың теңге айыппұл салыныпты. Ең сорақысы, қара тізімге іліккен білім ордаларының көпшілігі жаңа оқу жылын міз бақпай-ақ бастап кетіпті.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
02.09.10.
Мектептердің оқу жылына дайындығын тексеру үшін елдің барлық аймағына инспекторлар жіберіледі. Бұл тапсырманы Премьер-Министр жүктеп отыр. Мамандар облыстарға келесі аптада аттануы тиіс. Заңсыздықтар тіркелген жағдайда жауапты тұлғалар орындарынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ Кәрім Мәсімов барлық әкімдерге құрылысы аяқталмаған білім ордаларына қатысты мәселені шешуді бұйырды. |
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
02.09.10.
Еліміздің білім беру саласы қазынаға тағы қол жайып отыр. Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыруға 151 млрд. 159 млн. теңге қажет.
Аталған бағдарлама бірнеше кезеңнен тұрады. 151 млрд. теңге сол ауқымды жобаның 2011-2013 жылдарына жаратылады. Білім және ғылым вице-министрі Махметғали Сарбеков алдағы уақытта қаржы көлемін нақтылауға тырысамыз дейді. 2020 жылға межеленген бағдарламаны бүгін Үкімет бекітті, енді Елбасының қарауына ұсынылады.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
02.09.10.
Ақтаудан ақжолтай хабар. Маңғыстау өлкесіне Сауд Арабиясынан 58 қазақ отанына оралды. Бірінші кезекте қандастарымыз уақытша бейімдеу орталығына орналастырылады. Бұл жерде олар жаңа қонысқа үйреніп, мемлекеттік тілден курстарға қатыстады. Жергілікті билік ата жұртқа оралғандардың құжаттарын реттеп, азаматтық беру мәселесімен айналысуда. Сондай-ақ бұл азаматтар миграциялық квотаға қосылып, мемлекеттік бір рет берілетін жәрдемақы алады. Жол шығындары да өтеледі. Жалпы, қыркүйектің бірінен бесі аралығында Маңғыстау өлкесіне шетелден 10 қазақ отбасы көшіп келмек. Ал, он тоғыз жыл ішінде атамекенге 99 мың 856 қазақ оралыпты.
|
|
|
|
|
|
|
|
|


 |
|
02.09.10.
Алматыда биыл 250 шақырым жол бүтінделіп, 7 жерге бағдаршам қойылады. Қаланың төмен жағында орналасқан алты ықшамауданның 47 шақырым жолына асфальт төселеді. Бұл жұмыстардың барлығы суық түскенге дейі, қазан айының соңында аяқталуы тиіс.
Гүлбану Әниятқызы.
Топырақ жібісімен әр жерді қазып, асфальт төсеп жүрген жұмысшыларда бір тыным болған жоқ. Олар қазанның аяғына дейін қаланың шұрқ-тесік 250 шақырым жолын бүтіндеп бітуі тиіс. Ал, биыл қыста өтетін Азиада кезінде қонақтардың алдында қызармас үшін алып шаһардағы 8 ірі көшеге қиыршық тасты сапалы асфальт төселіп жатыр.
ҒАНИ МЫРЗАХАНОВ, АЛМАТЫ Қ. ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ МЕН АВТОМОБИЛЬДІ ЖОЛДАР БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Соңғы 20 жылда осындай асфальт салады. Классикалық асфальттен бір жарым есе қымбат. Трещинаға төзімді.
Төзімдісі, төзімді. Бірақ жыл сайын жолдар неге жамала береді деген сауалға да жауап дайын. Мамандар бұның бәрін ауа-райының қолайсыздығынан көреді. Келесіде де жолдар ойылмайды деген уәде бере алмаймыз дейді..
ҒАНИ МЫРЗАХАНОВ, АЛМАТЫ Қ. ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ МЕН АВТОМОБИЛЬДІ ЖОЛДАР БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Қыс мезгілінде жолдар қасиетінен айырылады. Үгітіліп жарықшақтар болады. Күннің резко 0-ден жоғары төмен болуынан ауықту өте көп.
Сондай-ақ биыл Рысқұлов даңғылы бойындағы жүргіншілер жиі жол апатына ұшырайтын екі қиылысқа аспалы жол салынбақ. Ал, жол полициясы қызметкерлері қауіпті деп тапқан 7 қиылысқа бағдаршамдар орнатылады.
ВЛАДИМИР МЕРЕНКОВ, АЛМАТЫ Қ. ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬДІ ЖОЛДАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
- Гоголь-Қайырбеков, Жароков-Қожанов, Байтұрсынов-Қазыбек би, Ғабдуллин-Манас, Ғабдуллин-Әуезов, Навои-Рысқұлов, Жароко-Өтепов көшелері қиылысына орнатылады. Бұл жерлерде жол апаты жиі болады.
Сондай-ақ Абай мен Сейфуллин даңғылдарындағы бағдаршамдар жаңартылады. Бұл көшелерде оң мен сол жаққа бұрылатын жүргізушілер кедергі келтіріп, көлік кептелісін тудырмас үшін қосымша жолақтар ашылады.
|
|
|
|
|
|
|
|
|


 |
|
02.09.10.
Бірінші қыркүйек демалыс болып бекітілсін. Екі ай тынығып енді ғана жұмысқа шыққан халық қалаулылары осындай ұсыныс жасап отыр. Айтуларынша елдің бәрі алғашқы қоңырауға елеңдеп, бұл күні жұмыс мандымайды.
Айгүл Жұмажанқызы.
Депутаттар 4-сессия жұмысын Білім күніне қатысты мәселелермен бастады. Бақыт Сыздықова 1 қыркүйек күні барлық мекемені аралап шыққандай бұл күні мемлекеттік қызметте жүрген ата-аналар жұмыс орындарынан төбе көрсетпейді деп салды. Депутат ханым бұл жұмыстың дұрыс жүрмеуіне кесірін тигізеді, сондықтан Білім күнін демалыс қылып жариялау керек деген ұсыныс тастады Үкіметке.
БАҚЫТ СЫЗДЫҚОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
-Связи с этим предлагаем 1 сентября день знаний обьявить выходным не рабочим днем. Что будет несомненно в интересах граждан. С уважением Тарасенко, Сыздыкова.
Сыздықованың бұл ұсынысын қарапайым халық та қолдай кетті.
БЛИЦ:
- Өйткені, себебі балалары мектепке барған қуанышын ата-аналар көргісі келеді. Сондықтан да ата-аналарға демалыс босла мақұлдаймыз.
БЛИЦ:
- Демалғанымыз, бала-шағамызбен. Баламыздың 1 қоңырауға барғанын және 11 класты бітіргенін қуанышпен көргеніміз дұрыс.
БЛИЦ:
- Әрине, балалармен болған дұрыс. Бұл - ерекше күн. Мен кеттім.
Сондай-ақ депутаттар балалардың алкоголь өнімдеріне үйір боп кеткендерін сөз қылды. Депутат Иван Черкалин бұл кеселмен күресу үшін жасөпірімдерге арналған мекемелердің айналасына бақылау жүйелерін көптеп қою керек дейді.
ИВАН ЧЕРКАЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
-Үкіметке балаларға арналған мекемелерге арақашықтығына қарамастан бақылау бейнетаспаларын қою туралы мәселені ұсынамын. Осы арқылы біз ұрпағымызды әзәзілдің азғыруынан сақтаймыз.
Бұл ұсыныстың барлығы алдағы уақытта Үкіметте қаралатын болады.
|
|
|
|
|
|
|
|
|



 |
|
02.09.10.
"Таза қала" шарасы қарқынды жүруде. 2 күннің ішінде шаһарды ластаған азаматтарға 100 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Толығырақ Арай Ізбай әңгімелейді.
Шараның алғашқы күні арнайы комиссия Алмалы ауданы аумағын шолып шықты. Бұл топ құрамында қалалық және аудандық табиғатты пайдалану мен реттеу басқармасы, бөлімшелік полициейлер мен экологтар бар. Айналасы 3 сағаттың ішінде 12-ден астам заңбұзушылықтар тіркеліп, 100 мың теңгеден астам сомаға хаттама толтырылды. Мәселен мына асхананың иесі қоқысты жәшіктерге емес, көшеге тастауды әдетке айналдырған.
Айқай шудан түк шықпайтынын түсінген асхана иелері артынша кінәні мойындап «бізден басқа тексеретін адам таппай қалдыңыздар ма деп төтесінен» шапты.
Бұдан кейін арнайы топ бірқатар қоғамдық орындарды аралады. Арбатта серуен құрған тұрғындардың дені тазалық сақтамайтыны бірден көзге ұрып тұр. Мына жасөспірім темекі қалдығын шертіп тастай салысымен, көзге ілікті. Жауапқа тартамыз дегенді естегенде шыр-пыр болып ақталды.
ШУМ: Я бросил? Я вообще даже не курю.
Жалпы шара барысында 5 адам жауапқа тартылды. Жеке тұлғаларға 10 мың, ал заңды тұлғаларға 60 мың теңгеден астам айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Қатесін түсініп кешірім сұрағандардың көбісі ескертумен құтылды.
ШУМ:
-Қайда тастадың, неге тастайсың....? Қоқыс салатын контейнерлер бар ғой...
-Кешіріңіз енді тастамаймын.......
МАРАТ КЕСІКБАЕВ, ТАБИҒАТТЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Это же наш город. Разве так можна вы же Алматинцы...»
Жалпы «Таза қала» шарасының негізгі мақсаты шаһарды ластағандардың әрекетін әшкерелеу. Алматының ажары тайып бара жатқандығына қапа болған әкімдік осындай қатаң әркетке көшті. Қаланың көркін кетіргендерді жазалауды Есімовтің өзі тапсырды.
АХМЕТЖАН ЕСІМОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
«Я дал поручение чтобы полиция задержывала каждего кто загрезняет наш город. Теперь кто плюется, шелкает семечки потом не убирает за собой будет привлекаться к ответственности и СМИ будет показывать его по ТВ.»
Акция бір ай көлемінде жүргізіледі. Бұл шара барысында қала қоқыстан толық тазарып кетпейтіні белгілі. Бірақ ең бастысы халықтың тазалықты сақтау мәдениетін қалыптастыруға ықпалын тигізбек.
|
|
|
|
|
|
|
|
|

 |
|
02.09.10.
Аты Алатау, жұмысы елді алдау. Алмалы ауданының тұрғындары өз кооперативтерінің тірлігін түсіне алмай дал болып жүр. Осы копперативке қарасты үйлердің дәлізіне бас сұқсаң жаман иістен басың айналады дейді жүгенсіздіктен жүнжіген жұрт.
Мынау Алатау кооперативіне қарасты нөмірі 33 үйдің дәлізінің сиқы. Түріне қарап қалжасынан түңіл демекші иісі де танау тұмшалатады.
Тұрғын
- Живем мы уже 45 лет. Не меняется ни сантехника, ни электрика. Теплотрассы. Подьезды не белят, не красят. Чем занимается, за что мы плотим на целевые 900 тенге?
Жертөленің жыры бұдан да аянышты. Қаңғыбас ит пен мысықтың мекеніне айналған. Тұрғындар түрлі жұқпалы дертке шалдыға ма деп балаларына алаңдайды. Ал, тиісті төлемді тіркеп алып отырған кооперативте тілдесетін жан жоқ.
ШВ: КСК никого нету, все ушли, и бухгалтер ушла в банк.
ШВ: Вот пожалуйста, так всегда бывает.
Амалы жоқ тұрғандар аудандық әкімдікті жағалаған. Алатау кооперативінің төрайымы Гүлмира Дүмшебаеваны мұндағалар танитын болып шықты. Басшылық қабілетінің қаншалықты екенінен де хабардар.
МАҚСҰТ РАҚЫМОВ, АЛМАЛЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:
- Иә, ол да бар. «Алатау» ПИК бар. Ол Дүмшебаева Гүлмира. Ол кісінің жұмыстарында кемшіліктер бар. Шара қолданамыз.
Әкімдік қызметкері басшыны тұрғындар өздері тағайындайды, ол атқарған қызметі үшін елге есеп беруі керек дейді. Бұл баяғыдан таныс әуен. Басшым әр тиын үшін есеп беріп тұрады деген тұрғынды табу қиын шаһарда. Дүмшебаеваның да дидарын халқы көрмегелі біраз болыпты.
ВАЛЕНТИНА УРБАКОВА, ТҰРҒЫН:
- Мы никого не избирали, они сами себя назначили, Не сморя не то что мы все исправна плотим. Все делаешь, но незнаем куда уходят деньги. Собрания у нас не было ни разу.
Пәтер иелері кооперативінің тікелей басшысы жоқ. Былайша айтқанда демократияның тұрмыстағы бір нұсқасы. Бірақ қой дейтін қожайынның болмауынан тұрғын үй мәселесі тұралап бара жатқаны анық көрініп тұр.
|
|
|
|
|
|
|
|
|


 |
|
02.09.10.
Жалпы, Чернобыль атом электр станциясында болған апатты залалсыздауға 1986 мен 92 жылдар аралығында Қазақстаннан 30 мыңнан астам адам қатысқан. Солардың 16 мыңы Алматы қаласының әскери комиссариатынан аттанған еді. Қазір 8700 азаматтың көзі тірі. Олардың үш жүзден астамы алматылық. Алда, алапат апаттың 25 жылдығы келе жатыр. Ардагерлер осыны шараны абыроймен өткізсек дейді. Өйткені ағзасын радиация кемірген азаматтардың ерлігін ел ұмытпауы тиіс.
ХӘЛЕЛ МҰХИТҰЛЫ, ҚР «ЧЕРНОБЫЛЬ АРДАГЕРЛЕРНІҢ ОДАҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІҢ ТӨРАҒАСЫ:
-Келесі жылы сәуір айының 26 сы чернобыль апатына 25 болады. Саған дайындықты жоспарлап жатырмыз. Қолдан келгенше медальдар жасап.
25 жылдыққа берілетін медальдарға қажетті қаржы қарастырылуда. Бұл жұмысқа аймақтардағы чернобыль апатының ардагерлері де ат салысып жатыр.
ШВ: Маңғыстауға 300 сұрап жатыр, дайын болып қалды.
Жиында көтерілген тағы бір мәселе апатқа қатысқандарға көрсетіліп жатқан жеңілдіктер. Ардагерлер осыны билік тағы бір қарастырса, радиацияның уын жұтқандардың алды 60-ты алқымдады. Үкімет ардагер мәртебесін бұйыртса артық болмас еді деген өтініштері бар.
САНДЫБЕКОВ САНСЫЗБАЙ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ЧЕРНОБЫЛЬ АРДАГЕРЛЕРІ ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
-95 жылдары пойызға дәрі -дәрмекке, 50 пайыз жеңілдік болатын. Қазіргі таңда бізге тек қана налогқа ғана жеңілдік болып тұр. Басқа жеңілдік жоқ.
Бастары қосылғанда базыналарын айтып қалатын чернобыльдықтар 25 жылдық қарсаңында билік бір бүйірін бұрып қалар деп үміттенеді. Бірақ ең бастысы бұл емес, көкейді тескен шенділердің құрметі артса деген тілек.
|
|
|
|
|
|
|
|
|

 |
|
02.09.10.
Жетімін жылатпаған қазақ бүгінде сол үрдістің үдесінен шықты. Мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған жетім балғындар үшін «Жанұя» кешені тілашар тойын жасап берді.
Самал Мейрам.
Әке-шешенің мейіріміне зәру балдырғандар бүгін бір жасап қалды. Аялы алақан мен отбасындағы жылылықтың не екенін сезінбесе де, қамқор жандардың ықыласына бөленді.
Қазақы дәстүрмен "Тілашар" тойын өткізіп жатқан "Жанұя" кешенінің әр баласы мемлекеттік тілді жетік меңгерген. Қай-қайсысы да қазақша сайрап тұр. Мұнда салт-дәстүрді сабақтап отыратын түрлі шаралар өтіп тұрады.
ХАФИЗА СЕРІКҚЫЗЫ, "ЖАНҰЯ" КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
-Қазақы дәстүрмен жанұяда осындай жасап жатырмыз, бұл балалардың өздеріне де жақсы.
Бұл мекемеде қазір 380 бала тәрбиеленіп жатыр. Олардың дені тастанды тұл жетімдер. Сонымен қатар, дімкәс жеткіншектер де білім алуда. Көпшілігі мектеп бітірген соң 23 жасқа дейін осы жерде қалады.
Мектеп табалдырығын аттаған қырық баланың қабағында бәрібір бір кірбің, терең мұң жатқандай... Өйткені олардың қуанышына ортақтасатын ана мен әке жоқ...
|
|
|
|
|
|
|
|
|

 |
|
02.09.10.
Отандық балықшылар әлемді бағындырмақшы. 4 қыркүйек күні Португалияның Сетубал қаласында спорттық балық аулаудан Әлем чемпионаты басталады. Қазақстан намысын бұл сында еліміздің ең тәжірибелі деген 13 балықшы қорғамақ. Қазір олар әлем біріншілігі алдындағы соңғы дайындық жұмыстарын өткізуде.
РОМАН БОТАБЕКОВ, СПОРТТЫҚ БАЛЫҚ АУЛАУДАН ҚАЗАҚСТАН ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
-Балықшыларымыздың дайындығы өте жоғары деңгейде деп айтуға болады. Осы уақытқа дейін біз Тайланд, Тайвань, Австралия елдерінде өткен Азия кубоктарынан жүлделі оралдық. Дегенмен осы күні арамызда әлем чемпионы атанған балықшы жоқ. Сондықтан осы жолы сол олқылықтың орнын толтырамыз деген ойдамын. Португалияға баратындардың барлығы өз кезегінде ел біріншілігінің жүлдегерлері.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
02.09.10.
Мол тәжірибе, қомақты қаражат! Бүгін Алматының бірқатар мекемелері жұмыс тәжірибесі жоқ мамандарды іздеді.
Бармаған жерім, баспаған тауым қалмады. Бұл 20 жасар Айнұрдың сөзі. Жас қыздың өз мамандығы бойынша жұмыс таппай жүргеніне біраз болыпты. Ала жаздай сенделген Айнұрдың айтуынша жұмыс берушілер еңбек тәжірибесі жоқ мамандарға аса зәру емес көрінеді. Дегенмен үмітімді өшірмей, бүгінгі жәрмеңкеге келдім дейді ол.
АЙНҰР БАЙЖАНОВА:
- Мен дәл қазір туризм мамандығы бойынша жұмыс іздеудемін. Осы жәрмеңкеге келуімнің мақсатыда сол. Жұмыс берушілермен сөйлестім, жүздесуге шақырды.
Жәрмеңкеге барлығы 50-ге жуық жұмыс беруші мекеме келіпті. Өз кезегінде олардың 40-ғы жас мамандарға қызығушылығын танытты. Алмалы ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі бастығының айтуынша жұмысқа тартылатын жастар тек тәжірибе жинап қоймай, ай сайын 18 мың теңге жалақы да алатын болады.
ӘМИНА ЕРЖАНОВА:
-Бұл жастар үшін таптырмас мүмкіндік. Өйткені көп мекемелер тек тәжірибесі бар мамандарды алады.
Жәрмеңке бар жоғы 1-ақ күнге созылды. Мамандар өз өтінішін дер кезінде өткізе алмағандарға жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөліміне жолыға алады дейді. Осы жылдың өзінде аталған басқарманың арқасында мыңнан астам жастар жұмыспен қамтылыпты.
|
|
|
|
|
|
|
|
|


 |
|
01.09.10.
Алғашқы қоңырау... Бүгін еліміздің барлық аймақтарында жаңа оқу жылы басталды. Алматының өзінде 159 мың оқушы партаға отырып, 15 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттады. Алғашқы қоңырау үні туралы Гүлбану Әниятқызы.
Алғашқы қоңырау үні бүгін республикамыздың түпкір-түпкіріндегі барлық мектептерде сыңғырлады. Жалпы саны 2 жарым миллионға жуық оқушы партаға отырса, 240 мыңнан астам бүлдіршін тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттады. Алматыдағы білім ошақтары да бұл күні оқушыларға құшағын айқара ашты. Қала әкімі Ахметжан Есімов жаңа үлгіде жабдықталған нөмірі 175 "Жаңа ғасыр" гимназия ұжымын білім күнімен құттықтап, плазмалы теледидар сыйға тартты.
АХМЕТЖАН ЕСІМОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Жастық шақ кезеңде уақытты босқа өткізіп алмай, жазда демалып келдіңдер ғой, енді бар ынтаны білімге салайық.
Бұдан кейін Ахметжан Есімов мектептегі оқу-жаттығу, тәрбие бөлмелерін аралап, оқушылардың өнерін тамашалады. Әкім шаһардағы мектептердің 41 пайызы заманға лайық жабдықталған деген ұстанымда. Мәселен, салынғанына 5 жыл болған "Жаңа ғасыр" гимназиясында 100 компьютер, 7 интерактивті тақта, 3 спорт залы бар. Сондай-ақ мұнда электронды кітапхана мен балаларға үш мезгіл ыстық тамақ беретін асхана да қарастырылған.
МАЙРА ХАСЕНОВА, АЛМАТЫ Қ. №175 "ЖАҢА ҒАСЫР" ГИМНАЗИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:
- Кітапхана да компьютерленген. Мультимедиялық кабинеттер бар, мектепте бейнебақылау қойылған.
Бірінші қыркүйек әсіресе бірінші сыныпқа баратындар үшін маңызды күн. Баласын тұңғыш рет мектепке жетектеп келген ата-аналар үшін де ұмытылмас сәт. Рүстем де өзінің құрдастары сияқты алғашқы қоңыраудың сыңғырын асыға күтті. Қолына әліппені ұстап көрмесе де санау мен оқуды біледі.
Биыл білім саласына қала қазынасынан 30 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Қомақты қаражатқа мектептер күрделі жөндеуден өткізіліп, оқушылар оқу құралдарымен жабдықталды. Жаңа дәуірде білімнің айырықша маңызды екенін айтқан Алматы әкімі алдағы уақытта да білім беру саласына ерекше назар аударылады деп түйіндеді.
|
|
|
|
|
|
|
|
|



 |
|
01.09.10.
Директор мырза неге алдадыңыз? Білім ордасы басшысының сөзіне сеніп, алғашқы қоңырауға қатыса алмадық дейді Төрешевтер отбасының екі бірдей перзенті. Облыстық мектеп-интернаттың басшысы әуелде қабылдаймын деп уәде берген екен. Ал, жеме-жемге келгенде балалар тізімге ілікпеген. Нартай Аралбайұлының бейнематериалы.
Алғашқы қоңырау көңілдерін желпінтіп, білім баспалдағына бастар шақ. Бірақ қайыс портфель мен ақ жиде киіп, алтын ұяның табалдырығын аттау бақыты барлық балаға бұйырмапты.
Интернатқа жетпей жүр талай қазақ баласының кері келді. Айдархан мен Ерхан жалғыз әкелерінің жетегімен таңнан кешке дейін табан тоздырып жүр. Мақсаттары біреу- білім алу. Құлындарым қаңғырмай, оқитын болды-ау деген әкенің жігері құм болды.
ТАЛҒАТ ТӨРЕШЕВ:
- Он біріне келдім, директорға жолықтым, орын табылады деді. Жағдайдың бәрін айттым шешелері жоқ дедім, докуметтері бәрі бар. Ертең балаларыңды алып кел деді, қабылдаймыз деді. Ертеңіне алып келсем секретаршасы директор он күнге кетіп қалған, пока докуметтеріңізді торлай беріңіз деді. Сөйтіп барсам орын тола дейді, болды деп.
Талғат Төрешов нөмірі 15 облыстық мектеп-интернаты туралы айтып жатыр. Білім ордасының басшысы тоғызыншы мен жетінші сыныпқа көшкен ұлдарын қолтықтап, алып-ұшып жеткен азаматқа берген уәдесінде тұрмады.
ТАЛҒАТ ТӨРЕШЕВ:
- Барып сөйлессем орын толып қалған уже, мен барып өткізетінімді өткіздім, алатынымды алдым деді.
Он жыл бұрын аналары тастап кеткен қос перзентін Талғат жалғыз асырап келеді. Талғар ауданының тумасы қазір Шамалғанда нәпақа тауып жүр. Пәтер жалдайды. Ал, Айдархан мен Ерхан болса соңғы екі жылда 4 мектеп ауыстырған. Сандалып жүрген алған білімнің пәтуасы да болмайтынны олар біледі.
АЙДАРХАН:
-Мектептен мектепке көшкен қиын. Үлгерімім жақсы. Сол мектептен көшкеннен кейін нашарлау боп кетті.
Баламның бабы қайткенде болады деп шарқ ұрған әкеге қосылып бізде интернатқа бардық. Әуелінде басшысы орнында болмай, әрең деп тапқанда тұшымды жауап айта алмай састы.
ҚАНАЙ БАТЫРБАЕВ, №15 ОБЛЫСТЫҚ МЕКТЕП ИНТЕРНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Мен отпускідемін, отпускідемін. Мен 26 тамызға дейін командировкада жүрдім бе, отпускідемін.
Еңбек демалысынан енді келдім деп жалтарған директор Талғат Төрешевті көргенде сабасына түсті. Ал, камераны көзі шалысымен бар жауапкершілікті облысқа аудара салды.
ҚАНАЙ БАТЫРБАЕВ, №15 ОБЛЫСТЫҚ МЕКТЕП ИНТЕРНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Мен қазір бұйрықты облыстан алам. Мен қабылдамайтын болсам айтар ем, документ жинамай-ақ қойыңыз деп. Мен бұл кісіге айттым жағдайыңызды түсіндім, документіңіздің алып келіңіз, екі баланы орналастырайық. Бірақ ол 27-сі күні. Ал, менің адамым 25-і күні документті алып кетіп қалған.
Сөзден тайқып, жартылай жетім қос жеткіншекті мектеп партасына отыру бақытынан айырған директор соңында ғана «құжаттарыңызды өткізіңіз, барлығын жасаймын, қабылдаймын» деп салды. Бір рет опық жеген әке, бұл сөзге де сенімсіздікпен қарайды. Ал, мектепке биыл барамыз ба деген күдік басым түскен Айдархан мен Ерхан әкелеріне жалтақтай қарайды.
|
|
|
|
|
|
|
|
|



 |
|
01.09.10.
Біз оқулық жаза алмаймыз. Тәуелсіздік алғанымызға он тоғыз жыл өтсе де Білім министрлігі осы сөзді айта алмай отыр. Сауатсыз кітаптарды оқушылар сынап сотқа беріп жатса да дүбәра дүниелер әлі жарық көруде. Ұстаздар қауымы жұмыс жүйелі түрде қолға алынбаса бұндай былықтан көз ашпаймыз деп отыр.
Енді бес жылдан соң 12 жылдық білім жүйесіне көшеміз. Бұл білім министрінің арманы. Бірақ он тоғыз жылда оңалмаған оқулықтар мен әдістеме құралдарын енді аз уақыттың ішінде көркейтіп жібереміз дегенге көз де, көңіл де сенбейді. Ал, бұл сұрақты министрдің өзіне қойсаң бұрылып алып тартып отырады.
Осы уақытқа дейін жақын шетелдің біраз мұғалімі қазақ баласына кітап жазуды ермек етіп келді. Жұмыстың ортасында жүгіріп жүріп сол еңбекке атсалысқан ұстаздарымыз біздің шенділердің қырғыз-өзбекке неге құмар болып қалғанын түсінбей дал.
ӘЛИЯ СӘРСЕНОВА, 12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕ ФИЗИК ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖАЗҒАН АВТОР, МҰҒАЛІМ:
-Бізде де кемшілік бар. Қырғызстаннан келген автор деп жатырмыз ғой. Бізде де ортамызда 1 қырғыз бар.
-Мен: Деңгейі қалай?
-Төмендеу. Салыстырғанда олардың білім стандарды бізге сәйкес
келмейді екен. Төмен.
-Сонда ол кісіні Қазақстанға арнайы алдыртқан ба?
-Да, арнайы алдыртып отыр.
Біліксіз шетелдіктерді шақырып, үлес беру мәселесіне Оқулық орталығы жауапты. Ондағы басекеңдерге шетелдіктердің көптеп келуі ұнайтын секілді.
САНЖАР БОҚАЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:
-Жылда-жылда кітап шығару ол шенеуніктердің наны десе болады. Бұл мәселені президенттің бақылауына алу керек.
Саясаттанушы сөзінде жан бар. Соңғы жылдары мыңдаған кітаптың сапасынан ши шыққан. Ал, оқулық неге сапасыз деген сұрақтың жауабы оңай табылды. Өйткені ол ермекке айналған. Екінші сыныпқа арналған ана тілінен республикалық басылымдардан көшіріп алына салған құлаш- құлаш мақалаларды көруіміз де содан.
СҰЛУШАШ ЖОЛЫМБЕТОВА, БИОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ,ОҚУЛЫҚ АВТОРЫ:
-Оқулық бізде өте асығыс жазылады. Бүгін айтады «жаз», ертең бітіру керек. Талқылау жоқ. Сынақтан дұрыс өтпейді. Мына мектепте сынақтан өтеді дейді ол өтіп жатыр ма, оны ешкім білмейді. Ол шын өтірік емес.
Бірақ қазақ баласының көрері әлі алда сынды. Оңалмаған оқулық мәселесіне енді Ресей араласады. Одаққа кіргендер кейбір пәндерді ортақ ережеге сай жазып шықпақ. Тағы да тәжірибе. Тағы да қыруар қаржы. Ал, тәуелсіздігі жиырма жылға жетіп қалған елдің дүбәраға айналған ұрпағының обалы кімге? Әлі күнге дейін білімнің іргетасын қалай алмауымыз қоғамымыз шегіп отырған ең үлкен қасірет.
|
|
|
|
|
|
|
|
|


 |
|
01.09.10.
Елбасы бүгін Астанада ашылған мәдени-тарихи кешенде оқушыларымен кездесті. Елорда қарадомалақтарға білім күніне тарту есебінде екі мектептің құрылысын аяқтапты.
Айгүл Жұмажанқызы.
«Мыңжылдықтар тоғысындағы Қазақстан». Диорамалық павильонда Қазақстан аумағында алғашқы адамның пайда болған кезінен бастап, бүгінгі күніне дейінгі ел тарихының маңызды кезеңдері көрсетілген. Мысалы, мынау - Бозоқ қалашығы. Ортағасырлық қаланың қирандылары Астанадан 5 шақырым жерден табылыпты. Осындай тарихи оқиғалар суреттелген көріністерді Президентке таныстыруға 4 мектеп оқушысы Сырым да ат салысты. Алғыр бала Елбасымен әңгіме-дүкен де құрды.
СЫРЫМ ӘУЕЗХАН, №4 МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ:
-Ол кезде ол менің тегімді сұрады, өзіңмнің орта жүз, ал анамның ұлы жүз, ал менің атым Сырым. Сырым батыр кіші жүзден болғандықтан, өзімнің үш жүздің басын біріктірген нағыз қазақ екенімді айттым.
Жарты шеңбер түрінде жасалған картиналар көрерменге оқиғаның тап ортасында жүргендей әсер қалдырады. Еліміздің белгілі суретшілерінің еңбектерінен алынған «Аңырақай шайқасы», «Ұлы Жібек жолы», «Алтын Орда» секілді көріністер кешеннің төрінен орын алған. Елбасы бұдан әрі астаналық оқушылармен кездесіп, ақылын да айтты, оларды табанды болуға шақырды.
СҰЛТАН ӨТЕБЕКОВ, «АТАМЕКЕН ПАТРИОТТАРЫ» КЛУБЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
-Осы кездесуден алған әсерімді айтсам, көптеген жан-дүниеме қажетті ұмытылмайтын әсерлер алдым. Елбасының сөзі қатты ұнады. «Жас кезде бәрін біріктіріп жүрулерің қажет. Білім, оқу спортты да»
РОЗА ЫСҚАҚ, №15 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ ОҚУШЫСЫ:
-Мен ол кісіге және барша қазақ халқына арнаған «ел деймін, отан деймін» өлеңімді айтқан кезде, мен үшін бақыт болды. Ол кісінің маған «ақын екенсің» дегені құлағыма әсерлі болды.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
01.09.10.
Қытай мен Қырғызстанда тігілген мектеп формалары балалардың денсаулығына залал келтіреді. Санитарлық -эпидемиологиялық басқарма осындай ұстанымда. Ауа өткізбейтін матадан тігілген киім баланың ойлау қабілетіне және ақпарат қабылдауына айтарлықтай кесірін тигізеді дейді мамандар. Сондай-ақ, бұл киімдерден балалардың денелері бөртіп, түрлі ауруларға шалдығуы мүмкін. СЭС мамандары екі елде шығарылатын мектеп формалары санитарлық талапқа сай емес дейді.
|
|
|
|
|
|
|
|
|

 |
|
01.09.10.
Алматыда тағы бір балабақша ашылды. Бүгін Әуезов ауданы аумағында мектеп жасына дейінгі тағы бір мекеме жұмысқа кірісті. Бұл Елбасының кәсіпкерлерге берген тапсырмасы бойынша ашылған жекеменшік балабақшалардың бірі. Салтанатты рәсімге қала әкімі Ахметжан Есімов арнайы келіп, жағдаймен танысты.
50 балаға арналған бүлдіршіндер мекені хан сарайынан кем емес. «Өркен» балабақшасында 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді. Бір топта 10 бүлдіршіннен болады. Ата-аналарға ыңғайлы жағдай да жасалған. Мекемеден бөлінген көлік таңғы сегізде балаларды үйлерінен алып кетіп, кешке жеткізіп тастайды. Мекеме қызметіне жүгінгендер орташа есеппен сексен мың теңге төлейді.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
01.09.10.
Жол полициясы оқушылардың қауіпсіздігін қадағалауды қолға алды. Бүгінен бастап мектептерде жол жүру ережелерін үйрету шаралары басталды. Дәрістер бір апта бойы жүргізіледі.
Әсіресе сабақ арасындағы үзілісте оқушылар жапа-тармағай дүкенге жүгіретіні рас. Көпшілігі көшені белгіленбеген жерден кесіп өтуге құмар. Қайғылы оқиғалардың жиілеуін жол сақшылары осымен байланыстырады. Жалпы, жыл басынан бері шаһарда 202 бала жол апатынан зардап шегіп, 4 оқушы көз жұмған.
АҚБОТА ӘЗІРБЕКОВА, ЖПБ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
- Алматыда 500 мыңнан астам көлік бар. Сондықтан да сақ болыңыздар дегіміз келеді.
|
|
|
|
|
|
|
|
|



 |
|
31.08.10.
Алматыда жанып кеткен 12 пәтер үш апта ішінде қалпына келтіріледі. Бүгін басшылар далада қалған халыққа осындай уәде берді. Ал, уақытша қонақ үй мен туысқандарын паналаған тұрғындар көресіні тілсіз жаудан ғана емес, өрт сөндірушілерден де көрдік деп күйініп отыр. Гүлбану Әниятқызы әңгімелейді.
"Жұлдыз" ықшамауданындағы баспаналары өртеніп кеткен 43 тұрғын бес күннен бері мектеп асханасынан тамақ ішіп, қонақ үйлерде түнеп жүр. Әзірге Түрксіб ауданы кәсіпкерлері зардап шеккендердің әрқайсысына 20 мың теңгеден көмек беріпті. Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған сегіз қабатты үйді қалалық құрылыс басқармасы қабылдап алған. Тұрғындар тұрғызылғанына екі жыл ғана болған баспананың төбесінен су сорғалап, электр тоқтары ашық-шашық жататын дейді. Өрттің қаулауына осы түрткі болды деп шулап қоя берді жұрт.
АЙНҰР ӘЛИ, ТҮРКСІБ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
- Барлық көршілеріміз айтып жүретін проводтар ашық. Бірақ ешкім келіп шешкен жоқ. Стеналар ашық. Су ағатын.
Қазір осы баспананы тұрғызған "СК Ком Снабстрой" құрылыс компаниясы өртенген үйді үш аптаның ішінде қалпына келтіруді мойнына алды. Кешеден бері астынғы қабаттағы пәтерлерге газ бен жарық берілген. Ал, өрттің шығу себептерін Алматы әкімі Ахметжан Есімовтің тапсырмасы бойынша құрылған комиссия тексеріп жатыр. Шаһар басшысы кінәлілерді қатаң жазалауды тапсырған.
ТАҢАТ АЙДАРБЕКОВ, АЛМАТЫ Қ. ТҮРКСІБ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
28 күні қала әкімі тьапсырма берген. ГАСК бәрі қарап жатыр. Шара қолданылады.
ГҮЛШАТ ДӘУРЕНБЕКОВА, АЛМАТЫ Қ. ТЖ БАСҚАРМАСЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
- Өрттің шығу себебі үйлердің төбелері дұрыс салынбаған. Бетоннан салынса, тез жанбас еді. Мансарды тез жанатын материалдан салынған.
Ал, тұрғындар көресіні өрт сөндірушілерден көрдік деп күйініп отыр. Оқиға орнына жеткен мамандар екі сағат бойы су жоқ деген сылтаумен тілсіз жауды уақытында өшірмеген. Ең сорақысы, олар жұрттың жалыннан жанбай қалған заттарын иеленіп кеткен көрінеді.
БЛИЦ
- Қаладан үш машина келгенше осында жүрді. Сол моментті пайдаланып, өртенген үйдің заттарын ұрлады.
- Екінші күні келдім, аман заттарым қалды ма деп, залдың жартысы жанған, бірақ заттар балқыған. Ал, телевизор жоқ. Арақтар ішкен.
Алайда төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындардың бұл шағымдарын жоққа шығарды. Өрттің шығу себептерін жариялауға да асықпай отыр. Әзірге тілсіз жаудың зардабынан халық қанша шығынға батқанын да есептеп жатқан ешкім жоқ.
|
|
|
|
|
|
|
|
|


 |
|
31.08.10.
Алматы қаласы әкімдігі тарту еткен пәтер Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың меншігіне өтетін болды. Ахметжан Есімов өз қабылдауында болған боксшыға үйді толыққанды жекешелендіріп беретінін жеткізді.
Серік Сұлтанғазы.
-Осыдан 2 жыл бұрын Бейжің олимпиадасының шаршы алаңында қарсыластарын шаң қаптырған былғары қолғап шеберіне Алматы қаласының әкімдігінен Ақсай ықшам ауданына қарасты үйлердің бірінен 3 бөлмелі пәтер сыйға тартылған болатын.Осы даулы мәселе қоғамда үлкен пікірталастар тудырған еді.
Бұл 2008 жылғы бейнекөрініс. Қала әкімінің орынбасары Бейжің Олимпиадасынан олжалы оралған Бақытқа баспаналы болғанын жеткізген сәт. Алайда осы тартудың біраз сергелдеңге салатынын Сәрсекбаев сол кезде аңдаған да жоқ. Жаңа қоныста өмір бойы тұрғанымен жекешелендіруге де, күрделі жөндеуден өткізуге де жеңімпаз хақысы жоқтығын білмеді. Сыйға берілген үйді жаңашалаймын деп жазықсыз үйінен қуылған Сәрсекбаевтың жігері құм болды. Баспананың басыбайлы берілмегеніне кейіген боксшы бұл мәселені шешіп беруді сұрап, Ахметжан Есімовке хат жолдаған еді. Өтініші аяқ асты қалмады.
«Баспанасы басына бәле болып жабысқан Бақыттың мәселесі енді ғана өз шешімін тауып жатқан сыңайлы». Бұған дейін шенділер пәтерді жекешелендіру үшін Бақыттан 6 млн. теңге талап еткен болатын.
СЕРГЕЙ КУЯНОВ, АЛМАТЫ ӘКІМДІГІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
«Біз олимпиада жүлдегерімен ортақ мәмілеге келдік. Ол әкімнің жеке қабылдауында болып, баспананы жекешелендіруге қаражаты жоқтығын айтты. Осыған байланысты пәтердің келісілген құнын төлеу үшін демеушілер тартылды. Біз өз кезегімізде үйдің құжаттарын жедел түрде рәсімдеуді қолға алдық»
Осылайша қала әкімі Қазақтың мәртебесін асқақтатқан азаматқа тиесілі тәбәрігін толығымен берді. Бақыттың шаңырағында әкесі бар екен. Әубәкір ақсақал Рамазан айында игі хабардың жететінін жүрегі сезгенін айтады. Енді Астанада дайындықта жүрген ұлы еш уайымсыз жарысқа түссе екен деп тілейді.
ӘУБӘКІР СЕРСЕКБАЕВ, БАҚЫТТЫҢ ӘКЕСІ:
-Бұған дейін 6 ай, 1 жыл деп созбақтап келді ғой, енді уәде берген азаматтарға сенім артамын. Ат салысқан жандарға рахмет айтамын.
Пәтерін жекешелендіру жеңілге түспеген Бақыт енді алдағы Лондон олимпиадасына бар күшін салатынын қадап айтты. Телефон арқылы. Оның арманы қазақ байрағын тағы да көкке көтеріп, Әнұранды әуелету.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
31.08.10.
Бірқатар үлескерлердің үлесіндегі баспана құрылысы биыл аяқталады. Мемлекет салынып бітпеген 111 нысанның сексен сегізіне қаржы құйып, осы жылы пайдалануға бермек.
Бұл мәліметті Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жөніндегі агенттіктің төрағасы Серік Нокин жариялап отыр. Дерекке сәйкес былтыр қазына қаражатының арқасында 6,3 миллион шаршы метр баспана ел игілігіне берілген. Биыл да көлемі 6 миллион шаршы метрден асатын тұрғын үйдің құрылысы аяқталмақ. Осылайша, Астанада 55 нысанның, Алматыда 10, ал еліміздің өзге өңірлеріндегі 23 үйдің тұрғындары биыл қоныс тойын тойламақ. Сондай-ақ, Нокин мырза халыққа жағымды тағы бір жаңалықтың ұшын шығарды. Айтуынша, биыл мемлекет қалтасы орта жұртшылыққа арналған үйлердің құрылысын бастамақ. Мұндай баспананың шаршы метрі 600-900 доллар аралығында.
|
|
|
|
|
|
|
|
|


 |
|
31.08.10.
Еліміздегі жалғыз госпиталь құрдымға кетуі мүмкін. Ардагерлер осылай ашынып отыр. Олар емдеу орталығы орналасқан шұрайлы жер біреулердің көз құртына айналған деген ұстанымда. Ал, мекеме басшылығы ниетіміз түзу, тек жылдар бойы жөнделмеген госпитальді бұзып, қайта саламыз деген уәж айтады. Тақырыпты Меруерт Төленова жалғастырады.
Ардагерлерді емдейтін еліміздегі жалғыз госпитальдің есігі 1 қазаннан бастап тарс жабылады. Денсаулық сақтау министрлігі мұнда науқастарды қабылдауға тыйым салған. Құзырлы мекеменің айтар уәжі де бар, жер сілкінсе демалыс орны опырылып түсуі мүмкін. Әзірге науқастар тұрғылықты жері бойынша өзге ауруханаларға жіберіледі. Алайда олар бұл әрекет ақылға сыйымсыз деген ұстанымда.
ӘБУБӘКІР ҚАЙНАЗАРОВ, ЧЕРНОБЫЛЬ АРДАГЕРІ:
- Бізде облучение бар, ранение бар, оны басқа жерлер лечить ете алмайды.
ӘМІРБЕК ТӨГІСОВ, АРДАГЕР:
-Әне жерге 10 адам, мына жерге 10 адам деп таратып жібермек. Өздерінің сметасы да ештемесі дайын емес, өтірік.
Тау баурайындағы 11 гектар жерді алып жатқан госпиталь 1963 жылы салынған. Мұнда соғыс ардагерлері, Черно¬быль апаты мен Семей полигонынан зардап шеккендер және олардың отбасы мүшелері шипа іздеп келеді. Қазір ауруханада елдің әр облысынан келген 100-ден астам науқас ем қабылдауда. Госпиталь жабылса, басқа барар жеріміз жоқ» - дейді олар.
РАХЫМ-ҚАЖЫ ӘБДІҚАДЫРОВ. ЧЕРНОБЫЛЬ ЖӘНЕ СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІ ОДАҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
-90 жылдары Храпунов госпитальдің 16 гектар жерін тартып алды. Ал, 94-95 жылдары емханамызды жаңасын салып береміз деп ескісін бұзып тастады. Одан кейін ешкім ештеңе салған жоқ. Сондықтан біз жаңа орталық салып береміз дегенге біз сенбейміз. Ауасы таза, табиғаты әсем болғандықтан бұл жерге біреулердің көзі түскен.
Осыдан бір ай бұрын мекемені тексерген төтенше жағдайлар мамандары мұнда науқастарды қабылдау қауіпті, жер сілкінсе ғимарат құлайды деген ұйғарымға келіпті. Биыл наурызда болған 2 балдық жер сілкінісінде аурухананың едендері жарылып, қабырғалары қақырап кетіпті. Госпиталь басшылығы министрліктің шешімін орындамасқа амал жоқ дейді.
МАРҒҰЛАН ШӘКІРОВ, "ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ГОСПИТАЛІ" РМКК БАСТЫҒЫ:
-Бұзылған госпиталь орнына 260 орындық орталық салынады. Ал, дәрігерлер мен мейірбикелер жұмыссыз қалмайды. Оларды министрлік жан-жаққа жұмысқа жібереді.
Госпиталь басшылығы жаңа ғимаратты қашан салып бітіретінін әзірге айтпай отыр. Алдын ала есептеулер бойынша нысанның құрылысына кемінде 6,5 млн. доллар қажет. Әзірге бұл қаражаттың бір бөлігі де жоқ.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
31.08.10.
Қарағанды облысында Н5451 бөлімінің сарбазы аяқ астынан көз жұмды. Әскери борышын өтеп жүрген жігіт сапта тұрған жерінде жүріп кеткен. Прокуратура бұл оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартып отыр. Әзірге белгілісі марқұмның бар болғаны 23 жаста екендігі. Сараптама сарбаздың жүрек талмасынан қайтыс болғанын көрсеткен. Алайда марқұм бұған дейін денсаулығына байланысты бірде-бір рет шағым жасамапты.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
31.08.10.
Әлем тарихында бірінші рет Қара жорға мереке ретінде Қытайда атап өтілді. Салтанатты шара Шыңжаң Алтай аймағына қарасты Шіңгіл ауданында ұйымдастырылған. Тойда арнайы дайындалған 1000-нан астам биші «Қара жорға» биін биледі. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін дәл осы елдегі қандастарымыз Гиннестің рекордтар кітабіна енген болатын. Ол кезде әр ұлт өкілдерінен құралған 13 мың 288 адам бір мезетте "Қара Жорға" биін билеп, бүкіл әлемді таң қалдырған еді. Қазақтың ұлттық биі Қытайдың ең таңдаулы 12 туындысының қатарында екенін де айта кету керек. |
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
31.08.10.
Ақмола облысы Ерейментау қаласының әкімі өз өзіне қол жұмсады. Ішкі істер департаментінің дерегіне сәйкес, 39 жастағы Мұрат Абдулин гаражда асылып өлген. Марқұмның мұндай әрекетке баруына не түрткі болғаны әзірге белгісіз. Шенеунік өлер алдында ешқандай хат та қалдырмапты. Қайғылы жағдайға отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін деген де жорамал бар. Бұған дейін әкімнің қызметіне қатысты да ешқандай сын болмаған.
|
|
|
|
|
|
|
|
|


 |
|
31.08.10.
«Біздің зейнетақы қорымызға ауыссаңыз, сыйақы береміз! Біздің беделіміз басқаларына қарағанда жоғары!» Еліміздің зейнетақы қорлары осындай жалған жарнамамен салымшыларды алдамақ болған. Дегенмен олардың әрекеттері дер кезінде әшкереленді. Тақырыпты Олеся Николаева жалғастырады.
Қазіргі таңда елімізде 13 зейнетақы қоры бар. Солардың ішінде «Ұлар Үміт» пен «Республика» зейнетақы қорлары Бәсекелестікті қорғау агенттігінің қырына ілігіп отыр. Осы мекемелерге қарсы бәсекелестері арыздарын қарша боратыпты. Инспекторлардың айтуынша, «Республика» жинақтаушы қоры салымшыларына басқа зейнетақы қорларының мәртебесін түсіретін жалған ақпарат таратады екен. Бұл әрекет «Бәсекелестікті қорғау» заңына қайшы келеді.
ЖАНДОС БОЛАТБЕКОВ, БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ АГЕНТТІГІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
-Басқа зейнетақы қорларымен салыстырып көрсеткен. Басқа қорлардың әлсіз жерлерін бөліп айтып, өз көрсеткіштерін жоғарылатып берген.
Ал, «Ұлар Үміт» қоры болса, 2008 жылғы дағдарыс кезінде шығындарды өз капиталынан өтеген жалғыз қор деп жалған ақпар таратқан.
ЖАНДОС БОЛАТБЕКОВ, БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ АГЕНТТІГІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
-Бұл жайтты тексергенімізде, шығындарды өз капиталынан өтеген басқа да қорлар анықталды. Яғни «Ұлар Үміттің» берген ақпараты жалған болып шықты.
«Ұлар Үміт» пен «Республика» қорларының басшылары бұл жағдайға қатысты түсініктеме беруден бас тартты. Ал, кейбір зейнетақы қорлары болса салымшыларды өздеріне тарту үшін қосымша 3 пайыз сыйақы береміз деп алдаған. Алайда сарапшылар мұндай жалған сөзге елітіп, күйіп қалмаңыздар деп ескертеді халықты.
АЛЕКСЕЙ КИМ, «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ХЗҚ» АҚ БАСҚАРМАСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
-Бұл өтірік, басқа зейнетақы қорына өткен кезде табыс емес, шығынға ұшырайсыз. Ауысқан кезде жиналған қаржыңыздан 0,05 пайыз көлемінде қаржыңызды жоғалтасыз.
Осылайша заңсыздықтар әшкереленген қорлардың әрқайсысына 1500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған. Алайда, аталған мекемелер бұл шешіммен келіспей, қарсы шағым түсірген. Бұл істің түйінін әкімшілік сот шығарады.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
31.08.10.
1 қыркүйектен бастап қаламыздың бірқатар бөлігінде жарық болмайды. "Алатау Жарық компаниясының" хабарлауынша бұған жөндеу жұмыстары түрткі болып отыр.
№ 9 Су Электр Станциясындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты компания қаламыздың бірқатар аудандарында электрэнергиясын уақытша өшіре тұрмақ. Атап айтқанда, ток Алатау ауданының Набережный мен Мостовай, Менжинский мен Больничный көшелері аралығындағы тұрғын үйлерде, сондай-ақ қала сыртындағы саяжайларда болмайды. Жарық таңғы сағат 8-ден кешкі сағат 8-ге дейін сөндіріледі. «Алатау Жарық» компаниясы уақытша ыңғайсыздықтар үшін тұрғындардан алдын ала кешірім сұрап отыр.
|
|
|
|
|
|
|
|
|

 |
|
31.08.10.
Алматының ауыз суы сын көтермейді. Бұл тіршілік нәрін арнайы сүзгіден өткізетін құрылғыларды сатуды бизнеске айналдырғандардың пікірі. Алайда, «Алматы су холдингі» басқа аймақтармен салыстырғанда Алматының суы анағұрлым таза деген ұстанымда. Тек тозығы жеткен құбырларды ауыстырсақ болғаны.
Әнуар екі жылдан бері суды тазалайтын құрылғыны сатумен айналысады. Бұл да бизнестің бір көзі. Еуропа мен Қытайдан әкелінетін құрылғының бағасы 7 мыңнан 70 мың теңгеге дейін барады. Шүмектен ағып тұрған суға көңілдері толмайтын тұрғындар бағасына емес, сапасына көңіл аударады. Сондықтан осы қондырғыға соңғы жылдары сұраныс арта түскен.
МАРАТ:
-Көптеген тұрғындар шағымдар түсіріп, таза су ішу үшін біздің сүзгіге жүгінеді. Менің байқағаным қаламыздың жоғарғы бөлігінде биыл осы қондырғыға сұраныс көп болды. Біз оны орнатып берген соң адамдар алғыстарын жаудырып жатады.
Ал, «Алматы су» холдингі мамандары қаламыздағы су басқа өңірлермен салыстырғанда айтарлықтай таза деген ұстанымда. Себебі, халық тұтынатын тіршілік көзінің басым бөлігі тау мұздықтары мен өзендерден алынады. Олар арнайы стансаларда бірнеше тазалаудан өткен соң ғана тұтынуға беріледі. Екі жылдан бері мекеме суды зиянды заттардан тазалаудың жаңа тәсіліне көшкен. Олар суды залалсыздандыру үшін сұйық хлордың орнына гиплохлорид натриді қолданады. Оның бір ұтымды тұсы қауіпсіздігі дейді мамандар.
МҰРАТ ЖОЛДЫБАЕВ, «БАСТАУ» ЕМКК КӘСІПОРЫННЫҢ БАС ИНЖИНЕРІ:
-Ерекшелігі ол қауіпсіз. Біздің тұтынушыларға кетіп жатқан сулардың сапасы госқа сай және біздің қала халқы үшін және осы мекемеде істейтін жұмысшылар үшін бұл
өте қауіпсіз әдіс деп есеп тейміз.
Су күнделікті тексеруден өтеді. Оның сапасына кепілдік бере аламыз дейді мамандар. Дегенмен таза су тұтынушыға тозығы жеткен құбырлар арқылы барады. Егер оларды ауыстырса халық қаржысын құртып, су тазалаушы сүзгіге жүгінбес те еді дейді мамандар.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
31.08.10.
«Абайлаңыз, балалар!». Жаңа оқу жылының басталуына қатысты қолға алынған шараға қаламыздың тәртіп сақшылары толықтай тартылды.
Жалпы, жыл басынан бері шаһарда оқушыларға қатысты 202 жол апаты тіркеліп, 4 бала қайтыс болған. Осыған байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтіліп отыр. 9 қыркүйекке дейін жол полициясы қызметкерлері мектептерде арнайы дәрістер өткізеді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары орта білім беретін 180 мекеменің маңайын бақылауға алады.
|
|
|
|
|
|
|
|
|

 |
|
Ата Заңымыздың 15 жылдық мерейтойын қаламыздағы спорт сүйер қауым өзінше атап өтті. Демалыс күндері ұзын саны 100-ге жуық спортқа жаны құмар қалалықтар велосипедтерімен алып шаһардың ең үлкен даңғылымен жүйткіп өтті.
Таң бозынан тұрғындар Әл-Фараби даңғылына ерте жетті. Көліктерін қамдап, жолға жөңкілуге дайын тұр. Бұл жерде спортшы, жас немесе кәріге бөлінбейді. Қала әкімі де велосипедті тақымдап мінді. Басшының бас болуы баршаға дем берсе керек, жүруге рұқсат берілісімен велосипедшілер іркілместен жүйткей жөнелді.
Алқынып жеткен велосипедшілер саябақ алдына жеткенде қаз қатар тұра қалды. Дәстүрге айналған велошеруге қатысушылардың біртіндеп саны артқаны байқалады. Алматының басқадан бәсі басым екенін айғақтаған спортшыларға қала әкімі алғыс айтып, алда да салауатты өмір салтын сақтауға жіті назар аударуды назарларына салды.
Егемен еліміздің бас құжатының мерейтойына арналып өткен велошеру көпке үлгі. Жанарларынан жасын ұшқындаған жастар үшін дәстүрлі велосипедшілер шеруі тағы бір игі шарамен толықты. Енді әр апта сайын өтетін сайыс соңында мәреге жеткен веловипедшілерді аты аңызға айналған спортшылар күтіп алатын болады.
Ең жас әрі егде спортшылар мадақталып, қала әкімінің қолынан құнды сыйлықтар алды.
Велосипедті серік еткен спортшылар бүгін тағы бір желпініп қалды. Енді спортшылар жарысқа туған қалаларының атымен, бай тарихы суреттелген киім үлгісін кимек. Айта кетерлігі, аталған спорттық киім үлгісі велошеруге қатысқан әр спортшыға тегін беріледі.
Велосипедшілер шеруінің соңы естелікке суретке түсумен тәмамдалды. Қос дөңгелекті көліктің иелері жүздескенше деп тарқасты.
|
|
|
|
|
|
|
|
|


 |
|
31.08.10.
Жаманатқа қалғыңыз келмесе көшеге қоқыс тастамаңыз.. Ертеңнен бастап Алматыда "Таза қала" акциясы басталады. Шаһардың көркін құртқан кез келген тұрғынның бейнесі теледидардан көрсетіліп, баспасөзге басылады. Жергілікті билік Алматының ажарын кіргізу үшін осындай әрекетке барып отыр.
Нартай Аралбайұлы.
Тірлігі тымырсық, алқынған алып қаланың тазалығы таптаурын тақырып. Тұрғындардың туған шаһарға жаны ашымайды. Биылдың өзінде, көшені ластауға қатысты 8092 әкімшілік хаттама толтырылған. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 5 млн. 717 мың теңгеге жетіпті. Бұл тек әшкереленгендері ғана, ал, істі жылып жауып қойғандары қаншама.
Ал, көшеге қоқыс тастап, жол полициясы ізіне түскенде түк білмегендей сынай танытатындар жетерлік.
Мына азамат көлігінен қоқыс тастағаны былай тұрсын, тәртіп сақшыларына тәртіпсіз тіл қатып тұр. Не үшін қаланың тазалығына сызат түсіргенін айта алмай әлек.
Көшені ластайтындар көбінесе темір тұлпарды тізгіндеген қыз-келіншектер екен. Жүргізуші ер азаматтарды рейд жүргізгенде сабасына түсіреміз дейді полицейлер. Ал, нәзік жандар жол полициясының ескертуін елемейтін көрінеді. Қаланы ластағаны таспаға басылса да, аптығын баспай, беттен алады.
Тәртіпсіздікке барғандарын лезде түсініп, келесіде қайталамауға уәде беретін адамдар да бар. Алайда тағы бір рет сөзден тайса жүргізуші куәлігінен қағылады.
Полицейлердің қолынан келетіні мөлшері 816 теңге айыппұл салу ғана. Енді ақшаны төлеп, қайтадан қырсық қылығына басатын қалалықтарды жүгендеудің жаңа бір жолы табылды. Ұсынысты шаһар басшысы алға тартып, жол полицейлері қос қолдарын көтеріп қолдады. Ертең басталатын «Таза қала» шарасының алғашқы шарты кез келген жерге қоқыс тастаған тұрғынның атын шығару. Теріс қылыққа басқан қалалықтардың есімі енді күнделікті баспа бетіне басылып, теледидардан көрсетілетін болады.
Жергілікті билік бұл шараға амалдың таусылғанынан барып отыр. Өйткені аз ғана айыппұлды төлей сап, ертеңіне қала көркін қайта құртатындардың саны артып барады. Егер теледидардан жаманатқа қатысты жарқылдағыңыз келмесе көшеге қоқыс тастауды қойыңыз.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
31.08.10.
Құқық қорғау орындарының қала тұрғындарына арналған тартуы. Ата заңның 15 жылдығы құрметіне орай Іле-Алатау саябағында жиналған заң қызметкерлері бұрын-соңды болмаған сенбілік ұйымдастырды. Шара барысында олар 4 тоннаға жуық қоқыс жинап, саябаққа өз қолдарымен 20 қоқыс жәшігін орнатты.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
26.08.10.
Бүгін Алматыдағы Жетісу ауданында жер үй өртеніп, 5 адам қайтыс болды. Тілсіз жаудан тіл тартпай кеткендердің арасында 4 жасар бүлдіршін мен жөргектегі сәби бар. Таңғы бесте басталған өрт кезінде үйдегілердің барлығы шырт ұйқыда жатса керек.
Айналасы жарты сағат ішінде жер үйді күлге айналдырған қызыл жалынның неден шыққанын ешкім дөп басып айтқан жоқ. Мамандар тек күн райының күрт салқындауынан баспана тұрғындары от жаққан болар деп болжам жасауда. Ал көршілердің айтуынша, түнде отбасында жанжал болған. Әрі бұл үйде ішімдікке құмар жандар жиі бас қосатын көрінеді. Абырой болғанда, өрт сөндірушілер газ баллонын дер кезінде сыртқа шығарып үлгерді. Әйтпегенде, маңайдағы өзге тұрғындар да жапа шегетін еді,- дейді мамандар. Қазір тілсіз жаудың неден тұтанғаны анықталып жатыр.
|
|
|
|
|
|
|
|
|



 |
|
26.08.10.
Бүгін 4 журналист абақтыға қамалды. «Сенім.Білім.Өмір» атты қоғамдық бірлестікке қатысты сот отырысы болады деген сыбысты естіп Алмалы ауданының сотына жеткен тілшілерді полицейлер ештеңе түсіндірместен уақытша ұстау изолятрына тоғыта салған.
Нартай Аралбайұлы.
Журналистер Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінде 3 сағатқа жуық отырыпты. Әріптестеріміз ештеңе ұға алмай дал. Форма киген азаматтардың ешқандай заңнан қорықпайтынын ғана түсіндік дейді.
НҰРАДДИН САДЫҚОВ, «ЖОЛ САҚШЫСЫ» ГАЗЕТІ БАС РЕДАКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Сот ғимаратына кірген бетімізде сол жерден ұстап алып кетті. Біз талап еткенбіз, бірақ мүмкіндік болмады. Өздерінің тарапынан өздерін таныстырмады. Яғни төсбелгісінде сұраған болатынбыз нөмірін. Ешкім ешқандай таныстырмады.
ҚУАНЫШБЕК ҚАЛИ, "АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ" АЛМАТЫ БЮРОСЫНЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ:
- Бізді Алмалы аудандық ішкі істер бөліміне алып келік тексеруден өткізіп, бүкіл заттарымызды тексеріп. Жазып алған жазбаларымызды өшіртіп қызмет бабындағы. Саусақ таңбаларын алып енді ғана босатып отыр. Ешкім ештеңе түсіндірген жоқ.
Осылайша қызметімізді атқарамыз деп қылмыскердің күйіне түскен журналистер бұл процестің қылмыстық не болмаса әкімшілік іске орай жүргізіліп жатқанын да анықтай алмапты. Оларды отырыс біткенше орындарынан тапжылтпаған полицейлер болса үш сағаттан соң, яғни процесс аяқталғаннан кейін жібере салған.
СӘКЕН КӨКЕНОВ, «АЛАШ АЙНАСЫ» ГАЗЕТІНІҢ ТІЛШІСІ:
- Біз сот қызметкерлерінен болып жатқан процеске кіруге рұқсат сұрауға келген болатынбыз. Сотқа жолатпай барлық журналистерді, қандай да мақсатпен сотқа жолатпау үшін журналистерді және сот маңындағы адамдарды құқық қорғау орындары алып кетті. Яғни сотты жасырын жүргізу керек болғандығы анық байқалып тұр. Сот біткеннен кейін жібергісі келді журналистерді барлығын. Бізді жібергеніне қарағанда сот бітті деп ойлаймыз.
Бұл не құпия. Журналистерді жауып қойып, жүргізілген істің ұшығын табу қиынға соқты. Абақтыдан әзер шыққандар судья Гүлжахан Шыныбековаға хабарласпақ болған.
ШУ:
-Комментарий ешкім бермейді дейді. Сот өтіп кеткен. Судья занят дейді.
Сонымен бұл іс бас мекемесі Семейден тіркелген «Сенім. Білім. Өмір» бірлестігіне қатысты ма жоқ па, қылмыс па әлде әкімшілік жауапкершілікке салғырт қараудың салдары ма - анықталмады. Прокуратура да, полиция да, басқа орындар да Алмалы ауданының соты не мәселенің сорпасын сапырғанын айта алмады. «Азаттық» радиосы «Сенім. Білім. Өмірдің» айналасын шолып шығып, судья Сматулла Мағсұмның мәселесін қарапты деген тағы бір тұспалды жариялады. Кезінде зікіршілер атанған діни топтың тақсыры не бүлдіргенін анықтай алмадық. Бірақ, бүгінгі оқиғадағы басты мәселе бұл болмаса керек. Қазақстан полициясы көңіліне жақпағанды қамай салатын әдет шығарыпты. Ең құрығанда себебін де түсіндірмейді.
АЛМАЛЫ АУДАНЫ ІІБ КЕЗЕКШІ БӨЛІМІ
-Ничего не могу обьяснить. Позваните. Такой же номер последней 09. Начальник общественной безопасностей.
Сілтеме жасалған басшының тұтқаны алмағанын біз айтпасақ та біліп отырған шығарсыздар. Ағымдарға қатысты мәселені ашық айтып, жұртқа жеткізіп отырудың орнына есікті тарс жауып алған соттың түсініксіз тірлігін былай қоя тұрайық. Ел естімеуге тиіс бір сыр бар шығар. Ал, оқиға орнына елпеңдей жеткені үшін үш сағат абақтыда отырған журналистердің мәселесі біздегі демократияның қалай дамып бара жатқанын көрсетсе керек.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
26.08.10.
Конституцияның 15 жылдығына орай, сотталғандарға рақымшылық жасалмайды. Әділет министрлігінің ресми өкілі Ерболат Ерімбет бүгін осылай дейді.
Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың басында Әділет министрі Рашид Түсіпбековтің өзі амнистия жариялаудың қажеттігін айтқан болатын. Оның сөзінше, рақымшылық жасау арқылы сотталғандарға жұмсалатын бюджет қаржысын қысқартып, түзету мекемелеріндегі адам санының азайтуға болады деген еді. 2010 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, елдегі түрмелерде жалпы-саны 63 445 мың адам отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бес мыңға көп.
Әділет министрі Рашид Түсіпбековтың рақымшылық жасау туралы бастамасы не себептен қолдау таппағанын министрліктің ресми өкілі түсіндіріп айтқан жоқ.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
26.08.10.
Көше былғасаң көпке таныласың. Ахметжан Есімов қала тазалығы үшін күресті күшейтіп, ластағандарды қатаң жазалауды тапсырды. Қыркүйек айында басталатын «Таза қала» шарасының алғашқы шарты кез келген жерге қоқыс тастағандарды танымал ету. Әкім бірінші боп көше былғаған жүргізушіні, жүргіншіні, әйелді газет-теледидар арқылы жұртқа көрсетуді ұсынды. Жарнаманың мұндай түрінен қаймықпағандарға 20 айлық көрсеткіш есебінде айып пұл салынады.
|
|
|
|
|
|
|
|
|

 |
|
26.08.10.
Сондай-ақ осы жиында қыста қала көшелерін қардан тазалау мәселесі де талқыланды. Ахметжан Есімов былтырғыдай көшелер көктайғақ болмауы тиіс деп тапсырды.
Биылдан бастап Алматы көшелерін алғаш рет 10 қар тазалаушы компания тазалайтын болады. Бұл мекемелердің барлығы өздеріне тиесілі аймақты қардан тазартып, көшелерді жалтыратып қоюы тиіс. Ал, таяуда сатылып алынатын 12 қар тиейтін көліктер бұл компанияларға жалға берілетін болады. Ахметжан Есімов аудандық әкімдерге мекемелердің жұмысын қадағалауды жүктеді.
АХМЕТЖАН ЕСІМОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
-Я еще раз предупреждаю вас о персональной ответственности, в вашу деятельность никто не вмешивался когда вы проводили конкурсы по определению победителей, надеемся, что выиграли достойные предприятия.
|
|
|
|
|
|
|
|
|



 |
|
26.08.10.
Ең үздік отандық тауар. Бүгін Алматыда кәсіпкерлер арасында өткен өңірлік байқау қорытындысы жарияланды. Жеңіске жеткен тоғыз іскер азамат бағалы сыйлықтар мен күзде өтетін президенттік "Алтын сапа" байқауына жолдама алды. Толығырақ тілшіміз әңгімелейді.
Гүлбану Әниятқызы.
Алматыдағы аймақтық байқауға жалпы саны 85 кәсіпкер қатысыпты. Көрмеге ауыр және жеңіл өнеркәсіптен бастап, тамақ, киім үлгілері қойылған. Бүгін тауарының жоғары сапалы екенін мойындатқан тоғыз кәсіпкер аймақтық байқау бойынша жеңімпаз атанды. "Өндірістік мақсаттағы үздік тауар" болып әйнек шығаратын компания анықталса, халық тұтынатын үздік тауар сыйлығын тігін фабрикасы ұтып алды.
Ал, үздік азық-түлік номинациясымен 12 жылдан бері елімізде шұжық өнімдерін шығарып келген кәсіпкер марапатталды. Хадиша Бижанның айтуынша, мұндай байқаулар отандық тауар өндірушілер арасында бәсекелестік тудырып, талпындыратын көрінеді. Сапасы жағынан шетелдің тағамын он орап алатын шұжық өнімдерін енді Кедендік Одаққа мүше елдерге экспорттау жоспарымда бар дейді.
ХАДИША БИЖАН, КӘСІПКЕР:
- Бұл сыйлық оңай келген жоқ. енді тырысамыз.
Ал, ұлттық құндылықтарымызды тауарға айналдырып жүрген кәсіпкер Ахметбек Нұрсила қалада қымызхана желісін ашуды армандайды. Сауға қуат, ауруға ем болатын дәрі қымыз бен шұбатты өзге елдер кәдеге жаратып отырғанда, барымызды ұқсата алмағанымыз қынжылтады,- дейді іскер азамат. Ұлттық тағамдарды дәріптесек, жастарды сыра емес қымыз ішуге тәрбиелейтін едік. Төрт түлікке телміріп отырған ауылдағы ағайынға да септігін тиетіні сөзсіз.
АХМЕТБЕК НҰРСИЛА, КӘСІПКЕР:
- Өзі дәмді құнарлы денсаулыққа пайдалы. Көп елдер құмар жеуге бірақ өздерінде шығара алмайды. Ал, экспорттауға бізде жағдай жоқ. Қазақтың брэнді болған тағамдар ғой.
Жалпы Алматыдағы кәсіпкерлер республика қоржынына түсетін қаржының 30 пайызын құяды. Осыны ескерген Алматы әкімі Ахметжан Есімов тауар өндірушілердің кәсібін дөңгелетуі үшін қала басшылығы ешқандай көмегін аямайтынын жеткізді. Ал, алдағы күзде өтетін президенттік "Алтын сапа" байқауына жолдама алған 9 кәсіпкерге сәттілік тіледі.
АХМЕТЖАН ЕСІМОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Нам надо хорошо подготовится. Алматы лучщий город. и Мы все сделаем. Потому что у нас самые талантливые предприниматели в Алмате.
|
|
|
|
|
|
|
|
|

 |
|
26.08.10.
Құзырлы органдар кәсіпкерлердің конституциялық құқын қорғамауда, керісінше қорлауда. Прокуратура өздері жүргізген тексерісті осылай бағалап отыр. Тек Әуезов ауданында осындай бірнеше факт тіркеліпті. Заңсыз тексерулер рейтінгін СЭС мамандары бастап тұр. Олар жоспарлы, жоспардан тыс тексерулерді қадағалаушы органда тіркемеген. Яғни, кәсіпорындардың біріне заңсыз бас сұққан.
ОЛЖАС БАҒЖАНОВ, А.Қ ӘУЕЗОВ АУДАНЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
-Салық, өрт сөндірушілер, СЭС қызметкерлері болсын кәсіпкерлерге заңсыз шүйлігеді. Айыппұл салып, жазалағылары келіп тұрады. Заңға қайшы. Олардың бәрі кез-келген мекемені тексерместен бұрын міндетті түрде прокуратурада тіркету керек. Содан кейін ғана заң аясында әрекет етуге рұқсат.
Ал, өз кезегінде кәсіпкерлер қарамағындағыларды жылатуда. Жалақы бермей. Тіпті кейбір мекемелер есепшотында ақша бола тұра жұмысшылар мен есеп айырысуға құлықсыз екен. Бүгінде 20 жуық кәсіпорынның басшысы әкімшілік жауапқа тартылып отыр.
|
|
|
|
|
|
|
|
|


 |
|
26.08.10.
Алматы бүлдіршіндері балабақша кезегіне электронды түрде тұрмақ. Бұл бастаманы білім басқармасы ұсынып отыр. Олардың айтуынша, осы жүйе арқылы балабақшаға баратын жолдағы сыбайластықты жоюға болады.
Алматыда әлі де балабақша жетіспейді. Осыған байланысты кезекке тұру мәселесі бар. Бірақ, кезек тәртібі үнемі сақтала бермейді. Оған бармақ басты, көз қысты деген себеп бар.
ТАМАРА ЕФИМОВА, №36 БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІ:
-Біздің балабақшада дәл қазір 300-ге жуық бала бар. Күнделікті бізге баласын ертіп келіп жататын ата-аналар өте көп. Бәрінің мақсаты бір. Баласын балабақшаға орналастыру. Бірақ бізде орындар шектеулі. Кейбір жерлерде кезекке тұрудан шаршағандар тіпті ақша ұсынып, балабақшадағы жағдайды түзеп береміз деп балаларын орналастырып жатады. Ал, заң жүзінде кезекте тұрғандардың жағдайы ешкімді алаңдатпайды. Мұндай жағдайдан шығудың бір жолы ғана бар, балабақша санын арттыру.
Қалалық білім басқармасы кезекке тұрудағы сыбайластыққа электронды жол арқылы тосқауыл қоймақ. Олардың айтуынша, жаңа жүйе қолданысқа енгенде балабақша басшылары ата-анадан ақша талап ете ала алмайды екен.
АНДРЕЙ ДУПИК, АЛМАТЫ Қ. БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНА ҚАРАСТЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
-Бұл жүйе балабақшаға кезекке тұрғысы келетіндерге қолайлы болар еді. Яғни баласын балабақшаға бергісі келетіндер ары бері шабылмай, интернет арқылы өз өтініш қалдырып, кезекке тұра алады. Қысқасы қазіргідей өршіп тұрған жемқорлық біршама азаяр еді. Бәрі тіркеліп тұрады. Оған ешкім қол сұға алмайды. Яғни бір адам бір адамның алдын орай алмайтын еді.
Дегенмен мамандардың бұл бастамасына қарапайым халық күмәнмен қарайды. Олардың айтуынша, тамырын жайып алған сыбайластықты қарпайым электронды кезек арқылы шешу мүмкін емес.
Қалай десек те, жаңа жүйе қыркүйек айынан бастап Жетісу ауданында жүзеге асырылмақшы. Егер алдағы сынақта сүрінбей өтсе, болашақта балабақшаға барғысы келетін барлық бүлдіршін электронды кезекте тұратын болады.
|
|
|
|
|
|
|
|
|

 |
|
26.08.10.
Конституцияның баптары қаншалықты сақталып жатыр? Бүгін Алатау ауданы жұртшылығы ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіп, осы мәселені талқылады.
Жиынға білім саласының мамандары, ғалымдар мен ұстаздар қатысып, қарапайым тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, Конституцияның бүгіні мен ертеңі де сөз болды. Мінбеге шығып, сөз алғандар қабылданғанына 15 жыл толған Ата заңымыз мемлекетіміздің тірегі болғанын қадап айтты.
МАРЖАН БАЛБАЕВА, АЛАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
-Халықтың көбі біле бермейді, Атазаң неше рет өзгеріске ұшырады, тарихын сол үшін.
|
|
|
|
|
|
|
|
|


 |
|
26.08.10.
"Мемлекеттік тіл - менің тілім". Бүгін осындай ұранмен Алматыда қалалық байқау өтті. Сайыстың мақсаты - жас шенеуніктер мен мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілінде іс-қағаздарды қатесіз жүргізуді үйрету.
Меруерт Төленова.
ЛӘЗЗАТ ОРАЛБАЕВА,БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:
- Мемлекеттік тілде іс-қағаздар жүргізу қиын деген сөз - сылтау. Терминологиялық сөздіктің бәрі бар. Жүргізем деген адам жүргізеді.
Сайысқа қатысушылар іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу қиын емес. Тек мемлекеттік тілді менсінбейтіндер көп деген ұстанымда. Бұл байқаудың да басты мақсаты - қазақ тілін қорламай, қатесіз құжат толтыру.
АЛМАСБЕК НҰҒЫМАНОВ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:
- Біздің сайтымыздың 90 пайызын қазақшаға айналдырдық. Орысша тек қысқаша анонстар ғана береміз. Сынға қатысып қана қоймай әріптестермен тәжірибе алмаса аламыз.
Байқауда қалалық басқармалар мен аудандық әкімдіктер қызметкерлерінен құралған 16 топ бақ сынады. Үміткерлер қазақтың салт-дәстүрлері мен әдеби шығармаларынан үзінділер де оқып бар білгендерін ортаға салды. Сайыстың бес кезеңінде де басымдық, мемлекеттік тілде іс-қағаздарды сауатты толтырушыларға берілді.
МАМАЙ АХЕТОВ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
-Бұл мемлекеттік тілде іс жүргізуге мән беріледі. Кәсіби қазақ тілін дамыту. Тәжірибе алмасу.
Байқауға белсене қатысқандар Қазақстан халықтарының тілдері күні, яғни 22 қыркүйекте Мұхтар Әуезов атындағы драма театрында салтанатты түрде марапатталады. Дәл осы күні жеңімпаз топ іріктеліп, алдағы айда Астанада өтетін республикалық байқауға жолдама алып, қаламыздың намысын қорғайтын болады. Дегенмен, өзекті өртеген бір өкініш - бұл додада мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдерінің болмауы.
|
|
|
|
|
|
|
|
|


 |
|
26.08.10.
"Қызғылт қоян туралы хикая" атты жаңа фильм көрермендеріне бүгін жол тартты. Алматыдағы дәулетті байлардың еркетотай балаларының ортасына байқаусызда түсіп кеткен ауыл баласының жан-дүниесін баяндайтын бұл фильмге мамандар әзірге жақсы баға беріп жатыр.
Арман қуып Алматыға келген ауыл баласының жан дүниесі аласапыран. Не кием, не жеймін дегенді білмейтін қалалық замандастарының өмірі мен ортасы оған жат. Дегенмен, сол сауықшыл жастармен бірге жүріп, қызығын көріп қалған ол өмірде бәрін ақша шешеді деген тоқтамға келеді. Ақша үшін өзі танымайтын адамдарды орға жығуға келісімге келеді. Басты рөлді сомдаған актер кейіпкерінің көңіл күйін түсінуге тырыстым дейді.
ӘНУАР НҰРПЕЙІСОВ, АКТЕР:
-Фильмнің соңында арақ іше бастайды. Темекі тартады. Басқа бөгде нәрселерді тартады. Ол маған қарама-қайшы. Сондықтан енді іштен жоқ деген сезім болды.
"Қазақфильм" түсірген бұл туынды экш жанрында. Алайда, режиссер Фархат Шәріпов өзінің тырнақалды бұл еңбегі драмаға жақын дейді. Және оның сценариін күнделікті өмірде кездесетін оқиғалар желісінен алдым дейді.
ФАРХАТ ШӘРІПОВ, РЕЖИССЕР:
-Осы туындым арқылы Алматы жастарының өмірін көрсеткім келді. Сол арқылы қаламыздағы келеңсіз жағдайлар мен қарама-қайшы әлеуметтік орталарды байқатуға тырыстым.
Қазақ киносының майталмандары қала жастарының шым-шытырық, төбелес пен тартысқа, ақша мен адамгершіліктің салмағын таразыға салған бұл туындыға оң баға беріп жатыр. Олардың айтуынша, бұл соңғы кездері жастар тақырыбында түсірілген үздік картина екен.
Кино неге "Қызғылт қоян туралы хиқая" деп аталған. Фильмді бір көрсеңіз, бұл сұраққа жауапты өзіңіз табасыз,- дейді режиссер. Алматылық көреремендер бұл киноны 27 тамыздан бастап, қаладағы барлық кино театрлардан тамашалай алады.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
25.08.10.
Қолды болған қаламыздағы қазақ ізі. Ресейдегі елшілігіміз Орынборда Алаш қайраткерлеріне арналған тақта орнатылады деп ақпар таратты.
Орынбор қалалық кеңесі Қазақстан елшілігінің алашордалықтар қызмет атқарған ғимараттарға белгі қояйық деген ұсынысын қолдапты. Тақталар 1917-20 жылдарда Алаш үкіметі отырған үйге, сондай-ақ қазақ газетінің бұрынғы редакциясына қойылмақ. Осылайша қызыл нәубет кезінде қолымыздан сусып кеткен Орынборда қазақ ізін қалдыруға рұқсат сұрап алдық. Тағы бір айта кетерлігі, бұл ақпар тарихи дата қарсаңында жарияланып отыр. 1920 жылдың 26 тамызында яғни 90 жыл бұрын Орынбор қазақ елінің астанасы болып жарияланып еді.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
25.08.10.
Бес парыздың бірі- намаз оқу. Алматы әкімі Ахметжан Есімов Орталық мешітте болып, жамағатпен бірге намаз оқыды. Бас муфти Әбсаттар қажы Дербісәлімен Рамазан айының шапағаты туралы ой бөліскен қала әкімі муфтимен бірге жамағатты қасиетті Ораза айымен құттықтады.
|
|
|
|
|
|
|
|
|

 |
|
25.08.10.
Қыстың қамын жазда ойла. Алматылық төтенше жағдайлар қызметі халықтың аязды күндерге деген дайындығын тексеруді бастап кетті. Жыл басынан бері 11 адамның ажалы оттан болғанын алға тартқан мамандар күн суытса қаралы көрсеткіш еселене түсе ме деп алаңдаулы.
Жетісу аудандық төтенше жағдайлар басқармасы көше кезіп кетті. Себеп те жоқ емес. Олар жер үйде тұратын халықты қазірден бастан пештің жағдайын тексеріп, сақтық шараларын күшейтуге шақырып отыр.
Құтқарушылардың бұндай әрекетін біреу құптаса, енді бірі түсінбей жатты. Зейнеткерлер зейін қойып тыңдаса, пәтер жалдап тұратындар есік ашуға да жарамады.
НҰРЖАН НҰРДАШЕВ, ЖЕТІСУ АУДАНДЫҚ ТЖБ АҒА ИНЖЕНЕРІ:
-Адамдар өледі ыс тиіп, бірақ сонда да жауапсыздық.
Былтырғы қыс жер үйлердегі пештердің қауқарын көрсетіп берді. Күніне ыс тиген екі үш адам ауруханаға жеткізіліп отырған. Ақаулы отпанның арқасында өрт шығуы да жиілеген. Биылғы қаңтардан бері шаһарда 586 өрт тіркеліп, салдарынан 11 адам бақилық болған. Олардың біреуі -сәби.
|
|
|
|
|
|
|
|
|


 |
|
25.08.10.
Алматыдағы кейбір мектептерде өрт қауіпсіздігі сақталмаған. Бүгін білім ошақтарына тексеру жүргізген мамандар бірқатар сорақылықтарды әшкерелеп, директорларға ескертулер жасады. Қыркүйекке дейін бұл істен нәтиже шықпаса, олардың ісі сотқа берілмек. Толығырақ Гүлбану Әниятқызы әңгімелейді.
Жаңа оқу жылына санаулы күн қалғанымен, Алматыдағы мектептердің кейбірі өрт қауіпсіздігін назарға алмапты. Мәселен, төтенше жағдайлар мамандары тексеріп шыққан мына білім ошағында тілсіз жауға қарсы қарапайым ережелер сақталмапты. Тіпті, төтенше жағдай бола қалса, ғимараттан тез арада шығатын жоба көрсетілген сызба ілінбеген.
ВАДИМ САИТОВ, АЛМАТЫ Қ. АЛМАЛЫ АУДАНДЫҚ ТЖ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
-Перед выходом должны быть планы. Как пользоваться огнетушителем.
Ал, пеш пен газ тұрған асханадағы өрт сөндіру құралдарының қолдану мерзімі өтіп кеткен. Ашық-шашық жатқан электр токтары да көзге ұрып тұр. Ал, ас пісіретін жерде ыстың иісі шыға қалса, дабыл қағатын құрылғы атымен жоқ.
Ал, 1200 баланы оқытатын мектеп басшылығы өрт қауіпсіздігін ескермегендерін өздері де мойындап отыр.
Ал, төтенше жағдайлар қызметкерлері тізіп берген ескертулерді мектеп директоры ғимаратты күрделі жөндеуден өткізген кезде ескереміз деп құтылды.
ЭЛЬМИРА ДӘУЛЕТБАЕВА, № 96 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:
- Төтенше жағдайлар бөлімінің ескертулерінің орнын толтырамыз қалпына келтіреміз.
Ескі мектептердің шатырлары өртке қарсы арнайы сұйықтықпен сылануы тиіс. Мұндай талаптарды басшылар ескере бермейді екен.
ГҮЛШАТ ДӘУРЕНБЕКОВА, АЛМАТЫ Қ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
- Сонымен қатар электр жүйелері тексерілмеген. Қолдарында акт болу керек. Замыкание болмайды деген.
Осылайша тексеріс жүргізген төтенше жағдайлар қызметкерлері мектеп басшыларына ескертулер жасады. Олар 1 қыркүйекке дейін олқылықтарыдың орнын толтыруы тиіс.
|
|
|
|
|
|
|
|
|



 |
|
25.08.10.
Жаңа оқу жылына Алматының дайындығы қандай? Бүгін қаламызда дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Басқосуда былтырғы жылдың қорытындысы сараланып, болашаққа жасалған жоспарлар тағы бір сараланды. Жиынға қатысып қайтқан тілшіміз тарқатады.
Нартай Аралбайұлы.
2009-2010 оқу жылы Алматы үшін сәтті өтті деуге негіз бар. Жаңадан 14 қазақ тілді мектеп іргесін көтеріп, 7 000 оқушы шатыры бүтін, босағасы берік білім ордасының табалдырығын аттады. Сондай-ақ, коллеждер мен техникалық оқу мекемелерінің түлектерін жұмысқа тұрғызу қолға алынды. Білім саласына қала бюджетінен 29,5 миллиард теңге бөлінген. Жиында жарқын жетістіктерімен көзге түскен мектеп ұжымдарына алғыс айтылды.
ӨТЕШ ҚОҢЫРБАЙҰЛЫ, №173 ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫ:
- Халықаралық пән олимпиадасында біздің гимназияның алты оқушысы жүлдегер болыпты. Құрметті Ахметжан Смағұлұлы осы екі жыл бойы қаланың талантты оқушыларына беріп келе жатқан «Үркер» сыйлығынызды 99 алған екен. Сол 99 оқушының 16-сы №173 гимназияның оқушылары.
Осылайша көңілді әуеннен басталған жиын, артынша сыни әңгімеге ойысты. Яғни, Ұлттық бірыңғай тестілеу мен төртінші және тоғызыншы сыныптардың сынақ нәтижелері тілге тиек етілді. Мәселен, Бостандық ауданының мектептері оза шапса, көш соңында Алатау ауданы шаң қауып қалған. Айта кететін жайт, бұл аудан ҰБТ-данда жарытып жетістік көрсетпеген. Екілігі көп ауданда осы. Осы ауданның әттең-айы болмаса, қалған мектептердің көрсеткіштері жаман емес. 2009-2010 оқу жылында 3 оқушы ең жоғарғы 125 балды еншілеген, соның себебінен Алматы түлектерінің орташа балы 86,80-ді көрсетті. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 11 пайызға артық. Ал, 5 мектеп республика бойынша ең үздік жүздіктің санатына енді.
АХМЕТЖАН ЕСІМОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- В том году 8 место, я спросил как же так Алматы и 8-ое. В этом году раз и 3-е место.
Қазіргі таңда қала мектептеріндегі 16 оқушыға 1 компьютер тиесілі. Министрлік өкілі мұны жақсы көрсеткіш дейді.
Алматыда ұзын-саны 21 933 мұғалім бар. Алып шаһар үшін бұл аздық етеді. Дегенмен, министрдің орынбасары ұстаздардың біліктілгі мен білімділігін жоғары бағалап өтті.
МАХМЕТҒАЛИ САРЫБЕКОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Қазіргі таңда мектепке білімді Ахмет пен Мағжанның педагогикасымен сусындаған жаңа оқу әдістемелері мен технологиясымен хабары бар шәкіртті биік кеңістікке шығара алатын сіздердей білікті мамандар қажет болып отыр. Білім саласын заман ағымына сай жаңартып отыруды талап етеді.
Басшыларының мақтауы майдай жақты ма кім білсін, кейбір ұстаздар министрдің орынбасарына базыналарын айтып қалды. Олардың айтуынша, инабатты, тәрбиелі, білімді, ұлағатты ұстаздардың хал-қадірін журналистер жүндей түтіп бітірген көрінеді.
АЯГҮЛ МИРАЗОВА, №159 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:
- Кейбір хабарларда мұғалімді тіпті азғын бұзақы білімпаз ұстаз атағына лайықсыз біреулер боп көрсетіледі. Мектептердің кемшілік жағын көрсету көбейіп бара жатқандай.
Алайда, "мені де сынап жатыр" деген қала әкімі журналистердің ескертпесінен нәтиже шығару керектігін аңғартты.
Жиын соңы ұстаздар үшін қуанышты көңілмен түйінделді. Қала әкімі 78 мұғалімге 20000 теңге көлемінде сыйақы табыстап, 3 мектепте өзін-өзі тану» сыныбының барлық керек-жарағын тарту етті. Ардагер ұстаздарда сый-сыяпат үлестірілді. Ал, өз ісінде үздік шыққан 3 ұстаз бұл күні қоныс тойын тойлады.
Жылдағы дағды бойынша өткенді екшеп, келешекке келелі жоспарлар құрған тамыз басқосуының соңы бүлдіршіндердің өнер кешімен түйінделді. Жиылғандар алдағы оқу жылына Алматы мектептері сақадай-сай деген бірауыздан қорытынды жасады.
|
|
|
|
|
|
|
|
|


 |
|
25.08.10.
Бірінші қыркүйекте қоғамдық көлікпен жүріңіздерші. Алматылық жол полициясы қалалықтарға осындай өтініш жасап отыр. Жылда күздің алғашқы күнінде адым аштырмайтын кептелістен мезі болған жол сақшылары бұл күні бар күштерін жұмылдырмақ.
Бибінұр Тұрбаева.
МАЙ қызметкерлерінің бұлай шырылдауының жөні бар. Біріншіден, он мыңдаған көлігі бар студенттер сабаққа оралады. Екіншіден, ала жаздай бұйырған жерінде дем алған оқушының бәрі мектепке асығады. Балабақша баратын бала мен жұмысына асыққан үлкендердің қарасы және бар. Бұл нөпірден бір кептелістің болатыны анық.
ЕРКІН ӨТЕГЕНОВ, АЛМАТЫ Қ. ІІД БАҚ ПЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:
-Жаяу жүрсеңіздер, біздің автобус, троллейбус пайдаланса деген. Мүмкін осының бәрін естіп, қала түрғындары біздің қойған талабымызды орындар. Ондай болатын болса, Алматы қаласында көшеде көлік азаяр деген ойдамыз.
Көлік кептелісін ұзарта түсетін тағы бір мәселе қаладағы бастапқы жолдарын күрделі жөндеуден өтіп жатқаны. Құбыр төсеу үшін жабылған көшелер қаншама! МАЙ қызметкерлері бірінші қыркүйекке дейін бұл көшелер ашылса деп армандап отыр.
ЕРКІН ӨТЕГЕНОВ, АЛМАТЫ Қ. ІІД БАҚ ЖҰМЫС ЖАСАУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:
-Енді бірінші қыркүйекке Абай даңғылы ашылады деген ұсыныс келді. Салушылар ашамыз деген.
Дегенмен жол сақшылары болатын бір кептеліске дайындалып та жатыр. Мәселен, олар кейбір бағдаршамдарың жанып-өшуі жиіліктерін өзгертпек. Ал, жүргізушілердің өз жоспары бар. Аула арасындағы айналма жолдарда бір амал жасамақ.
Қалай десек те, жақын уақытта кептелістен қашып құтылмайтын секілдіміз. Сондықтан, барар жерге ерте шыққаннан басқа амал жоқ екені айтпаса да тсүінкті.
|
|
|
|
|
|
|
|
|



 |
|
25.08.10.
Теміржол кассалары алыпсатарлардың ақырына айналған. Билет сатудың бірнеше жылдан бері көлеңкелі күйге түскені баршаға аян болса да жазаланған ешкім жоқ. «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы өкілдері полициямен бірігіп алаяқтарға тосқауыл қоюдың амалын қарастырды.
Алматыда соңғы 3 айда 16 алыпсатар ұсталған. Алайда, заң осалдығынан олар ішкі істер бөлімшесінде небәрі 3-ақ сағат аялдаған көрінеді..Айласын асырғандарға қатаң жаза қолдануға заңда қауқар жоқ- дейді бүгін бір үстел басына жиналып, тығырықтан шығар жолды іздеген мамандар.
ЕЛІКБАЙ АЙТБАЕВ, «ВОКЗАЛСЕРВИС» АҚ ОҢТҮСТІК АЙМАҚТЫҚ УЧАСКЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ:
-Бұрын бізде полномея болатын қазір акиматта.
Вокзалдағы кассалар үнемі қаңырап тұратыны, алыпсатарлардың да сол маңнан төңіректеп шықпайтыны бұл жиында көп қозғалмады. Есесіне ұлттық компания өкілдері жеке кассалар жаққа саусақ шошайтумен болды. Бәленше жылдан бері билеттің көлеңкелі бизнес көзіне айналуына дәл солар кінәлі көрінеді.
ЕРМЕК ЛЕБАЕВ, «ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ» АҚҚ ЖОЛСЕРІКТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ СЕКТОРЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
-Оларда бақылау жоқ. Сондай-ақ паркты көбейту керек. Сонда вагондарда көп болса сұраныс алыпсатарлар көмегіне деген азаяды.
Жеке кәсіпкерлерді тексеру қиын, байбаламшыл деп бар бәлені басқағы үйіп төккен Ұлттық компания өкілдерінің сөзінен билет сату монополия болуы керек дегендей леп есіп тұрды.
Жол үстіндегі жемкорлықтың тағы бір өрбіген түрі жолсеріктердің бармақ басты көз қыстысы. Қазірде олардың жалақысы 150 мыңға дейін көтеріліпті. Басшылары билетсіз жолаушыға бола ешкімнің мұндай жалақыдан айырылып қалғысы келмес деп үміттеніп отыр. Әумин делік! Осы жиынға жапсарласа жүргізілген тексеру кезінде билетсіз мінген ешкім қолға түспеді. Есесіне техникалық ақаулар табылды.
((ИНТЕРШУМ ХР 00:00:00
- Не работает кран питьевой воды
-это нарушения?
-Перед отправлением надо было проверить или заполнить водой. Факт то что воды нет.
))
((ИНТЕРШУМ ХР 00:00:00
- Холодильник не работает дверь оторван.
-Қанша болды істемегеніне?
-Жүрейін деп жатқанда қабылдадық.
Сондай-ақ, артық жүк, баланы сенімхатсыз тасу сынды сорақылықтар та өріп жүр. Рейд соңында бірнеше хаттама толтырылып, вагон басшылары жазаланатын болды. Алматыда алқалы жиын болатынын естіп алған ба, әлде шынымен жалақы өсіп тәубесіне келіп қалған ба, әйтеуір екі үш жолаушы пойызының ешбірінен билетсіз жан табылмады. Күрес ә дегеннен осындай керемет нәтиже берсе ауру қалса да әдет қалмайды деген мақалдың бекер болғаны. Ал, Ұлттық компания алыпсатарларды да алқымдап тастау үшін үкіметке заң бекіттірмек.
|
|
|
|
|
|
|
|
|

 |
|
25.08.10.
Тұмаудан төніп тұрған қауіп жоқ. Дәрігерлер қала тұрғындарына осындай басу айтуда. Десек те, соңғы күндері қызуы көтеріліп, бас ауруына шағымданған жандардың саны көбейіп кеткен. Тілшіміз толықтырады.
Олеся Николаева.
Соңғы күндері сіркесі су көтермейтін тұрғындардың саны арта бастаған. "Бұл құбылысты байқап отырмыз" деген дәрігерлер дабыл қағуға асығар емес.
ӘЖІҒАЛИ СӘДУАҚАСОВ, ТЕРАПЕВТ:
-Бүгіннің өзінде 5 адамды қабылдадым.
Ақ халаттылар тұмау инфекциясы әр адамның ағзасында бар дейді. Күн райы күрт құбылғанда ол қозып сала береді екен. Соның әсерінен кей адамдарың мұрындары пышылдап, қызуы көтерілетін көрінеді.
"Ауа-райының аяқ асты сууынан белең алған тұмауға бола, емханаға жүгірмеңіз" дейді дәрігерлер. Олардың айтуынша, дәл қазіргі кезде қауіп төндіретін инфекция жоқ.
ЖАҚСЫБАЙ БИЖІГІТОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №8 ЕМХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
-Түшкіріп қалсаңыз бірден дәрігерге жүгіру керек емес. Әркім үйреншікті емдерін қабылдаса болады.
Ал, "жөтеліңіз асқынып, тамағыңыз қырылдап, қызуыңыз түспей қойса да ауруханаға жүгірмеңіз" дейді дәрігерлер. Себебі, емханаға келгенше бірнеше адамға тұмау жұқтырып үлгересіз. Сондықтан, қатты ауырып қалсаңыз, жедел жәрдем шақырып, үйде жатыңыз. Дегенмен, бұдан да жақсысы ауырмай аман есен жүргеніңіз.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
25.08.10.
Елімізде биыл 16 миллион тонна астық жиналады! Қостанай облысына ресми сапармен барған президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
«Қиындыққа қарамастан республикада жалпы көлемі 16 миллион тонна астық жиналады. Тазалаудан кейін оның 14 миллионы қалады. Былтырғы жылдан 7 миллион қор бар. Яғни, біздегі астық қазір 21 млн. тонна. Оның 8-ін шетелге сатса, дихандар былтырғы астықты жылдағыдан да артық пайда табады" деді президент.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
25.08.10.
Ал,Қазақстан Фермерлер одағының президенті Әуезхан Дарынов еліміздегі 40 мың фермер банкрот болуы мүмкін дейді. Биылғы жаздағы аптап ыстық астықты күйдіріп жіберді. Несие алып, астық еккендер қарызға белшесінен батты,- дейді ол.
Дарынов егін мүлдем шықпай қалды деуге болмайды. Қазір гектарынан 1-2 центнер өнім алып жатқандар бар. Бірақ, бұл келесі жылғы керекті тұқымның орнын жаба алмайды дейді. Фермерлер одағы басшысының айтуынша, қатты қиналып отырған Батыс Қазақстан, Ақмола мен Қостанай облыстарындағы фермерлерге Үкімет көмек көрсетуі тиіс.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
25.08.10.
Саяси партиялардың парламентке өту межесін 7 пайыздан 5-ке төмендету керек. Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтанов бүгін осындай бастама көтерді.
Оның айтуынша, оппозициялық партиялар дәл қазір елдің 28 пайыз дауысына таласа алады екен. Яғни, зерттеу қорытындысы бойынша, билік партиясын 72 пайыз жұрт қолдап отырған көрінеді.
Сондай-ақ, Конституцияның 15 жылдығына орай өткізілген бүгінгі алқалы жиында Ата заңымыздың қоғамдағы рөлі туралы сөз болды.
|
|
|
|
|
|
|
|
|


 |
|
24.08.10.
Кришнаиттер тағы да заңсыз жиын өткізбек. Қарасай ауданының әкімдігі өстіп дабыл қағып отыр. Екінші қырқүйек күні құдайларының туған күнін тойлауға дайындалып жатқан секта мүшелері Америкадан, Үндістаннан 5 Махараджа келеді деп сүйіншілеп, жария салыпты. Қазақ жерін өз секталарының жерұйығына айналдырып алғандар әкімдіктен рұқсат сұрамапты.
«Дін және наным сенім бостандығы туралы» заңның осалдығын өз басына орасан түрде жаратып жүрген ұйымдардың бірі осы Кришна ой санасы ағымы. Жерді заңсыз басып алғандарды әкімдік қанша айқасса да жеңе алмады. Біздің босаңдығымызды байқағандар шет шеттен көсемдерін шақырып, еркін жүреді елімізде. Мәселен Володя Белорусия азаматы. Қазақстанға уағыз жүргізу үшін арнайы келген. Бүгінде кришнаиттер "ДжанМашТами" фестиваліне қызу дайындық үстінде. Екінші қырқүйек кришна құдайының туған күнін қазақ жерінде дүбірлетіп атап өту үшін әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 2-3 мыңға дейін адам жиналады деп күтілуде. Араларында Америкадан Үндістаннан келетін 5 махараджа яғни рухани ұстаздары бар.
ВЛАДИМИР:
-Это священный праздник. Будет танцы, сенинары пир. Раздавать пищу.
Екі үш мың сектант келіп әлаулайға басатын болса олардың маңындағы қазақы екі үш ауылдан маза кетеді деген сөз. Жергілікті тұрғындар әшейінде айғайшыл діни бірлестік фестиваль басталса түнімен дауысты күшейткішпен ән салып әлегімізді шығарады-ау деп отыр. Оның үстіне тәтті тоқаштар таратып, бала-шағаны арбайтын көрінеді.
Ағым мүшелері заңды да аса елейтін сыңай байқатпайды. Өйткені әкімшіліктен фестиваль өткізуге ресми рұқсат алмаған. Жер жаһаннан келетін қонақтарын түгел шақырып қойған соң, телефон арқылы құлаққағыс жасай салыпты.
АЙТБАЙ КӨШКІНБАЕВ, ААЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
-Олардың андай-мындай пиғылына жол бермейміз , бақылаймыз кім біледі түрлі адамдар бар.
Әкімдік сектаның думанына тыйым сала алады дегенге сену қиын. Заңымызды белден басып отырғандар бір ауыз сөз қарсы айтсаң, ОБСЕ, демократия, деп байбалам салып шыға келеді. Ал, біздің басекеңдер ондай шудан қатты қорқады. Сондықтан өз халқының рухани ұстанымына анық қатер төнгенін көріп тұрса да қипақтай береді.
|
|
|
|
|
|
|
|
|


 |
|
24.08.10.
Заңсыз құмарханалардың қатары көбейіп келеді. Құзырлы орындар болса, бұған бірін-бірін кінәлауда. Ал, соттан жеңілген ойынхана қожайындары аз ғана айыппұл төлеп, алшаң басып жүр. Тілшіміз жалғастырады.
Рауан Оқас.
Заңсыз ойынханалар мен казиноларға қарсы күн сайын күрес жүріп жатқанымен, құмарханалардың саны көбейіп барады. Бұл пародкске құзырлы орындардыің өздері де аң-таң. Прокуротура өкілдері Ішкі істер қызметкерлері ойынхана қожайындарымен сыбайласып алған дейді. Мәселен, қалымызда жарты жыл бұрын 40 ойынхана анықталса, бүгінде олардың саны 65-ке жетіпті.
ҒАНИ СЕЙСЕНБИЕВ, БОСТАНДЫҚ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:
-Твои подчиненные или глаза закрыли или действительно крышуют. Они прекрасно знают что происходит на районе. Почему мер не принимают.
Ал, екінші жақ полиция қызметкерлерінің бәріне топырақ шашудың қажеті жоқ. Кінәлілер болса анықтап, заң алдында жауапқа тартамыз деп отыр.
ИМАНҒАЛИ МӘКІШОВ, БОСТАНДЫҚ АУДАНЫ ІШКІ ІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
-Это фактор человеческий отношения самих сотрудников своей функциональным обязанностям. Устроим рейд, и там выясним кто кого крышует.
Қаржы полициясы да бұл майданда бел шешіп, босаңсып отырған жоқпыз деп мақтанады. Дегенмен, қажырлы жұмыс істесек те, заңсыз құмарханалардың саны артып отыр дейді.
МАҚСАТ ДҮЙСЕНОВ, АЛМАТЫ Қ. ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
-В последнее время увеличилось тенденция, количество игровых автоматов по городу и подпольных казино. В данном направлении нашим департаментом ведется постоянная работа и уже работаем и над методиками привлечения деятельности. Неоднократно проводились рейды с привлечением СМИ публичные учичтожения автоматов.
Жыл басынан бері еліміздегі заңсыз казинолардың қожайындары 230 миллион теңге табыс тауыпты. Ал, қаржы полицейлері бұл соманың 40 миллионын ғана тәркілеген. Бір қызығы, ойынханаларды заңсыз ашып, жеңіл ақшаны күреп тауып жүргендерге еліміздің заңдары да солқылдақ болып шықты. Мысалы, жақында ғана Медеу ауданының соты "Саркант" ойынханасың қожайынына бар-болғаны 90 мың теңге айыппұл салды. Ал, оның мекемесінен заңсыз қойылған 11 ойын үстелі мен 1 миллион 200 мың теңгені анықтаған еді. Салынатын айыппұлдың аздығы заңсыз құмарханда ақшаға көмілген қожайындарының бизнесіне тосқауыл бола алмайды дейді сарапшылар.
|
|
|
|
|
|
|
|
|

 |
|
24.08.10.
Көресіні күйеу балалардан көрдік. Әскери соттың төрағасы Серік Байбатыров өстіп күйініп отыр. Оған оқ атқан күйеу баласы Руслан Ыдырысов болып шықты. Ішкі Істер департаментінің баспасөз жетекшісі Салтанат Әзірбектің айтуынша, 39 жастағы Руслан қайын атасынан кек алу үшін Солтүстік Қазақстан облысынан Алматыға арнайы келіпті. Естеріңізде болса, ашулы күйеу бала кеше Жароков пен Ливитан көшелерінің қиылысында қайын атасы Байбатыровқа шабуыл жасап, жаралап кеткен болатын.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ІІД БАСПАСӨЗ ЖЕТЕКШІСІ:
-Полиция қастандық жасаған жігіттің көлігі мен қай жүрген жерге жасырынғанын тұспалдап үлгеріпті. Қазір оны қолға түсіру амалдары қарастырылып жатыр. Ал, бұрынғы күйеу баласының қолынан өліп қала жаздаған Серік Байбатыров қалалық ауруханаларының бірінде ем қабылдауда.
|
|
|
|
|
|
|
|
|

 |
|
24.08.10.
Еліміздегі 163 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес. Төтенше жағдайлар министрлігі осылай деп дабыл қағып отыр .
Мекеме басшысы Владимир Божконың айтуынша, жүргізілген тексерулер бірқатар білім ошақтары мен оқу орындарында өрт қауіпсіздігінің сақталмайтынын көрсеткен. Божко мырза: «Талдықорғандағы наркодиспансерде болған алапат өрт пен Ресейдегі "Хромая лошадь" түнгі клубында болған оқиға еліміздегі лауазымды қызметкерлерді ойландыруы керек»,- дейді. Сонымен қатар, ол 2 қыркүйек күні өтетін Үкімет отырысында білім ордаларының жаңа оқу жылына даярлығы туралы мәселені төтесінен қоймақ. Сондай-ақ, еліміздегі әлеуметтік мекемелердің сейсмоқауіпсіздігі де мәз емес көрінеді. Министрдің айтуынша, мыңнан астам нысан зілзалаға төтеп беруге қауқарсыз.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
24.08.10.
Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Мәншүк Мәметова атындағы нөмірі алтыншы көлге ғылыми зерттеу жүргізу үшін Үкіметтен қаржы қарастыруды сұрады.
Аталған көлдің тұрғындарға қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін зерттеу жұмыстарын міндетті түрде жүргізу керек,- дейді ол. Оның үстіне, дәл қазіргі уақытта бұл су қоймасы туралы да бірде- бір маманның нақты ұсынысы жоқ екен. Сондай-ақ, министр биыл судың арнасынан асуы мүмкін деген дүрбелеңнің де болғанын атап өтті. Сондықтан қаражат бөлу аса қажет дейді ол. Ал, арнайы құрылған комиссия алтыншы көлден биыл қауіп жоқ деп отыр. Олардың тексеруі бойынша, су қоймасының көлемі 230 мың текше метр, ал, тереңдігі 20,9 метр.
|
|
|
|
|
|
|
|
|

 |
|
24.08.10.
Ата заңымызға 15 жыл. Мереке қарсаңында қаламыздың зиялы қауым өкілдері Конституциямыздың маңызын тағы бір талқыға салды. Басқосуға қатысып қайтқан тілшіміз әңгімелейді.
Гүлбану Әниятқызы.
Осыдан 15 жыл бұрын қабылданған Ата заң туралы бүгін аузы дуалы академиктер мазмұнды әңгіме айтуға тырысты. Олар еліміздегі тұрақтылық пен экономиканың өркендеуіне халықарылық талаптарға сай келетін Ата заңымыз кепіл болды деді.
Әу баста, 1993 жылы қабылданған тұңғыш Конституция бойынша, президенттік басқаруда болғанымызды, кейін екі мәрте өзгеріп, түзетілген соң Парламенттік президенттік басқару жүейсіне көшкенімізді шенеуніктер айрықша еске салып та өтті.
АДАЙБАЙ ДІНМҰХАМЕД, АЛМАТЫ Қ. ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІІН АТҚАРУШЫ:
- Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес президенттік емес, парламенттік президенттік басқароуға көштік.
Конституция — елдің дамуы мен қоғамның тұрақтылығына өз септігін тизіге береді. Ата заң бар мақсат, мұратымызға жеткізді. Енді бұл заңтұғыр өзгеге де үлгі бола алады деді жиынға қатысушылар.
|
|
|
|
|
|
|
|
|


 |
|
24.08.10.
Жолдағы қауын -қарбызға жоламаңыздаршы. СЭС мамандарының алматылықтарға осындай өтініш айтудан басқа амалдары қалмағандай. Өйткені, көшедегі күркеде жатып-ақ кәсібін дөңгелете беретіндер ешкімнен ығар емес. Халықтан сұраныс бар деп шіреніп отыр. Бүгін де кезекті тексеруге шыққандар тек ескерту берумен шектеліп қайтты.
Осыдан бір апта бұрын түрлі қызметкерлер дәл осы жерді тазалап кеткен болатын. Заңсыз қауын-қарбыз сатушылардан. Алайда, жауыннан кейінгі саңырау құлақтай саудагерлер көше жиегіне қаптап алды.
ТОЛҚЫН БАЗАРҚҰЛОВА, МСЭҚБ ТАҒАМ - ГИГИЕНА БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:
«Біз апта сайын тексерістерге шығып тұрамыз. Әкімшілік арқылы тыйым саламыз. Бірақ олар бәрі-бір келіп, саудасын жалғастырады.»
Қарбыз сатушылардың қас жауына айналған санэпидемиологтар тұрғындардың денсаулығына алаңдаулы. Олардың айтқандарына сенсек, заңсыз жерде қауын-қарбыз сатушылар қала халқына қауіп төндіруде.
ТОЛҚЫН БАЗАРҚҰЛОВА, МСЭҚБ ТАҒАМ - ГИГИЕНА БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:
«Негізі сатушының көлікке сан паспорты, арнайы киімі болуы керек. Тазалық сақталмағандықтан бұл неше түрлі іш инфекциясына алып келеді.»
Дегенмен, қарапайым тұрғындар мамандардың кеңесіне құлақ асар емес. Денсаулық өзімдікі болған соң, не жейтінімді өзім білемін дейтіндер де бар.
Ал, заңсыз жерде сауда жасаушылар бұдан басқа кәсібіміз жоқ, жанымызды қалай бағамыз деп ақталуда. Құзырлы мамандар болса, көше саудагерлерімен күресуге заң солқылдақ деген уәж айтады. Ал, бүгінгі рейдке шыққан санэпидиомолгтар кезекті рет жеңіліске ұшырады. Олардың тұрғындарға лас жерден жеміс-жидек сатып алмаңыздар деген өтініш айтудан басқа амалдары қалмады.
|
|
|
|
|
|
|
|
|



 |
|
24.08.10.
Қысқы Азиаданың әнұраны қандай болады? Дүбірлі доданың бойтұмары болар әуен мен әнге бүгін байқау жарияланды. Топты жарып шыққан туындығына қомақты сыйақы берілмек. Тілшіміз тарқатып айтады.
Нартай Аралбайұлы.
Бәйге жеңімпазына бір миллион теңге! Азияда ойындарының ұйымдастыру комитеті "құлақтан кіріп бойды алатын" ән ұранды жазған жанға осындай қаржы ұсынбақ. Доданың шарты гимн сөзі оңай жатталып, әуені құлаққа сіңімді болуы тиіс. Ал, қазақ жерінде өтетін 7 Азияда әнұраны қай тілде шырқалады дегенге бір сорақылығы, әзірге нақты жауап жоқ.
ЖЕҢІС СЕЙДОЛЛА, ӘНШІ. КОМПОЗИТОР:
-Біз барлық мүмкіншілігімізді салып, әннің дұрыс болғанын, құлақтан кіріп бойды алар дейді. Орыс тілді адам болса да, шығарылған әндері құлаққа жағымды тез жатталатын сондай болғанын біз жөн көріп отырмыз.
Дегенмен, комиссия мүшелерінің кейбірі бұл пікірмен келіспейді. Яғни, болашақ әнұранның қай тілде болары тартысқа толатын түрі бар.
ҚЫДЫРӘЛІ БОЛМАНОВ, «ДЕМЕУ» ПРОДЮСЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
- Бұл гимн деген түсінік болғаннан кейін міндетті түрде ол осы елдің мәдениеті мен рухымен, тілімен сәйкес болады Алла қаласа.
Бір қызығы, байқауды енді ғана жариялаған комиссия мүшелері бәйгені шапқызбай-ақ беретін, туынды бар дейді. Мысалы, Ұлытау тобының орындауындағы кез-келген әуен бәйгеден сүрінбейді деген сенімде.
ҚЫДЫРӘЛІ БОЛМАНОВ, «ДЕМЕУ» ПРОДЮСЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
- Ұлытау бәйгеге қашанда дайын ғой. «Ұлытау» тұнып тұрған рух, біздің өзіміздің күй. Ол енді дайын нәрсені бізде запаста тұрады. Тіптен ештеңе болмай жатқан күнде бізде оны қарастырамыз.
Азияда "Қара жорға" биімен ашылса деген көпшіліктің тілеуі бар. Ел-арасында Ерболаттың орындауындағы "Мен қазақпын" әні Азияда әнұраны болады деген қаусет те бар. Ұйымдастыруышлар бұл тілек, ұсыныстардың бәрін міндетті түрде қарастырамыз. Бірақ, әнұран өзгеше болса дейді.
ЖЕҢІС СЕЙДОЛЛА, ӘНШІ, КОМПОЗИТОР:
- Ерболатпен байланысты, «Қара жорғамен» байланысты оның барлығы болады. Ерболаттың өлеңі де бір жерде өз орнын алады, «Қара жорғада». Басқа жерде. Өйткені оның барлығы біздің төл өнеріміз ғой. Ал, Гимн қандай болу керек? Ол тезірек жатталса керек.
Мамандар іздеген өзгеше ән мен әуен байқау нәтижесінде анықталмақ. Ұсыныстар 1 қазанға дейін қабылданады. 6 қазанға дейін іріктеу жұмыстары болады. Қазылардың сүзгісінен өткендері 7 қазандағы Гала концертте шырқалып, таңдау ел еншісіне берілмек.
|
|
|
|
|
|
|
|
|


 |
|
24.08.10.
Елімізде жыл сайын 3 мыңнан астам сәби туа бітті жүрек ақауымен дүниеге келеді. Осы күнге дейін қаламыздағы дәрігерлер бұл дертті алдын ала нақты анықтай алмайтын. Өйткені, заманауи ултьрадыбыстық құрылғы жоқ болатын. Дегенмен, бүгін жеке кәсіпкерлер №1 перзентханаға осындай аппаратты тарту етпек.
Құрсақтағы сәбидің жүрегінде ақау білінсе, дәрігерлер анаға түсік жаса деген кеңес береді. Себебі, елімізде жаңа туған сәбиге ота жасау үшін квота алып, 3-4 жыл кезек күту керек. Ал, шетелде операция жасатуға қыруар қаржы қажет. Бұған екінің бірінің жағдайы келмейтіні айтпаса да түсінікті. Екіншіден, жарық дүние есігін дертпен ашқан сәбилердің 80 пайызы жасқа толмай шетінеп кетеді екен. Ал, осы келеңсіздіктердің алдын алудың ең тиімді жолы құрсақтағы сәбиге диагноз қою дейді мамандар.
АРУЖАН САИН, «ДОМ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
-Жаңа туған науқас сәбиге шетелде дереу операция жасату керек болды. Дереу ұшырып жібердік. Бірақ, ұшақ жерге қонуға 20 минут қалғанда бала шетінеп кетті. Егер жатырдағы балаға диагнозды нақты қоя алсақ, ауру баланы шетелде босандырып, оған сол жерде ота жасату ең пайдалы жол.
Жатырдағы нәрестеге елімізде де скрининг яғни, медициналық тексеру жасалады. Бірақ, нәресте жүрегіндегі дерттің түрін анықтау қиын болатын. Алайда, №1 перзентханаға кәсіпкерлер тарту еткен заманауи ултроьдыбыстық құрылғы бұл кемшіліктің орнын толтырмақ. Және перзентхана мен кардиохирургиялық орталықтардың бірлесіп жұмыс істеуіне негіз болмақ.
СҰЛУШАШ САСАЕВА, №1 ПЕРЗЕНТХАНАНЫІҢ РЕАНИМАЦИЯ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:
-Сол байланысты біз енді ашып жатырмыз. Енді-енді ашып, өйткені сол Сызғанов кардиохирургия институтында нейноталдық реанимационный койкалар ашылып жатыр. 9 койка. Ол болмаған нәрсе бізде.
Ультрадыбыстық сканерлік құрылғы желтоқсан айында мекемеге қондырылмақ. Оған дейін «ДОМ» қайырымдылық қоры 1 перзентхананың үш дәрігерін шет елге жіберіп, білімдерін жетілдірмек. Ал, олар науқас баланы шетелге жәутеңдетпей, өз жерімізде емдемек.
|
|
|
|
|
|
|
|
|

 |
|
24.08.10.
Шаһарда қураған шөптердің шабылмауы төтенше жағдай тудыруы мүмкін. Құтқару қызметі осылайша дабыл қағуда. Тек соңғы күндері аптап ыстық кесірінен қалада 69 нүктеде өрт шыққан. Ал, тиісті мекемелер қазынадан шөп шабуға қаражат тиісті деңгейде бөлінбейді деп ақталуда.
Қаладағы қураған шөптер құтқару қызметін аяқтан тік тұрғызды. Олар тіпті демалыс күндері де өрт шығуы мүмкін аймақтарды тексеріп сабылып жүр. Тек соңғы 10 күннің ішінде шаһар ішінде осындай қурайлы жер кесірінен 69 мәрте өрт шығыпты. Қазіргі уақытта құзырлы мекемелерді Жетісу ауданы Көкжиек ықшамауданындағы мына алқап алаңдатуда. Мұндағы шөптердің ұзындығы адам бойынан биік, 2 метрге жетіп қалған. Яғни шалғы тимегелі көп болған.
Ал, аудандық әкімшілік болса «бәрі қаржыға» кеп тіреледі деп қарап отыр. Тендр талабы бойынша мемлекет қаржысын ұтып алғандарға «жабайы алқаптарды түгелдей тазалау жүктелмеген дейді.
10 гектар жерге созылып жатқан алаңның жартысы Түрксіб ауданына тиесілі. Ондағылар әріптестері сынды ақталуға да жарамады. Ең сорақысы мұнда жанар-жағар май бекеті тиіп тұр. Алда-жалда өрт тұтанып жатса алапат апаттың кесірінен қала шығынға батпақ.
Шенеуніктер айтқандай кәсіпкерлерді жегуге болмаса бюджеттен қаржыландырылып отырған арнайы мекеме бар емес пе? Көрші Ресейдегі осындай қураған шөптердің кесірінен тұтастай елді-мекендердің өртке орануы бізге әлі сабақ болмауда.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
23.08.10.
Қытайдағы жол апатынан Қазақстанның 4 азаматы айтарлықтай зардап шекті. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ильяс Омаров жарақаттанғандар қазір Хами қаласының ауруханасында жатыр дейді.
20 тамыз күні Үрімшіден Сиянь қаласына шыққан автобус Хами қаласына жете берісте жол апатына ұшыраған. Ондағы 48 жолаушының 19-ы Қазақстанның азаматтары. Көбі студенттер.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
23.08.10.
Алматы-Ташкент тасжолындағы жол апатынан қаза тапқан 16 адамның аты-жөндері анықталды. Қаза болғандардың 15-і Өзбекстан азаматы. Естеріңізге сала кетсек, 31 шілде күні тасжолда қалааралық автобус пен жүк көлігінің соқтығысуынан екі көлік өртеніп, 21 адам қайтыс болған еді. Апаттан көз жұмған 5 адамның есімдері әзірге белгісіз.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
23.08.10.
Павлодар облысындағы дала өртін сөндіру кезінде 33 жастағы өрт сөндіруші қаза тапты. Тілсіз жау Баянауыл ауданы Бірлік ауылының 400 гектардан астам жерін шарпыған.
Төтенше жағдайлар жөніндегі министр Владимир Божконың айтуынша, соңғы 2 аптада елімізде 28 орман, 108 дала өрті тіркеліпті. Былтырғымен салыстырғанда биыл өрт шалған аумақ 36 пайызға артқан. Мамандар еліміздің батыс пен шығыс өңірлерінде өрт қауіпі әлі де басылмай отыр дейді.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
23.08.10.
Прокурорды өлтірген кім? Алматы облысы, Ескелді аудандық прокуратурасында қылмыстық істер заңдылығын бақылау бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген 33 жастағы жігіттің денесі кеше Жетісу-Жантық тасжолының бойынан табылды.
Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, өз көлігінің жанында көз жұмған прокурордың қасында 12- калибрлі қару жатқан. Әзірге шенеулік өзіне өзі қол жұмсаған деген жорамал бар. Тергеу амалдары жүргізілуде.
|
|
|
|
|
|
|
|
|



 |
|
23.08.10.
Бүгін Халықаралық құл сату және оны жоюды еске алу күні. Құлдық, құл сату адамзат тарихындағы ең масқара беттерінің бірі. Өркениеттің биік деңгейіне көтерілдік десек те, бүгінгі қоғам бұл масқаралықтан арыла алмай келеді. Көптің ішінде өкінішке қарай, Қазақстан да бар. Тілшіміздің бейнематериалы.
Нартай Аралбайұлы. Шынар Сағындықова.
Заңымыздың мерейі үстем, адамдардың құқықтары тең деп қанша жерден жар салсақ та, елімізде адам саудасы бәсеңдемей тұр. Тек соңғы сегіз айда осы мәселеде 40-тан астам қылмыстық іс қозғалған. Ал, өткен жылы 53 іс қаралып, адам саудалаған 24 саудагер жазға тартылды. Тоқсан жолдың торабындағы Қазақстан шекара сыртына тірі тауар шығаруға да, бөгде елде арзан жұмыс күшін әкеліп, құлдыққа салуға да қолайлы аймақ деген пікір де қалыптасты соңғы кезді.
Мына жертөле мен қапасқа қамалғандар "Көріктендіру және апатты жағдайдың алдын-алу серіктестігіне" қарасты. 8 айдан бері 30-ға жуық адам осы қуықтай жерге қамалып, таңғы алтыдан кешкі сегізге дейін бел жазбай қызмет қылған. Барлығының құжатын жинап алған басшылары еңбек ақыларына соқыр тиын да төлемеген.
ДӘУРЕН ПАЛУНИЯЗОВ, ЖӘБІРЛЕНУШІ:
- Ақша сұрасақ бермейді, патруль шақыртам, анау-мынау деп қорқытады, сегіз ай келгеніме. Подвалға түсіріп қорқытады. Сигарет басты қолға.
Федолизм мен жабайы капитализм артта қалды десе де адам саудасы бүгінде әлемдегі ең өзекті проблеманың бірі. 1926 жылы Женевада «Құлдық туралы» конвенцияға қол қойылып, 51 жылдан бері құлдықтан құтқаратын бірнеше халықаралық институттар іске қосылғанымен, тірі тауарды саудалау басылар емес. Әсіресе, үшінші қатарлы елдерде.
ЕЛЕНА ПАРАЩЕНКО, "ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҚТАРЫ ОДАҒЫНЫҢ" ҚЫЗМЕТКЕРІ:
- Люди звонят жалуются, что забрали докуметы. Что не выплачивают зарплату. Они отроботали им не выплатили еще физическое насилие применяют к ним.
Адам саудасының белең алған саласы -жезөкшелік. Жас қыздарды арманның жетегіне ертіп, азапқа салатындар елімізде жеткілікті. Қызойнақ жасаушы еркектердің ақшасына қызыққан жеңгетайлар заңға пысқырып та қарамайды. Ресми мәлімет бойынша, жылына 7000 қазақстандық қыз шетелде құлдықта болады. Ал, ТМД бойынша олардың саны 700 000.
Жезөкшелікке жасөспірім қыздарды шімірікпей сатып, адам жаны мен тәнін саудалайтындар тіптен дәнігіп алған. Алматыда мұндай фактілердің саны бірнеше. Соның бірі 14 жасар бүлдіршін қызды жезөкшелікке жегіп, тар қапаста ұстаған қаніпезерлердің қылмысы.
НҰРБАҚЫТ НӘБИЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ІІД ҰҚКБ АҒА УӘКІЛІ:
-Есниязова деген қыз келіп шағымданды. Ол кісіні бас бостандығынан босатып, балконда ұстап отырды, зорламақшы болды деп.
Бұл жолы да жас қыздың арын былғап, тәнін саудаға салған сол отбасының таныстары. Жүзітаныс жанға қызын тапсырған ата-ана бүлдіршіндерінің нендей жағдайға түскенін кейін ғана білген.
ҒАЗИЗА ЖАЙСАҢБАЕВА, «РОДНИК» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:
- Он төрт жасар қыз құлдыққа түскен өзінің жақын жамағаты мамасының туысы арқылы түсіп отыр. Түскенде осы Алматыға алып келген жұмысқа. Официантка дейді ғой.
Адам саудалап, ақшаның көзін таптым деген қаніпезер жандар Қылмыстық кодекстің 128-бабы бойынша жауапқа тартылады. 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алайда бұл жазаның өзі адамның төгілген ары мен жанарындағы жасты жуа алмайтыны ақиқат.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
23.08.10.
Қазақстан мен Ресей арасында есірткі саудасымен айналысатын 120-дан астам ұйымдасқан қылмыстық топ бар. Бүгін Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметінің өкілі Евгений Ичин осылай деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, соңғы жылдары Ресей мен Қазақстан шекарашылары есірткіні "тонналап" тәркілеген. Заңсыз тауардың 46 пайызы халықаралық есірткі тасымалдау каналдары арқылы анықталыпты. Ал, Ресейде тәркіленген наша, героин сынды тауардың 30 пайызы екі ел арасындағы шекара маңынан ұсталған. Жалпы Ресей мен Қазақстан шекарасының ұзындығы 7 жарым мың шақырымнан асады.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
23.08.10.
Қазақстан өзінің жеке ұшағын жасап шығармақ. Қарағанды облысында ауылшаруашылығына арналған «Фермер» ұшағын жасайтын авиазауыттың құрылысы басталды. Бұл жобаның құны - 25 миллион доллар шамасында. 125 адамды жұмыспен қамтамасыз етілмек. Зауыт 2012 жылы іске қосылады деп жоспарлануда. Кәсіпорын жылына 50 шақты ұшақ жасап шығармақ.
|
|
|
|
|
|
|
|
|


 |
|
23.08.10.
Қысқы Азиада ойындарына Алматыдағы қонақ үйлер дайын. Ал, спорттық нысандардың әзірлігі 80 пайыз. Бүгін 7-қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитеті мен еліміздің туристік Қауымдастығы арнайы меморандумға қол қойды. Ондағы мақсат ортақ істі бірлікпен атқару. Арай Ізбай толықтырады.
Азиаданы абыроймен атқару үшін екі жақ бүгін осындай ортақ келісімге келді. Бір тарап қонақтарды көптеп шақырып, насихат жұмысымен айналысса, екіншісі оларды орналастыруға жауап бермек. Екі жақтың қызметі бір-біріне тікелей әсер ететіндер меморандумға қол қоюшылар біліп отыр.
Жиын барысында Алматы мен Астанадағы спорттық нысандардың 80 пайызға әзір дайын тұрғаны айтылды. «Алматыда салынып жатқан шаңғы трамплинінде, секіртпенің дайындығын тексеру үшін келесі айдың 26-да жарыс өтпек. Ал, қаламыздағы қонақ үйлердің басым бөлігі шетелден келетін туристер мен спортшыларды күтіп алуға дайын»,- дейді Алматы бойынша Азия ойындары дирекциясының бастығы Сұлтанмахмұт Шоқбытов.
Мамандардың болжамы бойынша, 30 қаңтар күні басталатын 7-қысқы Азия ойындарына 30 мыңнан астам қонақ келмек. Ал, олардың жеке бастарының қауіпсіздігі мен меймандардың еркін жүріп тұруына барынша қолайлы жағдай жасауымыз керек -дейді ұйымдастырушылар.
Естеріңізге сала кетсек, Азия ойындарында 11 спорт түрінен 59 комплект медаль сарапқа салынбақ. Қазірдің өзінде бұл ойындарға 32 мемлекеттің 24-і қатысатыны туралы келісім беріпті. Қатысушылардың саны жағынан Қазақстан әрине көшбасында тұр. Сондықтан да оларға қойылып отырған талап та жоғары.
7- Қысқы Азия ойындарының басталуына 160-ақ күн қалды.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
23.08.10.
Азиада дайындығына жауаптылар мен туристік қауымдастықтың ортақ келісімге келуінің себебі де бар. Мамандардың айтуынша, ТМД кеңістігінде олимпиада ойындарын өткізушілердің бір қателігі бар екен. Ол бар көңілді құрылысқа бөліп, насихат жұмысын ұмыт қалдыру екен. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында бүгін Алматыда арнайы халықаралық семинар өтті.
Олеся Николаева.
Жиында алдымен спорттық нысандардың жағдай сөз болды. Бұл мәселеде ауыз толтырып айтарлық дүние көп. Мәселен, тек Алматының өзінде 56 спорт нысаны бой көтеруде. "Жол картасы" бойынша құрылыс жұмыстарына 3,1 миллиард теңге бөлінді. Қараша айында барлық нысандар қолданысқа дайын болмақ.
ЕЛСИЯР ҚАНАҒАТОВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
СПОРТ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
-Елдің индустриалды-инновациялық дамуын тек дені сау ұлт қана қамтамасыз ете алады. Өсіп келе жатқан ұрпақты спортқа барынша баулуымыз қажет. Ол үшін спорттық нысандар жоғары деңгейде, заман талабына сай жабдықталуы қажет. Ал, бізде бұрын ондай нысандар жоқ болатын. Енді міне Азияданың арқасында бой көтеріп жатыр.
Ал, ұйымдастыру мен насихаттау жұмысына келгенде кемшіліктер бірден байқалды. Мәселен, шетелдің тәжірибесін талқылағандар "бізде бұдан жақсы" деп бір ауыз сөз айта алмады. Ал, Ресейден келген мамандар ТМД елдерінің олимпиада өткізу шараларында ортақ кемшілік бар дейді.
ЛЕОНИД ЖЕСТЯННИКОВ, «РЕСЕЙДІҢ СПОРТ ҒИМАРАТТАРЫНЫҢ АССОЦИАЦИЯСЫ» ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:
-Бізде осындай шараны ұйымдастыруға тек 20 пайыз ғана көңіл бөлінеді. Қалған бар күшімізді құрылысқа жұмсаймыз. Бұл бүкіл ТМД елдерінің қателігі. Ал Еуропада керісінше. Ұйымдастыру, насихаттау, жарнама жасауға көп көңіл бөледі. Сол себептен Еуропада олимпиада болсын, жай жарыс болсын, кез-келген шара жоғары деңгейде өтеді.
Үлкен доданың алдында осылайша кемшіліктері мен жетістіктерін бір сүзгіден өткізіп алған мамандар Азиаданы барынша абыройлы өткізуге сөз байласып тарқасты. "Тойдың болғанынан боладысы қызық" демекші, Азиада басталғанша мұндай жиындар көбеймесе, азаймайтыны анық.
|
|
|
|
|
|
|
|
|


 |
|
23.08.10.
Алты алаштың ардақтысы Дінмұхамед Қонаевтың дүниеден озғанына биыл 17 жыл толды. Осы күнге орай, арда азаматты еске алған көпшілік, оның рухына құран бағыштады. Сондай-ақ, «Қонаев мұражайына» Дінмұхамед ақсақал тұтынған бірақ осы күнге дейін көпшіліктің назарына ұсынылмаған заттары мен суреттері қойылды.
Нартай Аралбайұлы.
Елі еркелеткен Димаш атаны еске алу алкеуім таңда Кеңсайдағы зиратына құран бағыштаумен басталды. Одан соң жиылған қарақұрым халық Дінмұхамед Ахметұлының ескерткішіне гүл қойды. Бұл жерге еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін жиналды.
Дінмұхамед Қонаевтің есімі Алты алаш үшін, тазалық пен ұлылықтың теңеуіне айналғалы қашан. Оның қазақ даласына қырық қала салдырып, елдің әл-аухатын көтеруге сіңірген еңбегі бір төбе. Ғылымға қосқан үлесі де зор. Ұлттық өнерге де ықыласы ерекше еді. Мыңнан бір мысал, Алматыдағы Күләш Байсейітова атындағы мектептің ашылуына да мұрындық болған да Димаш ақсақал болатын.
НҰРҒАЛИ НҮСІПЖАНОВ, ҚР ХАЛЫҚ ӘРТІСІ:
- Ең бірінші еске түсетіні Димаш ағаның адамгершілігі ұлттық музыкаға , жалпы әлемдегі музыканың өркендеуіне деген көзқарасы өте жоғары болды.
Мына жазбада Дінмұхамед Қонаевтың бейнесі соңғы рет басылған, дауысы ақырғы рет жазылған. Мұхамеджан Тынышбаевтың 115 жылдық мерей тойында сөз сөйлеген Қонаев ақсақал, көп ұзамай көз жұмды.
Алатаудай асқақ тұлғамен кезінде дәм-тұздас болғандар ол кісіні үнемі сағынышпен еске алады. Оған себеп, Димаш ақсақалдың қарапайымдылығы, үлкенімен де, кішімен де тең дәрежеде сөйлесе алатын қасиеті болса керек. Алыстан келген ағайынды жолықтырса, шекара сыртындағы қандастардың қалын сұраудан жалықпайтын,- дейді көз көргендер.
НҰРҒАЛИ НҮСІПЖАНОВ, ҚР ХАЛЫҚ ӘРТІСІ:
-Ол кісі ешбір уақытын аямайтын. Шетелден алыстан келген ағайындардың бәрін қабылдап, шайын беріп мамыражай әңгімелесіп, ертеңге деген олардың Қазақстанға деген сенімін нығайтып отырды.
1993 жылдың 22 тамызы қазақ халқы үшін қаралы күн болды. 82-ге қараған шағында Димаш ақсақал бұл дүниеден өтті.
Содан бері уақыт озған сайын, Димаш ақсақалға деген халықтың сағынышы да ұлғайып келеді.
|
|
|
|
|
|
|
|
|


 |
|
23.08.10.
Ұлы Жібек жолы қайта жаңғыруда! Қытайдың ежелгі астанасы Сиань қаласынан бет алған халықаралық экспедиция мүшелері Алматыға атбасын тіреді. Бүгін қала әкімшілігінің өкілдері қытайлық саяхатшылармен кездесу өткізді.
Саяхатшылардың мақсаты- ежелгі жібек жолымен жүріп өте отырып, бүгінгі күнгі мәдение байланысты жаңғырту. Олар Алматыдан кейін Тараз, Шымкент, Түркістанға ат басын тіремек. Бастапқыда Қырғызстанға да қыдырып бару ойларында болған екен, бірақ бұл елдегі бүлік жоспарларын өзгертіпті.
ЩИ-ВИ-БИН, САЯХАТШЫ:
-Ұлы Жібек Жолы талай мемлекеттерді қиып өтпек. Қырғызстандағы келеңсіздіктерге байланысты онда бармайтын болдық. Жеке бастың амандығы дегендей.
Тарихшылар ежелгі Жібек жолын тек сауда керуендерінің жолы деп қарауға болмайды дейді. Олардың айтуынша, кешегі Жібек жолы өркениет пен мәдениетті бір-біріне байланыстырған, дамытқан жол дейді.
ҚАЙДАР АЛДАЖҰМАНОВ, ТАРИХШЫ-ҒАЛЫМ:
-Бұл сол кезде халықаралық байланыстың, сол кездегі мәдениеттердің алмасуы, батыс пен шығыс өркениеттерінің бір-бірімен тоғысуы деп қарастыруға болады.
Алматының мәдени орындары мен зәулім сарайларын аралаған меймандарға қала әкімшілігінің өкілдері естелік бұйымдар табыс етіп, ақ жол тіледі.
Жібек Жолымен жүріп өтпек болған қытай саяхатшылары енді Өзбекстан мен Ресейді, Түркия мен Грецияны басып өтіп, Италияның астанасы Римге барып тізгін тартпақ. Олардың бұл сапары бар жоғы бір жарым айға созылмақ. Егер ежелгі саудагерлер секілді олар Жібек жолына темір тұлпармен емес, түйе керуенімен шықса, Римге бір жарым жылда жетер ме еді, жетпес пе еді?
|
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
23.08.10.
Тиісті жалақысын төлеп беруі тиіс. Бүгін Алматыдағы еңбек инспекторлары қызметкерлерінің айлығын бермей отырған туристік агенттікке ескерту қағазын қалдырды.
((ИНТЕРШУМ
(журналист) - Конкретно когда оплатите сказать сейчас не можете?
(президент) - Нет не могу, если в сентябре он нам оплатит, то постараемся до Нового года.))
Еңбек инспекторларының айтуынша, агенттік келісім-шартта белгіленгендей, Гүлсара Қарағұловаға 316 мың теңгені осыдан екі ай бұрын төлеуі тиіс болған. Алайда, туристік агенттіктің басшылығы "биыл шығынға баттық" деген сылтаумен қаржыны бермей қойған. Ал, еңбекақысын ала алмай, зар илеген шағымданушының арызы бойынша еңбек инспекторлары жұмыс берушіге осыған дейін үш мәрте ескерту жасапты. Бүгін төртінші мәрте агенттікке бас сұққандар "ертең фирма басшысы бізге келіп түсінік жазып, айлығын қайтармаса, істі прокуратураға өткіземіз" деп білек сыбанды.
НҰРЛЫБЕК ШЫРЫНБАЕВ, МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЫ:
-Заң бойынша төлеуі керек, өйткені келісім шарттың мерзімі бітті. Прокуратураға өткізсек, солар карап тексереді.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
23.08.10.
"Қайраттан" қайрат кетіп, "Тараздан" таяқ жеді. Егер "тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк болса" біз бұлай жеңілмес едік,- дейді қайраттықтар. Жеңілгендердің уәжіне тілшіміз құлақ түріп қайтты.
Қазақ футболының феномені тал қармап тұр. "Қайрат" тағы да ұтылды. Бұл жолы Таразға. 3-0 есебімен.
АЛЕКСАНДР МАЛЫШЕВ,КОМАНДА БАСШЫСЫ:
-Өте ұят, жанкүйерлердің алдында.
Футболшылар қарсыласына доп соғуды емес, басшыларынан жалақы ала алмай жалбарынып жүр. Үш айдан бері. Жыл басынан бері сәтті ойын көрсеткендері үшін берілетін сый ақыларынан да қағылыпты. Естеріңізде болса, осыдан екі жыл бұрын дәл осыған ұқсас жағдай болып, соңында «Қайрат» премьер-лигамен қош айтысқан еді. Енді міне жоғарғы дивизионға қайта шыққан олар тағы сол соқпаққа тап болды. Осыған байланысты команда мүшелері президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тікелей хат жолдады.
ҚАЙРАТ ОТАБАЕВ, "ҚАЙРАТ" ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ:
- Пока мы слышим только обещания, это тянется с весны. Ну как видите команда до сих пор не экипирована, уже через 2 месяца чемпионат закончиться.
Қаражаттан қысым көрген Қайрат жаттығудан да қол үзе бастапты. Ақша болмаған соң, бойымызда бұрынғы жігер жоғалды,- дейді ойыншылар.
СЕРГЕЙ КУЦОВ, "ҚАЙРАТ" ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ КАПИТАНЫ:
- Настрой уже не боевой, непонятно за что играем.
Жалақыны сарғая күтіп жүргендердің қатарында тек ойыншылар ғана емес, басқа да қызметкерлер бар. Қаржы мәселесінің тууына, демеушінің ақша бөлуден бас тартуы себеп болған. Өйткені футболшылардың айлықтары тым жоғары. Орташа есеп бойынша, 2000-нан 5000 АКШ доллары аралығында екен.
РАХЫМ ӘЛИ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ТУРИЗМ , ДЕНЕ-ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:
- До конца августа уже будет разрешен вопрос по погашению задолженности. Средства по линии бюджета они не предусматривают таких зарплат понимаете, вы же знаете - нигде таких зарплат нет...перелеты, сборы, экипировка на большее не хватает пока.
«Қайраттың» жылдық бюджеті 131 миллион теңге. Ал, ай сайын тек ойыншылардың жалақыларына клуб қазынасынан 23 миллион теңге жұмсалады екен. Клуб басшылығы «Қайратқа» жаңа демеуші табылды, алдағы уақытта барлық ойыншы тиісті жалақысын алады деп тағы да бір уәде берді.
|
|
|
|
|
|
|
|
|


 |
|
19.08.10.
2020 жылға дейін жоспарланған "Бизнестің жол картасы" бағдарламасының Алматыдағы аяқ алысы шабандау. Ахметжан Есімовтың қатысуымен өткен іскерлік кеңеске қатысушылар атқарылған жұмысқа осындай баға берді. Толығырақ тілшіміз әңгімелейді.
Шағын және орта бизнестің жобалары банктер арқылы қаржыландырылады дегенде кәсіпкерлер мұндай жеңілдік тарихта болған жоқ деп қуанған еді. Яғни, тауарды сыртқа тасымалдаушы кәсіпкер несиесінің 4 пайызын ғана өтеп, ал қалған сегізін мемлекет төлейтін болып келісілген. Алайда, қуаныштары ұзаққа созылмаған іскер азаматтар төрт айдан бері Үкіметтің бұл жеңілдігіне қол жеткізе алмапты. Қаржы институттары жеңілдетілген несие деген желеумен оларға 12 пайыздық үстемақы ұсынған. Алайда, бизнес өкілдері банктердің берген ақшасын қайтару 20 пайыздан да асып түседі деп отыр.
Жол картасы бойынша жолы болмаған кәсіпкерлер банктер біз ұсынған жобаны қарағысы да, қолдағысы да келмейді деп күйінеді. Айтуларынша, бағдарламаға қатысқысы келетін іскер азаматтарды қаржы институттары жобаңыз шикі деген желеумен қайтарып жібереді екен.
Ал, банк басшыларының бұған айтар өз уәждері бар. Олар алматылық кәсіпкерлер ұсынып отырған жобалар қаржыландыруға келмейді деген ұстанымда. Іскерлер көбіне сауда мен құрылыс саласына құмар. Ал, бізге қазір экономиканың нақты секторын дамытып, шетелге экпорттайтын тауарды өндіру жайын ойластыру керек,- дейді банк өкілдері. Бұл бағыттағы жобалардың қарасы ілуде біреу ғана.
ӘНУАР СӘЙДЕНОВ, "БАНК ТҰРАН ӘЛЕМ" АҚ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:
- Ең алдымен бізге өтініш жасап келетін кәсіпкерлер өте аз. Ал, банкке келгендерінің бизнес жобалары шала жасалған. Оның үстіне көбінің заңды мекен жайы Алматыда болғанымен, кәсіпорны облыста орналасқан. Біз оларға несие бере алмаймыз.
Жалпы "Бизнестің жол картасына" республика қоржынынан – 30 млрд. теңге бөлінген. Соның 850 млн-ы А | | | |