Қызметі:
Бас директор
«Almaty» Телерадиокомпаниясы» АҚ Қоғам Жарғысына сәйкес, Тимур Талғатұлы Базарбаев Бас директор болып тағайындалды.
Тимур Талғатұлы 1987 жылы 4 шілдеде дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетін тәмамдаған.
Бұған дейін Nur Otan партиясының (қазіргі AMANAT) баспасөз хатшысы қызметін атқарған.
Ол әр жылдары Алматы қаласы, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары әкімдіктерінде, «Nur Media» ақпараттық холдингі мен «Nur Otan» партиясы құрылымында жұмыс істеген.
2016-2019 жылдары – Алматы қаласы әкімдігінің жұртшылықпен байланыс қызметінің басшысы.
2019-2022 жылдары – «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының баспасөз қызметінің басшысы.