|
10.03.2017 | 11:35
1488

"Ағайынды төртеу" атты қылмыстық топтың басшысы Еркін Ізбасардың қамау мерзімі ұзартылды

«Ағайынды төртеу» деген лақап атпен таныс қылмыстық топтың басшысы Еркін Ізбасардың қамау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. Енді күдікті 7-ші сәуірге дейін абақтыда болмақ. Қазіргі таңда мұнай ұрлығына қатысты 22 адам тергеліп жатыр. Еске сала кетейік, қылмыстық топтың серкесі Еркін Ізбасар Ақтөбеде мұнай ұрлау дерегі бойынша ұсталған. Ұйымдасқан қылмыстық топ басшысымен бірге оның оққағары мен жүргізушісі де бірге Алматыда тұтқындалған еді. Кейінірек қылмыстық топтың жетекшісі Ақтөбеге ұлттық қауіпсіздік комитетінің ұшағымен жеткізілді. Тергеу мәліметі бойынша, ол жат ағымның жетегінде кеткен жігіттерді қарақшылық үшін пайдаланған деген айтып тағылуда. 21-ші желтоқсан күні Ішкі Істер Министрлігінің криминалды полиция департаменті басшының бұрынғы орынбасары Рахат Аханов ұсталған болатын. Тергеу оны қызметін асыра пайдаланып, қылмысқа болысқан деп күдіктеніп отыр.

«Сотқа дейінгі тергеп тексеру органдарымен Ізбасар ҚР Қылмыстық кодексінің 262 және 197 баптарымен қылмыс жасаған деп күдіктелуде. Ізбасарға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы 4 айға дейін, яғни 7-ші сәуірге дейін ұзартылды»,- деді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы, Илиада ДОСОВА.







Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир