|
26.12.2016 | 10:05
1578

Агроөнеркәсіп саласына жаңаша даму әкелетін бағдарлама қабылданды

Агроөнеркәсіп саласына тың серпін, жаңаша даму әкелетін бағдарлама қабылданды. Қарапайым шаруаны жарылқайтын бұл жоба 2017-2021 жылдарды қамтиды. Бағдарламаның негізгі мұраты  - ауыл халқының дәулетті болуына, ал, ет-сүт қабылдайтын орындардың шикізатпен толық қамтылуына жол ашу. Елдегі көптеген зауыт-фабрикалар  дәл осы шикізаттың жетіспеушілігінен толық қуатында жұмыс істей алмай отыр. Бағдарлама осы олқылықты түзеу үшін кешенді тәсілді енгізбек. Яғни зауыт салынса, оның айналасына қызмет көрсететін шаруақожалықтар да ашылатын болады. Осының арқасында ет-сүт, көкөніс өнімдерін шығару көлемі 1,3 есеге артып, табыс мөлшері 4,3 трлн теңгеге дейін артады деген болжам бар. Ол үшін жергілікті жерде кооперативтер көптеп құрылады.

«2017-2019 жылдарға жергілікті бюджетке белгіленген бағдарламаның негізінде қаржы жұмсалады. Соған байланысты іс-шаралар жоспары бекітіледі.  Яғни біз қолданыстағы заң арқылы тиімділігін қамтамасыз етеміз», - ҚР АШМ мал шаруашылығы өнімдерін өндіру департаментінің басшысы Еркебұлан АХМЕТОВ.

Бүгінде аймақтарда сүт және ет өнімдерін өндірушілерді кооперативке біріктіру басталды. Одан бөлек мал бордақылау мен, сою пунктерін ашу, тері-жүн шикізаттарын жинау, жеміс-жидек, көкөніс өндіру, балық, құс шаруашылығы кооперативтері бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Алдағы 3 жылда 800-ден астам ауылшаруашылық кооперативтерін құру жоспарда бар дейді мамандар. Осы жарты жылдықта басталған бұл жұмыс  81 сүт бағытында, 105 жалпы кооператив негізгі бағыты ет өндірісі, сондай-ақ оңтүстік өңірлерде 64 көкөніспен айналысатын отбасылық жылыжайлар кооперативтері құрылды.  


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир