|
27.06.2017 | 11:07
1129

Ағымдағы жылдың соңғы 5 айында экономикалық өсім 4,1 пайызға артқан

Ағымдағы жылдың соңғы 5 айында экономикалық өсім 4,1 пайызға артқан. Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемі 880 млрд теңгеге қысқарады. Бұл Ұлттық экономика министрінің  халық алдында есеп беру кезінде мәлім болды. Тимур Сүлейменов еліміздің әр саласына жеке тоқталып, статистикалық мәліметтер келтірді. Мемлекеттік - жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асатын ауқымды мәселелер қозғалды. Оның ішінде балабақша салу кезінде кәсіпкерлердің алдындағы кедергілерді азайту, қағазбастылықты қысқарту көзделген. Әрі, шығарған қаржысын 5-6 жыл ішінде қайтаруға жағдай жасалмақ.

«Келісім-шарттың тек 1 жылға ғана жасалуы мемлекеттік - жекеменшік серіктестік бағыттың басты түйіткілдерінің бірі. Жасалған келісім ары қарай созылғанымен кәсіпкерлерге нақтылық керек. Осыған орай, біз бюджеттік кодекске өзгеріс енгізуді қарастырып отырмыз. Яғни, ұзақ мерзімге келісім-шарт жасау мүмкіндігін туғызу қажет. Бұл өз тарапынан бизнесмендердің алдағы уақытта қызығушылығын арттырып, құйған ақшасын белгілі мерзімде қайта өндіріп алуына мүмкіндік береді», - деді Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ.

Экономикада да  едәуір өсім байқалған. Министрдің айтуынша, оған өндіру және өңдеу өнеркәсіптері, құрылыс пен көлік саласының қарқынды дамуы әсер еткен. Құйылатын инвестиция көлемі өсіпті. Одан өзге, еліміздің сыртқы сауда айналымында да өсім жоғарлаған. Сұраныстың артуы негізінде жасалған келісім -шарттардың арқасында пайыздық көрсеткіш 25,7 пайызды құрапты. Бүгінгі таңда мемлекеттік нысандарды  жекешелендіру саясаты да қолға алынған. Тимур Сүлейменовтың айтуынша, одан түскен қаржы тікілей Ұлттық қорға құйылады. Әрі бірнеше миллиард теңге көлемінде болмақ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир