|
15.02.2017 | 12:38
1091

Ақшаны игере алмаған облыстардың қаржысы қысқармақ

Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында ақшаны игере алмаған облыстардың қаржысы қысқаратынын да айтты. Бас қаржыгер Бақыт Сұлтановтың мәліметінше, былтыр «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының 2 миллиард теңгесі игерілмей қалған. Яғни «мына салаға ақша жетпеді» деп зар илеген әкімдер, жеме-жемге келгенде қаражатты жаратпай сорлапты. Ел премьері барлық әкімнің уәжін тыңдап шықты. Жыл сайын бөлінген теңгені тиісті салаға бөле алмай, басы қатқан облыс әкімдеріне налыды. Енді жыл соңында ешбір облысқа қомақты қаржы беруге Үкімет басшысы тыйым салды. Өйткені бөлінген қаражатты игеріп үлгеру үшін қайта түзету көбейіп кеткен.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир