|
07.06.2017 | 12:06
1886

Ақтөбеде содырлардың қолынан қаза тапқан азаматтарды еске алды

Ақтөбеде содырлардың қолынан қаза тапқан азаматтарды еске алып, қала тұрғындары № 66 та 55 әскери бөлімінің алдына гүл шоқтарын қойды. Былтыр 5 маусымда Ақтөбе қаласында содырлар  «Паллада» қару-жарақ дүкен тонап, артынша әскери бөлімге шабуыл жасаған. Кесіренен 3 полиция қызметкері мен 4 қарапайым тұрғын бақилық болған еді. Ал бүгіндері қалада тыныштық орнаған.

«Мұндай шара біздің барлық бөлімшеде өтіп жатыр. Бұл жеке құрамдағы әскерилер мен қала тұрғындары арасында патриоттық сезімді ояту үшін маңызды қадамдардың бірі. Өз батырларымызды дәріптеу – басты мақсат. Азаматтық борышын өтеу барысында бақилық болған адамдар бар. Олар әрдайым есте болуы қажет. Өйткені, өткен жылы 17 содыр осы әскери бөлімге шабуыл жасаған болатын. Сарбаздар барынша қарсылық білдіріп, тоқтатуға тырыс бақты. Террористердің басты мақсаты – қоймадағы қару-жарақты қолға түсіру еді», - деді Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардия бас қолбасшысының орынбасары Мұхамедқали САТОВ.

Естеріңізге сала кетейік, осы жағдайға байланысты 29 адам ұсталған. 7 қылмыскер өмір бойы бас бостандығынан айырылды.   9 -ы бірқатар заңбұзушылықтар мен тікелей қақтығыста қатысқандары үшін айыпталды. 18 азамат қылмыстық әрекетті біле тұра ақпар бермегені үшін, 2 адам ланкестік әрекетті бұғып қалғаны үшін жауапқа тартылған. Сонымен қатар, 48 адам куәгер ретінде, 88 адам зардап шегуші ретінде сотқа қатысты. Ел егемендігінің 25 жылдығына орай, жауапқа тартылған қылмыскерлердің 4/1 бөлігі рақымшылыққа ие болуы ықтимал. Яғни, «қылмысты біле тұра жасыру және  бұғып қалу» бабы бойынша 19 адамның жазасы жеңілдейді. 2016 жылы жалпы алғанда елімізде  ленкестік әрекетке қатысы бар 143 адам сотталған.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир