|
20.01.2017 | 11:58
1727

Алау эстафетасының өткізілуіне байланысты жеке көлік құралдарының қозғалысы шектеледі

Алау эстафетасы салтанатының өткізілуіне байланысты Алматыда жеке көлік құралдарының қозғалысы шектеледі. Жексенбі күні, 29 қаңтарда Алау эстафетасы мына бағыттар бойынша өтеді деп жоспарланған:

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Универсиетінен, яғни Тимирязев көшесімен жүріп Манас көшесіне түседі. Манас көшесінен Абай даңғылына бұрылып, Сейфуллин даңғылымен төмен жүреді. Сейфуллин даңғылымен Гоголь көшесіне дейін , одан кері қайтып, Төле би көшесімен алып жүрілмек. Төле би көшесімен Достық даңғылына дейін жүріп, Абай даңғылымен Байтұрсынов көшесіне дейін жетеді. Байтұрсынов көшесімен көтеріліп, Сәтбаев көшесіне түседі. Сәтбаев көшесімен Достық даңғылына жетіп, Республика алаңына дейін барады. Бұл бағыттар бойынша көлік қозғалысы сағат 10.00 ден 14.00-ге дейін шектелетін болады. Алау эстафетасы көшелердің басым бөлігімен өтетіндіктен автобус бағыттары өзгермейді. Автобустар Алау эстафетасы өтетін бірқатар жерлерде тоқтатылады. Осылайша, жоғарыда аталған учаскелерде әр бағыт бойынша көліктер орташа 5-10 минут қана кідіреді.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир