|
29.12.2016 | 15:15
1548

Алмалы ауданы әкімінің Жаңа жылдық шыршасы өтті

Биыл Алмалы ауданы мың жарымға жуық әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына мерекелік сый-сыйапаттар жасады. Жаңа жыл қарсаңында көп балалы отбасы бүлдіршіндеріне, жарымжан балғындарға Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ұйымдастыруымен қойылым қойылды. Аяз ата мен Ақшақардың шырша мерекесін тамашалаған балаларға кішігірім сыйлықтар табыс етілді.

«Алмалы ауданы әкімінің аппараты жаңа жыл қарсаңында аз қамтылған отбасылар, көп балалы отбасылар, мүгедек балалардың жаңа жылды жақсы қарсы алу аясында, көңілдерін көтеру аясында осындай шырша, жаңа жылдық мереке ұйымдастырып жатыр. Биыл ауданымызда барлығы мың жарымға жуық әлеуеметтік аз қамтылған балалар қамтылады осындай мерекелік іс-шаралармен», - деді Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр БЕКЖАНОВА.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир