|
20.01.2017 | 11:50
1845

Алматы-2 теміржол вокзалында жолаушылар вагоны өртенді

Алматы-2 теміржол вокзалында жолаушылар вагоны өртенді. Алғашқы өрт сөндіру қызметі оқиға орнына кеңейтілген құрамда жеткен. Өрт тұтанған кезде жолаушылар вагоны стансаның запастағы жолына реттеу үшін қойылған. Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, апатты жағдай қосулы тұрған пештің қараусыз қалғанынан болуы мүмкін. Қолданыстан алынып тасалған вагонның нақты не себепті өртенгенін сараптама нәтижесі көрсетпек. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде тиісті шаралар қолданылады. Айта кететіні, вагон ескі болғандықтан, техникалық жағынан оны қолданыстан алып тастаған.
Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир