|
22.12.2016 | 11:01
1574

Алматы әуежайында 26 рейс кешікті

Алматы әуежайында ішкі және халықаралық бағыттардағы 26 рейс кешікті. Ал, күні кеше алып шаһардан 23 ұшақ кестеден кешігіп ұшқан. Оның ішінде Киев, Астана, Гонконг, Куала-Лумпур, Тегеран және Стамбул қалаларына бағытталған әуе кемелері бар.  Әуежай өкілдері жолаушылардың жоспарына ауа-райының қолайсыздығы кедергі келтірді деп отыр. Айнала нашар көрінгендіктен, ұшқыштар әуе кемесін сапарға шығаруға тәуекел етпепті. Десе, де әуежай әкімшілігі рейстерді шегеру туралы шешімді әуе компаниялары қабылдайды дейді.

«Егер бір ұшақ кешіктірілсе, онда бұл басқа да рейстердің кешігуіне әкеп соғады. Сондықтан олар да бір, бір жарым сағатқа тұралап қалады. Жалпы рейстерді шегеру туралы шешімді әуекомпания қабылдайды. Олар бірінші рет үшақтарды кешіктірді, ал, екінші рет жолға қойып еді келеңсіздіктер туды. Мысалы, Алматыға келуі тиіс ұшақ қайтадан Үрімші әуежайына оралып қонды», - деді «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ басқармасының атқарушы директоры Бақытжан ӘБДІРАСЫЛОВ.

Ауа райының қолайсыздығы Алматы-Үрімші бағытындағы әуе кемесінің ұшуына да кедергі келтірді. Нәтижесінде, 19 желтоқсаннан бастап көптеген жолаушылар әуежайда отыруға, тіпті сонда қонуға мәжбүр болған. «China Southern Airlines» Қытай әуе компаниясының өкілдігі рейс кідіретінін 140 жолаушыға ескертіп, қонақүйге орналасуға ұсыныс білдіріпті. Бірақ көпшілігі бас тартып, күту залында қалуды ұйғарған екен. Белгілі болғандай, қазіргі уақытта  Қытай әуе компаниясының ұшағы Алматыдан аман-есен ұшып, Үрімжіге қонғаны белгілі болды. Шаһардың әуежайы штаттық режимде жұмыс істейді, бірақ егер ауа-райы кедергі келтірсе, шағын рейстердің кешігуі мүмкін деп ескертті әуежай әкімшілігі.

«Біздің әуекомпания бірінші орынға адамның денсаулығын қояды, олардың қауіпсіздігін қояды. Сондықтан бізде бірінші задержканы біз жасап жатқан жоқпыз, әуекомпания жасап жатқан жоқ. Тек ауа-райына байланысты жасап отырмыз», - деді «China Southern Airlines» әуе компаниясының өкілі Амангүл ЗҰЛҚАЖЫ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир