|
30.03.2017 | 11:59
1265

Алматы жауын-шашыннан келетін тасқындарға жан-жақты төтеп беру шараларын жүргізіп жатыр

Алматы жауын-шашыннан келетін тасқындарға жан-жақты төтеп беру шараларын жүргізіп жатыр. Қалада 25-ші ақпаннан бері арық жүйелері ретке келтіріліп, суағарлар тазалануда. Әсіресе оңтүстіктен солтүстікке қарай орналасқан басты арықтардың жолы ашылған. Биылғы арық жүйелерінің құрылысы мен қайта жөндеу жұмыстарының  жалпы көлемі - 14,72 шақырымды құрайды. Оның ішінде Алатау ауданының 6 көшесі 2,3 шақырым,  Әуезов ауданының 5 көшесі 7,6 шақырым Бостандық ауданының 2 көшесі 720 метр және Медеу ауданының 7 көшесінде 4 шақырым арық жөндеуден өтеді.  Ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 15,1 км болыпты. Жалпы, Алматы қаласында 1200 шақырым арық бар. Ондағы 853-і жергілікті бюджет қаржысы есебінен тазаланады. Ал қалғаны пәтер иелерінің кооперативі тарапынан жөндеу көрмек.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир