|
14.02.2017 | 10:15
1362

Алматы қаласы басқарма басшылары «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалына есеп беретін болады


Алматы қаласы басқарма басшылары «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалына есеп беретін болады. Ең алғашқылардың бірі болып Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының жетекшісі атқарылған жұмыс туралы айтып береді. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесінің отырысында мәлім болды. Кеңес мүшелері жылдың басынан бері осындай бір кездесу өткізген. Екінші жиын елбасының халыққа жолдауы мен билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуі және еліміздің конституциясына өзгерістер енгізетін заң жобасын талқылауға арналды.

«Қазақ тіліне басымдық беру мәселесі шынында да біздің елімізде қазақ тілі қанша басымдық болып құжаттарда жазылса да, әлі өз күшінде емес екендігін халық көріп отыр, ел біліп отыр. Әлі де сол аудармамамен күн көріп келе жатырмыз. Осы жолдауда енді қазақ тіліне басымдық беруге осы жолдауда атап айтылды. Анықтап жазылды», - деді «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің мүшесі Төреғали ТӘШЕНОВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир