|
26.04.2017 | 11:04
1520

Алматы қаласына израильдық кәсіпкерлер инвестиция салуға ынталы

Алматы қаласына израильдық кәсіпкерлер инвестиция салуға ынталы. Әсіресе израильдықтар қаламыздағы ауыл шаруашылық, қауіпсіздік және медицина салаларына ерекше көңіл аударып отыр. Алматылық кәсіпкерлер мен Израиль елінің ірі бизнес өкілдері кездесті. Қазірдің өзінде елімізде мұнайгаз, металлургия, тау-кен ісі, кабельді өнімдер, телекоммуникация, сауда, фармацевтика сияқты салаларды қамтитын израильдық 270 мекеме жұмыс істесе, соның 157-сі Алматы қаласында орналасқан. Ал шаһар мен Израиль елінің арасындағы сауда айналымы биыл жыл басынан бері 12 пайызға, яғни 1,7 миллион АҚШ долларға өскен, былтыр бұл көрсеткіш 1,5 миллионды құрапты.

«Бізге үш бағыт өте қызық болып тұр. Алматы қаласы бойынша, біріншіден, ауыл шаруашылық өнімін өңдеу, ІТ технология арасында және қауіпсіздік. Ол мемлекетте бұл салалар өте қатты дамыған. Сондықтан біз алғашқы тәлім-тәрбие, тәдірибе алуға тырыстық. Сондай технологияларды осы Алматы қаласына енгізуге жоспар қойып отырмыз», - деді  кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас МӘДИЕВ.

Бизнес-форум барысында екіжақты серіктестіктің бастамасы ретінде елімізде ақпараттық технологияны жетілдіруге арналған меморандумға қол қойылды. Алматы 3 млрд АҚШ доллардан аса азық-түлік өнімдерін тұтынса, соның 1 млрд-ы импортқа тиесілі. Шетелден ірімшік, құс еттері мен шұжық өнімдері жеткізілетін. Енді бұл өнімдерді өзімізде де өндіруге болады. Бұл үшін инвесторларға қолдау көрсету мақсатында салық төлемдерін азайту шаралары да қарастырылыпты. Сондай-ақ екі ел арасындағы кәсіпкерлікті дамыту үшін Индустриалды аймаққа инвестиция тарту мәселесі жоспарда бар.

«Біз Қазақстанда жылыжайлар салуды бастап кеттік. Бұдан бөлек, осында құс, күркетауық, балық өнімдерін өндіретін фабрикалар Израиль елі арқылы құрылған болатын. Ауыл шаруашылығындағы барлық салаларда Израильдің Қазақстанға ұсыныстары көп. Қазірдің өзінде екі ел арасындағы серіктестікке қызығушылық артып отыр», - деді Израиль мемлекетінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Михаил БРОДСКИЙ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир