|
04.08.2017 | 17:23
40275

Алматы қаласында орналасқан жоғарғы оқу орындарына шолу

Қазақстан бойынша жыл сайын мыңдаған абитуриенттер жоғарғы оқу орындарында білім алуда. Республикамыздағы студенттердің көпшілігі Алматы мен Астана қалаларында орналасқан оқу орындарын таңдайды. Мысалы, 2014 жылдың  деректеріне сүйенетін болсақ, Алматыда 200 000-нан астам жастар білім алуда. Осы уақытқа дейін студенттер саны көбеймесе, азаятын емес.

Қаламыздың көркем табиғаты, қызықты әрі әсерлі өмірі, сапалы білім беретін оқу орындарының көптігі - еліміздің түкпір түкпіріндегі түлектерді қызықтыратынын біле отырып, біз биыл білім ұясынан ұшқалы отырған түлектеріміз үшін қаладағы жоғарғы оқу орындарын бір шолып шықпақпыз.


Көпсалалы ЖОО:

1) Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

2) Сулейман Демирель атындағы университет [СДУ]

3) Каспий университеті [КОУ]

4) Алматы технологиялық университеті [АТУ]

5) Қазақ Ұлттық аграрлық университеті

6) Туран университеті


Техникалық салада білім беретін ЖОО:

7) Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

8) Қазақ-Британ техникалық университеті

9) Халықаралық IT университеті

10) Алматы энергетика және байланыс университеті

11) Қазақ Бас сәулет құрылыс академиясы

12) Қазақстан инженерлік технологиялық университеті

Гуманитарлық салада білім беретін ЖОО:

13) Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

14)  Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

Экономика және менеджмент саласындағы оқу орындары:

15) КИМЭП университеті

16) AlmaU (Алматы менеджмент университеті)

17) Халықаралық бизнес университеті (UIB)

18) НАРХОЗ университеті


Ал егер сіз өнер жолын таңдасаңыз, Алматыда мынадай оқу орындары бар:

19) Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы

20) Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы

21) Сымбат сән академиясы



Жалпы, оқу орнын таңдау - өте жауапты қадам, себебі бұл жерде жастар тұлға ретінде дамиды, өзінің өмірдегі орнын тауып жатады, өзінің бағыт-бағдары айқындалады. Бір адамдарға университеттің білім сапасы маңызды болса, енді біреулері университтің қоғамдық өмірдегі беделіне қарап жатады. Білім сапасын да әркім әрқалай түсінеді: біреу үшін материалдардың ауқымдығы мен қиындығы көрсеткіш болса, басқа студент оқытушылардың санатына мән береді. Сондықтан болар, білім ордаларының рейтингын жасап, зерттеу өте қиын әрі күрделі процесс.


Студенттік шақ -ең қызықты, ең әсерлі уақыттардың бірі. Сондықтан уақытыңызды құр өткізіп алмай, мүмкіндігіңіз болып жатса, әртүрлі іс-шараларға қатысып, салауатты өмір салтын ұстана білсеңіз — ересек өмірде қалыптасу жеңіл болады. Ал Алматыда жан-жақты дамуға бар жағдай жасалынған: әртүрлі жастар клубы, қалалық марафон, көптеген спорттық жарыстар, интелектуалды сайыстар да баршылық. Содан болар, біздің жастар өте пысық әрі белсенді келеді. Тіпті, кейбіреулер өзінің карьерасын университетте оқып жүріп-ақ бастап кетеді.


Дегенмен, қай жерде оқысаңыз да, қандай білім алсаңыз да, болашақ мықты маман, қадірлі азамат болуын өз қолыңызда! Биылғы түлектермен олардың ата-аналарына сәттілік!


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир