|
27.02.2017 | 10:56
1150

Алматы мен Ташкент бағытында жолаушылар жүрдек пойызы қатынайтын болады

Алматы Ташкент бағытында жолаушылар жүрдек пойызы қатынайтын болады. Сондай-ақ, Өзбекстанға қарай автобустар мен әуе рейстері аптасына 6 рет жүріп жолаушы тасымалдайтын болады. Премьер министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев келісімге қол қойды. Қос мемлекет басқа да салада екі жақты қарым-қатынасты тереңдету жайын талқылады. Атап айтқанда, автомобиль құрылысы, туризм, мұнай, химия және әскери салада. Бүгінгі таңда, біздің елімізде агроөнеркәсіп кешенінде және химия саласында осы елмен бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. Өткен жылы Қазақстан мен Өзбекстанның арасындағы тауар айналымы 1 жарым миллиард долларды құраған. Қос елдің сауда-саттығы 40 пайызға ұлғайған. Келесі меже 2020 жылға қарай көрсеткішті 5 миллиард долларға арттыру.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир