|
26.01.2017 | 10:30
1644

Алматы облысында үш ағайындыны өлтірген қылмыскерлерге қарсы үкім еш өзгеріссіз қалды

Алматы облысында үш ағайындыны өлтірген қылмыскерлерге қарсы үкім еш өзгеріссіз қалды. Талдықорғанда сотталғандар түсірген апелляциялық шағым қабылданбады. Естеріңізге сала кетейік, Талғат Сулейманов пен Мұрат Оңалбаев қылмыстық кодекстің  бірнеше баптары бойынша кінәлі деп танылған болатын. Олардың арасында топ болып алдын-ала сөз байласып кісі өлтірді, аса ірі көлемдегі қарақшылық және бірқатар басқа да ауыр құқық бұзушылықтар бар. Осы қылмыстар бойынша Талғат Сулеймановты өмір бойы бас бостандығынан айырып, жазасын ерекше режимдегі колонияда өтеу туралы үкім тағайындалған болатын. Ал, Мұрат Оңалбаев сот шешімімен 25 жылға түрмеге қамалған еді. Тағы бір қатысушы қылмыс туралы хабарламағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал, жантүршігерлік оқиға18 қыркүйекте Алматы облысында болды. Ағайынды үшеу, Ұзынағашқа мал сатуға барып, із түссіз жоғалған еді. Кейінірек олардың күштеп өлтірілген денесі табылды.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир