|
24.05.2017 | 16:52
1878

Алматы облысының балабақшасында жарылғыш зат бар деп ақпарат таратқан азаматша ұсталды

Алматы облысының Талғар ауданында балабақшада жарылғыш зат қойылды деп ақпарат таратқан азаматша ұсталды. 1980 жылы туылған келіншек бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Қазір ол Талғар аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілген. Бұл туралы Алматы облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиғаның мән-жайы сұралып жатыр. Сондай-ақ, тексеру жұмыстары жалғасуда.

«Талғар аудандық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне Қызыл Қайрат ауылдық округіндегі балабақшалардың бірінде жарылғыш заттың қойылғандығы туралы ақпарат хабарлама келіп түседі. Ақпарат түсе салысымен аудандық полицияның барлық жеке құрамы дабыл бойынша көтеріліп барлық сол балабақшалардың ғимараттарында тексеріс жүргізеді. Бұл жерде саперлар жұмыс істеп жатыр. Кинологтар, сонымен қатар басқада мемлекеттік органдардың өкілдері жұмыс істеді»,- деді Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі, Айман МЫРЗЕКОВА.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир