|
31.05.2017 | 11:45
1785

Алматы үздік аула сыпырушысын таңдайды

Алматы үздік аула сыпырушысын таңдайды. Үміткерлер өтініштерін 15 маусымға дейін тапсырып үлгерулері керек. Қаланың тазалығына қырағы қарап, қызметін арымен атқарып жүрген жандар арасында үздіктер жаз бойы анықталмақ. Байқаудың жалпы жүлде қоры 650 мың теңге. Тілші Перизат Көмекбайқызы байқаудың өткен жылғы жеңімпаздарымен тілдесіп қайтты.

Виктор Петровтың сыпырғыны серік еткеніне 3 жылдан асқан. Ауланың келбетін көркейтуге ат салысып жүрген қария өткен жылы бағын сынамақ болып, байқауға қатысқан. Еңбекқор жанның еңбегі еленді. Былтыр сайыста 3 орынды иеленді. 

«Мен жұмысқа таңғы сағат 5-тен бастап кірісемін. Жұмыстың өз қиындығы бар. Байқауды ойлап тапқан жандарға алғысым шексіз. Сайыс бізге үлкен ынталандыру береді. Еңбегің бағаланғаны үлкен қуаныш»,- деді «Үздік аула сыпырушысы-2016» байқауының жеңімпазы, Виктор ПЕТРОВ. 

Сайыс жеңімпазына былтыр 100 мың теңге табысталған. Оған қоса, қазір көршілер арасында танымалдылығым артты дейді ақсақал. Үздік аула сыпырушы байқауы 5 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Биыл ұйымдастырушылар қаланың тазалығын сақтаушыларға арнап, ерекше тосын сый әзірлепті. Алып шаһарда сыпырғыны серік еткендердің портреттері салынбақ. Жас суретшілер жаз бойы олардың суреттерін салып, күзге қарай арнайы көрме өткізбек.

«Портрет салу деген ұзақ процесс сондықтан біз ұйымдастырушылармен келісіп, бұны біз қыркүйек айында сутденттер де демалыстан келеді. Ол демалыс кезінде портреттерді жасап, қыркүйек айында үлкен бір көрмемен аяқтайық дедік. Академия Жүргеновтің көрме залында ұйымдастырамыз»,- деді Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы кафедрасының меңгерушісі, Болат ТҰРҒЫНБАЙ. 

Осы жылы сайысқа қатысамын деушілер 15 маусымға дейін өтініш беруі тиіс. Қазірдің өзінде 100 адам ниет білдіріп үлгерген. 

«Үздік аула сыпырушысы үш кезеңнен кейін анықталады. Алдымен тұрғындар Нағыз алматылық сайтында өз үміткеріне дауыс беруі керек. Екінші турға жолдама алғандардың ауласын құпия тексерушілер қарап бағалайды. Тек содан кейін комиссия кімді жеңімпаз атауға болатынын анықтайды»,- деді «Үздік аула сыпырушы» жобасының жетекшісі, Анастасия КИРЯСОВА. 

Байқаудың жүлде қоры 650 мың теңге. Оны 5 қатысушы өзара бөліседі.

Перизат Көмекбайқызы, Арсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы








¤

 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир