|
07.04.2017 | 11:35
1671

Алматыда 15 шақырымға жуық арық жүйесі жаңармақ

Биыл Алматыда 15 шақырымға жуық арық жүйесі жаңармақ. Ол үшін қала қазынасынан 500 млн теңге бөлінеді. Қомақты қаражатқа жаңа суағарларды да салу көзделген.

«Қаланың ішіндегі бүкіл арықтар инвертизация жасалып шықты. Қай жерде проблемный бір өзінің орындары бар. Қай жер бірінші есепте істелуі керек, қай жер қазір күте тұрады дегендей жағдайда соның барлығына жұмыстар атқарылды. Наурызбай ауданында мысалға арықтар мүлдем жоқ деп айтсақ та болады. Ол бізге қосылған аудан. Ол жақта арықтар болмаған. Сондықтан, ол жақта жаңа құрылыс болады»,- деді Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы, Айдын ТЕМЕШЕВ.

Бұған қоса, келесі айда қала аумағындағы 3 өзеннің арнасын бекіту ісі де қолға алынбақ. Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен 1 млр 300 млн теңге бөлініп қойған. Атап айтқанда, Жетісу ауданындағы Есентай өзені қайта жаңғыртылады. Өзеннің Ангарская көшесінен қаланың солтүстік шекарасына дейінгі 10 шақырымы тереңдетіліп, арнасы бекітіледі. Ал, Медеу ауданында Кімасар және Зообақ ішінен ағатын Жарбұлақ өзенін жөндеу көзделуде.

«Барлығы жалпы алғанда 11,5 км-ге жуық жұмыстар биылғы жылға жоспарланып отыр біздің басқарма бойынша. Жұмыстың басталуы осы жылдың мамыр айынан бастаймыз деп көздеп отырмыз. Қазір мемлекеттік сатып алу процестері болып жатыр. Оны сол конкурстар бойынша ұтқан компанияларды анықтау, технодзор олармен келісімшартқа отыру сондай жұмыстар қазір өткізіліп жатыр»,- деді Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы, Айдын ТЕМЕШЕВ.

¤


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир