|
29.12.2016 | 11:38
3182

Алматыда Ақшақар мен Аяз ата үйлерді аралап сыйлық таратуда

Армандар орындалады. Алматыда Ақшақар мен Аяз ата үйлерді аралап жүр. Қол ұстасып көшеде жүрген екеу қолдарындағы силығын алдағы он күнде таратып бітпек. Барлық балаға емес, Аяз атаға алдын ала хат жазып, армандарын айтқан бүлдіршіндерге бермек. Жомарт жандардың жұмысын келесі бейнематериалдан көрсек.


Күтпеген қуанышқа кенелген отбасының бірі Есимовтер жанұясы. 40 жасында бес баланы дүниеге әкеп, көп балалы ана атанған Күлсім шулаған бүлдіршіндерімен бірге қуанып жүр. Енді жаңа жылда қандай сыйлық алам деп бас қатырмайды. Аға-бауырларын алдын ала ойлаған 10 жастағы ұлы бір ай бұрын Аяз атаға хат жазып, қажетті заттарының тізімін жіберіп тастапты. Міне күтпеген жерден жетіп келген жомарт жандар қыстық жылы күртешеден бастап, жаңа жылдық дастарханға қажетті заттарды әкеп тастады.


«Біз бірінші рет хат жаздық. Балаларым армандарының орындалғанына сеніп, қуанып отыр. Біз мүлдем күткен жоқпыз бұндай сәтті. Үлкен ұлыма жылы күртеше әкелді, көкеністерді де көп әкеліпті. Жаңа жылдық торты тағыда бар. Рахмет. Өте қуаныштымыз»,- деді Көп балалы ана, Гүлсім ЕСІМОВА.  


Армандарын айтып, қызыл шапанды шалдың қолынан сыйлық алғысы келген балалардың хаттары да әр түрлі. Бірі құны қымбат сыйлық қажет десе, енді бірі тек Аяз атаның көрініп, қарындасын немесе  ата-әжесін қуантып кетсе де разы екендіктерін білдірген. Ал осы іс-шараны ұйымдастырып, балалардың  сәбилік батықты сәтттерінің бірін орындамақ болған жандар көбінесе әлеуметтік жағдайы орташа отбасыларды таңдаған.


«Балалардың хаттарын оқыған кезде көңіл күйіңіздің түсетін кезіде бар. Жүрегіңіздің шаншитын сәті де болады. Ерекше қуанатын сәттерде бар екен. Сония деген қыз Аяз ата маған емес, әжеме бір буклет гүл беріп, оны қуантыңыздаршы. Өйткені ол рак ауруымен ауырады дейді. Сондықтан, балаларды қуантуға теңізге тамған тамшыдай болсада үлес қосқанымызға қуанштымыз»,- Телекоммуникация және машина жасау колледжі директорының міндетін атқарушы, Алмасбек НҰҒМАН.    


«Аяз атаға хат» акциясы осыдан бір ай бұрын басталған. Қазір казпоштаның хаттарды қабылдау бөлімі қарбалас үстінде. Келген хаттарды сараптап, әлеуметтік жағдайы орташа оқушыларды таңдап жатыр. Сыйлық алуға жалғыз басты аналар мен мүкіндігі шектеулі жандардың балалары да құқылы. Баланың арманындағы заттарды алып беру үшін демеуші іздеу  машақаты тағы бар.


«Акцияның арқасында мұндай адамдардың мұқтажы көп екенін көріп отырмыз. Мүмкіндігінше көмегімізді тигізіп отырмыз.Тізімдерді таратып жатырмыз. Компаниялар, банктер, көптеген жекелеген адамдар ат салысып жатыр. Спонсорларды әліде іздеп жатырмыз»,- деді «Қазпочта» АҚ маркетологі, Сандуғаш ӘЛІМБЕК.

  

Биылғы хат былтырғымен салыстырғанда екі есеге көп. Бір айдың ішінде Алматылық балалардан үш мыңға жуық хат келіпті. Ал республика бойынша он мыңнан астам оқушыдан сәлем жолданған екен. Ақ қарда балалардың арманын орындаумен жолға шыққан жомарт жандар алдағы екі аптада сыйлықтарды толық  таратып беруді жоспарлап отыр.


Әмірболат Құсайынұлы, Рашиддин Якупов, «Алматы» телеарнасы  





Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир