|
07.03.2017 | 10:57
3568

Алматыда Алаш ардақтыларына арналған үлкен мұражай салынбақ

 Алматыда Алаш ардақтыларына арналған үлкен мұражай салынбақ. Бұл ақпарат Алаш арыстарына арналып берліген аста айтылды. Биыл Алашорда үкіметінің құрылғанына  100 жыл. Ғасырлық той барысында көптеген іс-шаралар жыл бойы жалғаспақ. Ахмет Байтұрсынұлы  мұражайына  жұртты жинап, оншақты қазақ үй тіккен бір топ жас жігіттер атылып кеткен ардақтылардың ісін ұлықтауға қатысты  жоспарларымен де бөлісті. 

Алаштың алғашқы көсемі Әлихан Бөкейханов бастаған алыптар құрған үкіметтің 100 жылдығы биыл ел көлемінде аталып өтіледі. Тіккен тулары  үш жылға жетпеседе алаш деп өткен азаматтар ғасырға татитын іс тындырды. Өлмес өсиет қалдырды. Тілтанушы, біртуар  ғалым Байтұрсынұлы атындағы мұражайға  жиналған ел Алашордалықтардың арман, жоспарын, ұстанған мүдделерін еске салды. Алаш үкіметінің алға қойған мақсат-мүддесі қазір Тәуелсіз Қазақ елімен бірге жасап, біртіндеп орындалып жатыр. Қазақты индустриялды ел ету, барлық байлықты қазақтың төл меншігі деп тану, Қазақ тілін мемлекеттік тіл деп тану, Ұлттық дәстүрді сақтай отырып Жапон үлгісінде даму сынды арыстардың жоспары арада 100 жыл өтседе өзектілігін жойған жоқ. 

«Ол кезде, 17 жылы Алаш үкіметі құрылмағанда бәлім біз онда сол кезде қазіргі жеріміздің  көбінен айырылып қалар ма едік? Ел мүддесін қорғаған үлкен-үлкен істері  әліде табылады.Сөйтіп біздің болашағымызға қызмет етеді  деп ойлаймыз»,- деді Алаштанушы, Аманқос МЕКТЕПТЕГІ.   

«Қамшы» ақпараттық агенттігі ұйымдастырған Алаш Арыстарына арналған асқа  негізінен қойғам қайраткерлері келді. Арыстардың рухына арналған іс-шараның барлық шығынын қытайдан келген қазақ ағайындар көтерген. Шараны ұйымдастырған жігіттер ел деп өткен азаматтардың құрметіне  тағы бірнеше шараға бастау болмақ.  

«Қазақ қанша мәңгілік ел болып тұрса, Алаш идеясыда сонша жасайды. Сондықтан, бүгінгі шарамыздың да мақсаты солардың идеясын насихаттау. Және ас өткізумен ғана шектелмейміз. Сәуір айында  100 ағаш отырғызу, мамыр айында 100 жетім балаға көмектесу, маусым айында 100 студентке стипендия тағайындаймыз»,- деді «Қамшы»  ақпараттық агенттігінің директоры, Біләл ҚУАНЫШ.  

Құран бағышталып, рухты оятар өсиет айтылған шара Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның туған күнімен де тұспа тұс келіпті. Алаш рухы - қазақтың санасы мен намысын, экономикасы мен білімін, тілі мен дінін, ерлігі мен елдігін биікке көтеретін тетіктің бірі. Шара барысында Бөкейхановтың150 жылдығына орай шығарылған кітаптар мұражайға табысталды.  

«Әлекеңнің де, Ахаңның да алған үлестері жоқ. Мен айттым олардың идеясы өлген жоқ тірі деп. Ал енді осыған байланысты үкіметке иек артпай-ақ, көпшілік қауым ел болып қаржы жинап, Алаш зиялыларына үлкен мұражай тұрғызуымыз керек»,- деді Тарих ғылымдарының докторы, Мәмбет ҚОЙГЕЛДІ. 

Жалпы, Алматыда бір кездері болымсыз ақшамен меншікке өтіп кетіп, мемлекетке қайтарылмай жатқан  А. Байтұрсынұлы атындағы мұражайдан басқа алаштықтарға арналған орын жоқ. Өзі бас болып 300 мың теңге аударған ғалым Алматы әкімдігінен мұражай тұрғызатын жерді белгілеп беруді сұрады. Ол аумаққа алаш аллеясыда қатар салынады.    Биыл тек Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл ғана емес, «37»-нің қанды қырғынына да 80 жыл толып отыр.

Әмірболат Құсайынұлы, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир