|
15.02.2017 | 12:32
1437

Алматыда әскерге жарамды жігіттер іріктеліп жатыр

Алматыда қолына қару алып, сап түзеуге жарамды жігіттер іріктеліп жатыр. Қазір қаладағы әскерге шақыру учаскелерінде 17 жасқа толған балалар тіркелуде. Олардың саны 6 мыңға жуықтайды. Денсаулығында кінәраты жоқтары кәмелет жасқа толған бойда әскери борыштарын өтеуге аттанбақ. Ал, саулығы сыр бергендер тиісті емдеу мекемелеріне жіберілуде.                                

«Бізден өтіп жатқан балалардың денсаулығы кейінгі кезде өте жақсы деуге болады. Кейде осы балаларды көріп, қуанып отырамыз. Республикамызда осындай балалардың бары - қуантады. Өйткені, олардың бойлары ұзын, физикалық дайындалған»,- деді Медициналық комиссияның төрағасы, дәрігер, Жапар ТӨЛЕМІСОВ. 

Ал, мерзімді әскери қызметке шақырудың көктемгі науқаны наурыз айында Елбасының жарлығынан кейін басталады. Жалпы, жыл өте сарбаз ретінде сап түзегісі келетін жігіттердің қатары көбейгенін жергілікті шенділер де айтуда. Алматының өзінде бір жылда 2000-ға жуық бозбала әскер қатарына қосылады. Ал, борышын өтеуден жалтарып жүргендер жауапкершілікке тартылатынын да айта кеткен жөн. Жаза ретінде бір жыл бас бостандығынан айыру немесе 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

«Әрбір әскерге шақырылушы міндетті түрде, егер оның мекен-жайы өзгеріп жатса, басқа да жеке ісінде өзгерістер орын алып жатса, университет бітіргендер болады. Олар міндетті түрде қорғаныс істері жөніндегі басқармаға келіп, өзінің мекен-жайының, білім алатын жерінің өзгергені туралы міндетті түрде хабарлама айту керек. Ал, повестка бойынша шақыруды айтсақ, онда біз баланың қолына тапсыруымыз керек»,- деді Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары, ¤Фархат ҚҰРМАНҒАЖИНОВ.





Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир