|
23.05.2017 | 11:10
1172

Алматыда автобуспен қақтығысқан прокурор өз еркімен қызметтен кетті

Алматыда автобуспен қақтығысқан прокурор өз еркімен қызметтен кетті. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді. Бекзат Бөшен еңбек демалысынан шыққаннан кейін, өз қалауымен жұмыстан босатылу туралы арыз жазған. Ал, ірі жол апатына қатысты тергеу амалдары әлі де жалғасуда. Осыған дейін, "Мерседес Гелендваген" тізгінінде отырған Бөшен күдікті ретінде танылған еді. Ол өз кінәсін мойындап, жәбірленуші тараптан кешірім де сұраған. Қаперде болса, ол кездегі көлік апатынан 22 адам жарақат алған. Арасында Бекзат Бөшеннің 2 жастағы баласы да бар.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир