|
13.01.2017 | 11:11
1743

Алматыда азық-түлік тапшылығы болмайды

Алматыда азық-түлік тапшылығы болмайды. Қаланың әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы алпауыт сауда орындарымен келісім-шартқа отырып, қоймадағы тауарларды сауда сөрелеріне қоймақ. Ондағы өнімдер нарықтағы бағадан 20 пайызға дейін арзан болады. Бұл - тауар құнын тұрақтандыруға бағытталған қадам. Әріптесім Бақыт Жақаш толығырақ әңгімелесін.


Алматылықтарға сатылып жатқан тауарлардың дені - осы қоймаларда сақталады. Қалада осындай орындардың үшеуі бар. Мұнда тек дәнді дақыл өнімдері ғана сақталады. Ал, көкеністер мен жеміс-жидектер басқа қоймаларға жеткізіледі. Олардың сапасын арнайы мамандар қадағалайды. Тауарлар негізінен қала іргесінен, сондай-ақ, оңтүстік өңірден әкелінеді.                                                                  


Бұл жерде 28 мың қап қант, Сыр бойынан әкелген күріш, қарақұмық, макарон өнімдері, онымен қоса күнбағыс майы, тұз бар. Жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің барлығы осы тұрақтандыру қорының қоймаларында сақталған.


Қоймалардың азық-түлікпен тұрақты түрде қамтылуын - әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия тексереді. Алып орынға тек отандық тауарлар  қойылады. Биылдың өзінде бұл қойма 3 мың тоннадан астам бакалея өнімдерімен толыққан. Олар Алматыдағы ең ірі сауда орындарына жеткізіліп, нарық бағасынан 20 пайызға дейін арзан сатылады. Бұл шара - қалалық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен іскерлер арасындағы келісім-шарт негізінде жүзеге асуда.                                                    


«Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбектің тапсырмасымен тұрақтандыру қорын басқару туралы комиссия құрылған. Әкім орынбасары Ерлан Әукенов төрағалығымен. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы басқармасы осы өңірдегі барлық сауда орталықтарын аралап бағаларының мониторингін жүргізіп отырады»,- деді «Алматы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК АҚ департамент директоры, Марат АЙНАБЕКОВ.


Қала бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ауыл шаруашылығы басқармасының еншісінде. Бұл тұста тиісті мекеме біршама жұмыстар атқарып жатыр. Яғни мониторинг жасап, тапшы болу қауіпі бар азық-түлікті артығымен сатып алады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығын дамыту да  басты назарда. 


Бақыт Жақаш, Влад Шишко, «Алматы» телеарнасы



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир