|
19.01.2017 | 12:20
1426

Алматыда беймәлім жүргізуші тал түсте екі адамды қағып кетті


Алматыда оқыс оқиға. Беймәлім жүргізуші тал түсте екі адамды қағып кетті.  Жылдамдықты арттырған рулдегі адамның әрекеті бейнебақылауға түсіп  қалған. Түрксіб ауданында  Ақан сері көшесімен зымыратқан Toyota Mark II автокөлігіндегі жігіт адамдармен қоса дүкенді соғып өтіп, тұрақтағы машинаны қаққаны кадрдан анық көрінеді. Жолда кездескендердің бәрін жапырған көлік телеграв бағанына барып бірақ тоқтады. Жаяу жүргінші жолында өтіп бара жатқан 54 жастағы егде әйел мен 64 жастағы ер адам ауыр дене жарақаттарын алды.  Ал, апат жасаған көлікте аяғы ауыр әйел де отырған. Бірақ ол абырой болғанда аман. Қазір Ішкі істер департаментінің қызметкерлері оқиғаны тексеріп, тергеп жатыр.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир