|
19.05.2017 | 11:15
1141

Алматыда бизнес орталықтың шатырынан бір жұмысшы құлап кетті

Алматыда бизнес орталықтың шатырынан бір жұмысшы құлап кетті. Қайғылы жайт түстен кейін болған. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері дереу жеткен, алайда құрылысшы тілге келмей жан тапсырыпты. Әзірге, марқұмның 39 жаста болғаны ғана белгілі. Оның қай елдің азаматы екені, нендей жұмысты атқарғаны әлі анықталған жоқ. Қалалық ішкі істер департаментінің мәліметінше, бизнес орталықтың басшысы оқыс жайттан кейін түсінік беруге бөлімшеге келген. Қазір жайттың-жай жапсары анықталып жатыр.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир