|
16.05.2017 | 11:20
1531

Алматыда болған ірі жол апатында Мерседес Гелендваген жүргізушісі күдікті деп танылды

Алматыда болған ірі жол апатында Мерседес Гелендваген жүргізушісі күдікті деп танылды. Оқиғаның жай-жапсары медициналық сот сараптамасынан кейін белгілі болмақ. Қазір жеңіл көлік иесі кез келген уақытта полицияға келуге міндеттелді. Бұл туралы қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Мерседес Гелендваген тізгінінде 30 жастағы прокуратура қызметкері болғаны осыған дейін айтылған. Күдікті көзіне жас алып, халық алдында кешірім сұраған болатын.

«Оң жақтағы көлікті өткіздім, ол кезде автобус жоқ болды. Оңға бұрдым да, қатты соққыны сездім. Есімді жисам ұлым қозғалыссыз отыр екен. Дүкенге кіріп көмек көрсеткен соң ол есін жия бастады. Кейін жедел жәрдеммен ауруханаға кеттік»,-деді Күдікті, Бекзат БӨШЕН.

Еске сала кетсек, өткен аптада Райымбек даңғылы бойында нөмірі 63-ші автобус пен "Мерседес Гелендваген" маркілі көлігі соқтығысқан еді. Салдарынан 23 адам түрлі дене жарақаттарын алды. 8 адам қалалық ауруханаларға жеткізілді. Оның ішінде Гелендваген тізгіндеген жүргізушінің екі жасар баласы да бар. Қалалық ішкі істер департаменті осы іске байланысты қылмыстық іс қозғады. 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир