|
21.12.2016 | 10:28
1384

Алматыда бөлшектелген денесі қоқыс жәшігінен табылған азаматтың ісіне қатысты сот жуырда өтеді

Алматыда айуандықпен өлтіріліп, бөлшектелген денесі қоқыс жәшігінен табылған Роман Ситактың ісіне қатысты сот процесі басталды. Жантүршігерлік оқиғаға байланысты өтіп жатқан соттың алдын-ала тыңдалымы жайлы, тап қазір тілшіміз Айдана Мейрамбайқызы тарқатады.

Айуандықпен өлтіріліп, артынша мәйіті бөлшектеліп қоқыс жәшігіне тасталған Роман Ситактың ісіне қатысты алдын-ала тыңдалым, Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында өтті. Тыңдалым жабық түрде болғандықтан, оған жәбірленушінің туыстары да, тілшілер де қатыстырылмады. Тек арызданған ағасы мен қорғаушылар ғана тыңдалымға кірді. Айта кету керек, алғашқы тыңдалымға уақытша тергеу изоляторынан қоса күдікті жеткізілді. Оларға ҚР Қылмыстық Кодексінің 99 бабы, яғни адам өлтірді деген айып тағылған. Қайтыс болған азаматтың отбасына қиын күнде қолдау білдіру үшін оның барша достары жиылды. Олар Романның қазасы барлығымызды есеңгіретіп тастады, сондықтан сол күнгі оқиғаның жай-жапсарын әлі күнге анық білмейміз дегенді алға тартты. Айтуларынша, күдіктілер Романмен жақын араласпаған екен, тек танысы ғана болған көрінеді.

«Күдіктілердің кім екенін және олардың Романды не себепті өлтіргенін білмейміз. Барлығы түсініксіз. Естуімізше, олар өз кінәларын мойындап отыр. Енді сот оларды барынша қатаң жазаға тартса екен. Өйткені, адамды осыншалықты айуандықпен өлтірген адамдар өте қауіпті деп ойлаймын. Роман өте ақкөңіл, ешкімге зияны жоқ, жаны жайсаң азамат еді. Артында аяғы ауыр әйелі қалды»,- деді Роман Ситактың досы, Данат ТУҒАНБАЕВ.

Жантүршігерлік оқиғаны естеріңізге сала кетсем, 7 қыркүйек күні таңғы сағат 4-те шамасында Абылайхан даңғылына жақын маңдағы үйлердің бірінің қоқыс жәшігінен Роман Ситактың бөлшектелген мәйіті табылған болатын. Сол маңайды тексеріс кезінде кинологтың иті сақшыларды жақын маңдағы пәтерлердің біріне апарып, ол жерден мәйіттің қалған бөлігі табылған болатын. Дереу тергеу амалдары басталып, бірнеше күннен соң Байқоңыр арқылы шекарадан өтіп қашып кетпек болған қос күдікті ұсталды. Олардың бірі 1993 жылғы Шығыс Қазақстан облысының, ендігісі 1994 жылғы Павлодардың тумасы болатын. Роман Ситактың алғашқы сот отырысы енді 26 желтоқсан күні 15:30-да ашық түрде өтетін болады.


 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир