|
30.12.2016 | 11:52
1207

Алматыда жалған салықшы ұсталды

Алматыда кәсіпкерлерден ақша алып отырған жалған салықшы ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Жедел-іздестіру шаралары барысында ол Алматының кәсіпкерлерінен бірнеше рет ақша алғаны анықталған. Күдікті Нұржан Әжібеков бұрындары ұрлық пен алаяқтық бойынша істі болған. Сонымен қатар, тергеу барысында Әжібеков биыл қараша мен желтоқсан айы аралығында өзін Алматы қаласы бойынша салық органдарының қызметкері ретінде таныстырып, кәсіпкерлерден ешқандай тексеріс болмайтынына және ары қарай қызмет бойынша қамқорлық жасаймын деп 30 мыңнан 50 мың теңгеге дейін ақша алып отырғаны белгілі болды. Қаражат Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің басшылығына жиналып жатыр деген. Қазір тергеу шаралары жүргізілуде. Айта кетейік, күдіктіге алданғандар департаменттің қауіпсіздік бөліміне хабарласуға болады.


«Бұл ақпарат аудандық кірістер басқармаларынан түсті. Ең бірінші Бостандықтан сосын Әуезов ауданынан түсті. Біз бұл ақпаратты ішкі департамент қауіпсіздік басқармасына жібердік. Бірге жасалған жұмыс  арқылы сол кісілер  ұсталды. Өзін-өзі сақтау үшін жеке кәсіпкерлер қандай тексеріс келмесін салық органнан болсын ең бірінші құжатын сұрау керек. Өзінің құжаты болады әр органның және нұсқама  керек»,- деді Алматы қаласы МКД түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы, Заңғар ШЫНДАЛИ.

 




Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир