|
23.06.2017 | 12:35
1176

Алматыда жер қатынастарын реттейтін мамандардан арнайы сайт арқылы кеңес алуға болады

Алматыда жер қатынастарын реттейтін мамандардан енді арнайы сайт арқылы кеңес алуға болады. Пилоттық жоба жуырда ғана іске қосылған. Содан бері 10 мыңнан аса адамнан  түрлі сауал келіпті. Мамандар оларға тиісті жауап қайтарып, көмек көрсеткен. Тұрғындардың дені жердің пайдалану мақсатын қалай өзгертуге болатынын және жерді қалай жалға алуға болатынын білмек болыпты. Қазір жер қатынастары басқармасында 5 түрлі қызмет көрсетіледі. Олардың қатарында телімнің кадастрлық құнын белгілеу, жерді тәркілеуге рұқсат беру, бекітілген жобаларды жүзеге асыру үшін арнайы телім бөлу сынды қызметтер бар.                

«Қазір азаматтардың өтініштерін қарау 1 айдың ішінде қарау міндеттелген. Ол қазір қалалық әкімдіктің қаулысы бойынша ол да мемлекеттік қызмет көрсету жақында ғана қабылданды. Сондықтан біз барынша тездетіп қарауды қазір қолға алып жатырмыз», - деді Жер қатынастары басқармасы жеке тұрғын үй құрылысы бөлімінің басшысы Болатбек ДҮЙСЕНОВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир