|
19.01.2017 | 11:39
1417

Алматыда жүк көлігі опырылған жолға түсіп кетті

Алматыда жүк көлігі опырылған жолға түсіп кетті. Оқиға кеше таңертең Наурызбай ауданына қарасты Қалқаман ықшам ауданында орналасқан №157 мектептің жанында болды. Талқаны шыққан жолдың ішіне түсіп, бір бүйірімен тұрып қалған камазды сол маңнан өтіп бара жатқан тұрғындар телефондарына түсіріп алған.

Белгілі болғандай, жолдың бұл аумағы құбырдың жарылуынан опырылыпты. Аудандағы жеке кооперативке тиесілі жетпісінші жылдары жасалған құбыр осы түні жарылып, содан аққан суық су жоғарыға көтерілген. Осылайша, асфальттің астындағы топырақты босатып тастаған. Ал, жүк көлігі өткен кезде ауыр салмаққа шыдас бермей опырылып ортасына түскен. Мердігерлер камазды арнайы техниканың көмегімен шығарып алыпты. Қазір құбырдың жарылу себебі анықталуда. Айта кетсек, Қалқаман ықшам ауданына су және кәріз құбырларын тарту жұмыстары аяқталған соң, жаңа асфальт өткен жылдың қыркүйегінде төселген болатын. Жауаптылар жаңа құбарлармен суды халыққа биылғы көктемде беруді жоспарлап отыр.

«Мердігердің жауапкершілігі болмаса да, оның 2 жылдық құрылысын біткеннен кейін қыркүйекте 2016 жылы бітірді ма, 2018 жылға дейін оның екі жыл мерзімде кепілдік мерзімі бар. Сол бойынша бүгінгі таңда мердігер жұмыстарын орындап жатыр», - деді Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ернат БӘЗІЛ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир