|
19.06.2017 | 11:25
2286

Алматыда журналистер арасында өткізілген байқаудың қорытындысы жарияланды

«Мың бояулы қала». Алматыда байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында журналистер арасында өткізілген байқаудың қорытындысы жарияланды. Үздіктерді қала әкімі Бауыржан Байбек пен еліміздің ақпарат және коммуникация вице-министрі Алан Әжібаев марапаттады. 7 номинация бойынша өткен байқаудың жүлде қоры - 7 млн теңге. Журналистер бұқаралық ақпарат құралдарындағы және ақпараттық агенттіктердегі үздік мақала, үздік радиоматериал және әлеуметтік желідегі үздік мақала, үздік фотоматериал, үздік инфографика және үздік телевизиялық сюжет номинациялары бойынша сайысқа түсті. Сонымен «Үздік телевизиялық сюжет»  номинациясы Ұлан Нарынбек пен Әділ Өнербаевке бұйырды.

«Әрбір жеңіс адамның еңбегі еленгені. Сол сияқты менде 10 жылдық еңбегімнің еленгені. Азда болса ескерілгеніне қуаныштымын. Сан түрлі бағытта жасалған. 12 сюжетімді ұсындым. Енді оның ішінде әлеуметтік тақырып бар, қаланың экономикалық дамуы, басқа да басқада салалары туралы 12 материалымды ұсындым. Шыны керек, бұндай үздік сюжет атанады деген үміт болды», - деді «Үздік телевизиялық сюжет» номинациясының жеңімпазы Ұлан НАРЫНБЕК.

Ал «Үздік  газет мақаласы» номинациясы бойынша Динара Желдібаева, «Үздік  радиоматериал» атауы бойынша Әйгерім Біләлова мен Аман Тасыған жүлдені өзара бөлісті. Ал, Ерлік Кебекбайдың ғаламтордағы жұмысы үздік атанды. Ал инфографика жүлдесін Бағлан Айдашов алса, Жанна Ахметова  әлеуметтік желілерде үздік постар жариялады, Максим Золотухиннің жұмыстары үздік фотоматериалдар деп танылды.

«Жалпы бұл ең өмірімдегі ең құрмет тұтатын, бағалайтын осы қаланың 25 жылдан бері тұрғыны болып келе жатқан Алматының ерекшелігін, оның ғажайыптарын паш ету  менің журналистік міндетімнің бір саласы деуге болады», - деді «Ақпараттық агенттіктер ленталарында жарияланған үздік жарияланым (интернет-ресурстар)» номинациясының жеңімпазы  Ерлік КЕБЕКБАЙ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир