|
23.06.2017 | 18:43
1227

Алматыда ірі жол апаты орын алды

Алматыда қос автобус соқтығысып қалды. Салдарынан 6 адам жарақат алған. Жол апаты Сейфуллин мен Тобояқов көшелерінің қиылысында тіркелді. Алдын ала болжам бойынша, 17-ші бағытта жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көліктің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Сөйтіп, қарсы бетте тап сол бағыттағы келесі автобусқа барып жаншылады. Одан бөлек, жолдың жиегінде тұрған жеңіл көліктерді де сүріп өткен. Ақырында, қос қабатты үйге соғылып бірақ тоқтаған. Қазір апатқа кімнің кінәлі болғаны анықталып жатыр. Ал, жарақат алған жолаушылар ауруханаға жеткізілген. Кейін олардың жарақаттары жеңіл болғандықтан, үйлеріне қайтарылыпты.    

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир