|
14.04.2017 | 11:37
1479

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға сот үкімі шықты

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға сот үкімі шықты. Алаяқтықпен айналысқан Ресей елінің 5 азаматы 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Бұл істі ұйымдастырушы ағайындылар - Роберт пен Ильдар Зиатдиновтарды Алмалы аудандық сотының судьясы Қайрат Иманқұлов кінәлі деп тапқан. Оларды мүлкін тәркілеумен бірге, жалпы режимдегі түзету колониясына 8 жылға қамау жөнінде шешім қабылданды. Қылмыстық топтың қалған мүшелеріне дәл осындай жаза тағайындалды. Алаяқтар,  2014-2015 жылдары Алматы, Астана және еліміздің ірі қалаларында арам пиғылдарын жүзеге асырып отырған. Олар азаматтардан банктен несие алғызып, төлемді өздерінің мойнына алатындықтарын айтып сендірген. Анық болғаны, бұл іске тартылған 700 салымшының несие қаражаты 500 миллион теңгені құраған. Бұл ақша ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің жеке шоттарына аударылып, артынша айлакерлер оны қолма-қол алып отырған. 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир