|
25.04.2017 | 11:04
2491

Алматыда кеміргіштерге қарсы дәрілеу жұмыстары басталды

Алматыда кеміргіштерді көктемгі жою жұмыстары басталды. Мамандар үй-үйді аралап, улы қоспаларды таратып жүр. Қазір дәрілеу жұмысы Наурызбай ауданында жүргізіліп бастаған. Кейіннен қаланың басқа аудандарында жалғасын табады.

Кеміргіштермен күрес шарасы Наурызбай ауданынан басталды.  Дәрілеу жұмыстары өзен, көл маңында жүргізіліп жатыр. Оған қоса, 42 маман жер үйлердің иелеріне тегін улы дәрі таратуда. Тұрғындардың сөзінше, қазір ауданда егеуқұйрықтар біршама азайған.

«Тышқандар бұрын болатын. Жыл сайын тазалап жүр, содан кейін жоқ тышқандар. Тышқан, егеуқұйрық жоқ қазір», - деді қала тұрғыны Айжан КӘРІБАЕВА.

«Кішкене бар, бірақ көп емес. Қыста шығады көбінесе. Осындай күндері олай көп шықпайды. Егеуқұйрықтар анда-санда болады», - деді  қала тұрғыны Хайдар УӘЛИ.

Егеуқұйрықтарды жою жұмысына жұмылдырылған арнайы топ әр тұрғынға 350 грамм улы дәрі үлестірді. Қазір кеміргіштермен күресте «Бромадиолон» препараты пайдаланылуда. Наурызбай ауданында бұл шара 4 күнге созылмақ.

«Негізінен іс-шара келісім бойынша 30 күннің ішінде орындалып бітуі тиіс. Басталған күннен бастап, 30 күн аралығында. Егер де ауа райының қолайсыздықтары бізге кедергі келтірмейтін болып табылатын болса, біз осы уақыт аралығында Алматы қаласының 8 аудандарының барылығына осылай іс-шараны жүргізетін болып табыламыз», - деді Қалалық дезинфекция орталығының бөлім басшысы Қасымбек ТӨРЕГЕЛДИЕВ.

Мамандардың айтуынша, бір егеуқұйрықтан жылына 1200-ге дейін тұқым тарайды. Олар шамамен 3-4 жыл өмір сүреді екен. Алматыда биыл ауру таратушы қаптесерлер тұқымдасымен күресуге шамамен 86 миллион теңге бөлінген. Бұл қаржыға қаладағы 38 мың гектар жер тазартылады.

Перизат Көмекбайқызы, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир