|
27.06.2017 | 11:53
1264

Алматыда көпқабатты үй өртке оранды

Алматыда Самал-1 ықшам ауданында көпқабатты үй өртке оранды. Қызыл жалын 12 қабатты үйдің 6-шы қабатының балконынан тұтанып, кейіннен 7-ші қабатты шарпыған. Қалалық төтенше жағдай қызметі оқиға орнына 8 минутта жеткен. Таңғы сағат тоғызда басталған отты өрт сөндірушілер жарты сағатта ауыздықтады. 

«Құтқарушылар тілсіз жауды сөндірумен қатар, 60 адамды, оның ішінде 12 баланы қауіпсіз жерге көшірген. Зардап шекккендер жоқ. Бірақ 2 пәтер иесі материалдық шығынға ұшырады. Куәгерлердің сөзінше, өрт темекі тұқылынан шыққан. Қызыл жалын 16 шаршы метр аумақты отқа ораған»,- деді Қала тұрғыны, Сәуле ЖАШЫБАЕВА.

 

 


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир