|
05.06.2017 | 11:01
1188

Алматыда құқық қорғау органдарының жаңа орталығы ашылады

Алматыда құқық қорғау органдарының жаңа орталығы ашылады. Қала прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиевтің айтуынша, нысан құрылысы басталып кеткен. Онда келушілерге тір терезе жүйесінде қызмет көрсетіледі. Мамандар 50 бағытта жұмыс істейді. Су жаңа орталық қалалық прокуратура маңынан ашылмақ. Мекемеде ішкі істер органдарының қызметкерлерінен бөлек, нотариустар, адвокаттар, медиаторлар мен пробация қызметінің өкілдері өз қызметтерін ұсынады. Халық қолайлылығы үшін орталықта тегін Уай-фай мен кофейня жұмыс істейтін болады.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир