|
27.12.2016 | 11:41
2229

Алматыда магистралды 3 көше ұзартылады

Алматыда магистралды 3 көше ұзартылып, тағы 3 жол айрығы салынады. Ал, құрылыс жұмыстары келер жылы басталмақ. Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының 12-ші сессиясында 2017-2019 жылдарға арналған бюджетті қарау барысында талқыланды. Сонымен қатар, Алтын Орда аумағында Алматы-Бішкек тас жолын кеңейту жұмыстары мен Алматы метросы, Достық, Сарыарқа бекеттерінің құрылысы жалғасуда. Кеңейтілген отырыста Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек көлік жүйесі мен жолды жаңартуға 42,2 миллиард теңге бөлу қарастырылғанын және жолдың ағымдағы жөндеу жұмыстарына 7 миллиард теңге қарастырылып жатқанын атап өтті. Бұл шаралар келер жылы жақсы күйдегі жолдардың үлесін 65 пайызға арттыруға көмектеседі.

«Қаладағы жолдардың үлесін, яғни жақсы күйдегі жолдарды 55 пайыздан 65 пайызға арттыру көзделіп отыр. Бұл алматылықтардың қалада еркін қозғалуына өз үлесін тигізеді деген ойдамыз. Басым бағыты қалаға жаңадан қосылған аумақтардағы көшелерді қалыпқа келтіруге беріледі», - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир