|
05.06.2017 | 10:30
1847

Алматыда нейрохирургия саласында тың оталар жасалды

Алматыда нейрохирургия саласында тың оталар жасалды. Ми тамырларының аневризмасын клиптау, бас және жұлын миына ота жасау, мидағы қатерлі ісікті жою операциялары Германия, Жапония, Оңтүстік Корей елі мен Ресейден келген білікті мамандардың қатысуымен өтті. Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханасында бас қосқан жас мамандар 2 бірдей залдан ота жасау барысын бақылап, үлкен тәжірибе жинақтады.

«Нейрохирургтер үшін өте маңызды күн. Жас мамандар шетелдің тәжірибесін көріп, өз біліктілігін арттыратын болады. Қазір науқастың бел омыртқасына, омыртқааралық диск жарығын жою бойынша ота жасалып жатыр. Жоғары технологиялы құрылғылардың көмегімен отаның барлығы сәтті өтуде», - деді   дәрігер-нейрохирург Алимхан ХАЛИМОВ.

10 шақты мамандардың қатысуымен өткен операцияда ең озық құрылғылар пайдаланылды. Мәселен, интероперациялық компьютерлік томограф Қазақстанда алғаш рет бас және жұлын миына ота жасау кезінде қолданылды. Заманауи ота жасау микроскопы, жалпы соңғы үлгідегі жаңа жабдықтар отаның сапалы әрі қауіпсіз өтуіне кепілдік береді.

«Біз жас мамандар осы жаңа технологиямен жасалып жатқан операцияларды үйренуге, ары қарай қалай жасалады, инвазивті операциялардың жасалуы қалай соны үйренудеміз. Оның көмегі бізге тиеді, осындай үлкен конференциялар мен мастер-класстардың өтіп тұрғаны жақсы», - деді Алматы аймақтық балалар ауруханасының нейрохирургі Берік МҰСАЕВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
Прямой эфир