|
10.02.2017 | 17:54
1608

Алматыда Роман Ситакты айуандықпен өлтіргендер 18 жылға бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін

Алматыда өткен күзде Роман Ситакты айуандықпен өлтіріп, мәйітін қоқыс жәшігіне бөлшектеп тастап кеткендер 18 жылға бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Мемлекеттік айыптаушы қолын қанға бұлғағандарға бүгін осындай жаза қолдануды сұрады. Прокурор сондай-ақ, Ситакты өлтірген екеу жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуі керек дегенді алға тартты. Қос күдікті, Қабденов пен Абельдиновке Қылмыстық Кодекстің 3 бабы бойынша айып тағылып отыр. Олар 99 баптың екінші тармағы бойынша адам өлтірді, 188 баптың екінші тармағы, яғни  біреудің мүлкін жымқыру және 384 баптың 3 тармағы біреудің құжаттарын қасақана ұрлап, жоқ қылды деп кіналануда. Жаға ұстатар өлімге қатысты бас-аяғы 18 куәгерден жауап алынды. Ал, Ситакты өлтіргендер өз кінәларын толық мойындады.

«Қабденов пен Абельдиновты барлық бап бойынша кінәлі деп тануыңызды сұраймын. Сондай-ақ, 188 баптың екінші тармағы бойынша, яғни біреудің мүлкін жымқырғаны үшін қара жұмысқа да жегуіңізді сұраймын»,- деді Алматы қаласы, Алмалы аудандық прокуратурасының аға прокуроры, Дәурен САҒЫНДЫҚОВ.

Десе де, айыпталушы тарап прокурордың бұл өтінішімен келіспей, күдікті Абельдиновтың жазасын жеңілдетуді сұрады. Олар сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сүйеніп, Ситактың өлімі көп қан жоғалтудан болды дегенді алға тартты. Романды өлтірген Қабденов болса, Абельдинов мәйітін бөлшектеген көрінеді. Сондықтан, оны 99 бап бойынша жазаламай, 433 баптың 2 тармағымен айыптауды сұрады. Егер сот бұл шешімді құптаса, Абельдинов қылмысты жасырғаны және өлі мәйітті бөлшектегені үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Дегенмен, ақтық шешім соттың құзырында. Айта кетсек, бүгін бұл іске қатысты соттың соңғы отырысы өтті. Ал, үкім 13 ақпанда шығады. Соңғы отырыста қос күдікті өздерінің соңғы сөздерін айтты.

«Романның туыстарынан тағы да кешірім сұрағым келеді. Оны өлтіремін деген ойым болмаған еді. Осыған дейінгі сот процестері әділ өтті. Бірақ, жанымдағы Тайрдің Романның өліміне қатасы жоқ. Сондықтан, құрметті судья, сіздің әділ шешім шығарып, оның жазасын жеңілдетуіңізді сұраймын. Ал, мен өзіме қатысты Қылмыстық Кодекс бойынша тағайындалған жазаны өтеуге дайынмын. Ендігі алдағы өмірім қандай арнаға бұрса да, мұндай қылмыс пен бұзақылық жасамауға сөз беремін»,- деді Күдікті, ¤Азамат ҚАБДЕНОВ.

«Мен де Романның туыстарынан тағы да кешірім сұрағым келеді. Бізді кешіру мүмкін болса, кешірім өтінемін сіздерден. Өте ауыр қылмыс жасағанымызды түсінеміз. Дегенмен, әділ жазаны соттың үкімінен күтеміз»,- деді Күдікті, Таир АБЕЛЬДИНОВ.





Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир