|
14.04.2017 | 09:55
1369

Алматыда студенттің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

Алматыда университет жатақханасында қайтыс болған Дидар Болысбектің өліміне қатысты 2-ші курстың 2 студенті күдікті деп танылып отыр. Олар қазір уақытша ұстау изоляторына қамалған. Аталған дерек бірыңғай тергеу реестірінде тіркелген. Қазір Қылмыстық кодекстің 2 бабы бойынша іс қозғалды. 17 жастағы студенттің өліміне қатысты басқа да күдіктілер анықталып жатыр. Сондай-ақ студент қазасына қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалған. Қайғылы оқиғадан кейін студенттерге заң тұрғысынан көмек көрсететін сенім телефоны іске қосылды. Оған әлімжеттік, рушылдық және жемқорлық дерегін көргендер хабарласа алады. Ал туған-туыстары Дидар Болысбекті Тараз қаласында жер қойнына тапсырды. Еске сала кетейік, Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің жатақханасында 10 шақты студенттер арасында төбелес шыққан. Салдарынан 1-ші курстың студенті қаза тапқан болатын.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир