|
20.04.2017 | 11:15
2046

Алматыда Қазақстанның сән апталығы басталды

Алматыда Қазақстанның сән апталығы басталды. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген дизайнерлермен қатар, еліміздің отандық сәнгерлері де биылғы жылдың жаңа киім үлгілерін көпшілік назарына ұсынып жатыр. Орта Азия бойынша ерекше аталып өтетін  шара барысын әріптесім Перизат Көмекбайқызы тікелей байланысқа шығып айтып бермек. Қайырлы кеш Перизат! Биылғы шара немен ерекшеленбек?

Сәнді киінуге жаны құмар жандардың бәрі осында. Дүкендерде таптырмайтын небір киімдерді осы жерден табуға болады. Биылғы апталықтың басты ұраны еркіндік. Дизайнерлер сан алуан киім үлгілері арқылы өзіндік ұстанымы, көзқарасымен бөлісуде. Шығармашылық ізденіс пен еркіндіктің нәтижесін жер жаһанға жария етуде. Қазақстан сән апталығында топтамасын алғаш рет көрсететіндер де бар. Жас дизайнерлердің көрсетілімін өткізетіндердің бірінен сұхбат алған болатынбыз. Соған кезек берсек.

«Мен үшін Қазақстан фэшн уик шарасы өте маңызды. Бұған бірнеше жыл қатарынан қатысып келемін. Сән апталығына қатысып жүрген Қазақстандық дизайнерлер бірнеше жылдан бері бір отбасындай болып кеттік. Осы маусымда мен былғарыдан және жібек матадан тігілген киім топтамасын ұсынып отырмын»,- деді Дизайнер, ¤Жарқын БАЙМАХАНОВ.

Биылғы шараға Грузия, Әзірбайжан және Өзбекстан елінен сәнгерлер келген. Оған қоса, өзге де сән индустриясының өкілдері қызығушылық танытып жатқан көрінеді. Сондай-ақ, сән апталығына Кувейттен делегаттар отандық сәнгерлердің ішінен үздігін өз елінде өтетін шараға шақыру үшін арнайы келген. Аустрия мен Біріккен Араб Әмірлігінен де қонақтар бар. Алматыда сән апталығының биыл мерейтойлық 20-сы шарасы өткізіліп жатыр. Тігіншілердің бұл жолғы киім топтамалары 2017-2018-дің күз, қыс мезгілдеріне арналған. Көрсетілім қонақтары да шетте қалмай, ең ерекше киімдер киіп келген. Кеш қонағының бірінің пікірін білген едік. 

«Мен бұл жерге бірінші рет келіп тұрмын, өте қуаныштымын. Мен жан-жақтан шығып жатқан, дүниежүзілік брендтардың барлығын көргім келеді. Барлығын білгім келеді, оның барлығы менің өзіме керек. Өйткені, сахнада жүргеннен кейін, өнер адамы болғаннан кейін әрбір әнге әртүрлі киімдер киесің ғой енді. Мінездемесіне байланысты. Сол сияқты мүмкін өзіме бір керекті заттарды көруім мүмкін, керекті дүниелерді көруім мүмкін. Сол үшін де келіп отырмын бір жағынан»,- деді Әнші, Шахизада.

Фэшн мереке 21 сәуірге дейін жалғасады. Шара аясында көрсетілімнен бөлек, шеберлік сабақтар да өтетін болады. 



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир