|
05.06.2017 | 10:43
1184

Алматыдағы банк ғимаратында жарылғыш зат қойылды деген жалған хабар түскен

Жалған ақпарат жарға соғады. Алматыдағы ғимараттардың бірінде бомба бар деген жалған ақпар құқық қорғау органдары мен құтқарушыларды аяқтан тік тұрғызды. «Тұрғын үй жинақ банкінің филиалында жарылғыш зат бар» - деген үрейлі хабарды телефон арқылы белгісіз біреу жеткізген. Дегенмен, ғимараттың нақты қандай мекен-жай бойынша орналасқаны жайлы тіл қатпаған. Салдарынан күштік құрылымдар банктің Алматыдағы 3 филиалын жіті тексеріп шықты. Дереу адамдар қауіпсіз аймаққа шығарылды. Нәтижесінде ешбір жарылғыш зат табылған жоқ.

«Банктің колл-центріне сағат 13:58-де  жалған қоңырау шалынды. Бір жарылғыш зат салынды деген жалған қоңырау шалынды. Сыртқа шығып, күттік бір сағаттай. Содан кейін барлығын тексеріп шыққаннан кейін, ешқандай зат табылмағаннан кейін барлығымыз қайта кірдік», - деді ТҚЖБ жарнама және қоғаммен байланыс департаментінің директоры Зәуре МАСҒҰЛОВА.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир