|
04.01.2017 | 10:41
1579

Алматылық мектептер физика-математикалық кабинеттермен толықтай жабдықталады

Алматылық мектептер физика-математикалық кабинеттермен толықтай жабдықталады. Осылайша, лингафондық кабинеттерді аудио, бейне және мультимедиялық құралдармен қамтамасыз ету 30 пайызға ұлғаяды. Бұдан бөлек, келесі жылы 26 білім беру нысандарында сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту жұмыстары жүргізіледі.

Бұл шаралардың барлығы  қосымша 5,5 мың оқушы қабылдауға және орын жетіспеушілікті 11%-ға  азайтуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік салаға жергілікті бюджеттің үштен бір бөлігі тиесілі, шамамен 164 млрд теңгеден астам қаржыны құрайды. Бұл туралы Алматы қаласы Мәслихат депутаттарының ХІІ сессиясында белгілі болды. Отырыс кезінде депутаттар  қаланың 2017-2019 жылдарға арналған бюджетін бекітті. Денсаулық сақтау саласында өлім-жітімге көп әкелетін ауруларды азайту мақсатындағы жұмыстарға ерекше назар аударылатын болады. Келер жылы жергілікті қазынадан түбіркүлезбен ауыратын науқастарға көмек ретінде төлемге 51 миллион теңге бөлінеді. Сондай-ақ 2017 жылы  Наурызбай ауданында ауысымына 500 адам қабылдайтын емхананың және Алатау ауданында патологиялық-анатомиялық бюроның құрылысы басталмақ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир