|
04.05.2017 | 11:37
1532

Алматылық полицейлер әккі алаяқтардың арбауына түскен тұрғындарды іздестіруде

Алматылық полицейлер әккі алаяқтардың арбауына түскен тұрғындарды іздестіріп жатыр. Тәртіп сақшылары қос күдіктіні қолға түсіріп, оларға тергеу тағайындаған. Алғашқысы - Замзариева есімді әйел жалға алған пәтерін өзгелерге өткізіп, табыс тауып келген екен. Қазірдің өзінде бұл күдіктінің үстінен 12 адам арызданыпты. Полицейлер жәбірленушілердің саны бұдан да көп болуы мүмкін дейді. Екінші күдікті - Сагунов есімді азамат. Ол жолаушыларға арзан әуе билеттерін ұсынып, кейін ақшаларын алған соң, із суытып отырған. Әзірге оның 10 адамды тақырға отырғызғаны белгілі болды.  Полицейлер қос күдіктіден опық жеген тұрғындар болса, құзырлы орындарға хабарласуларын  сұрайды. 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир