|
11.05.2017 | 12:22
5058

Алматылықтарға Жамбыл облысының азық-түлік өнімдері ұсынылды

Алматылықтарға Жамбыл облысының азық-түлік өнімдері ұсынылды. Ауылшаруашылық жәрмеңкесіне 216 тоннадан астам тауар әкелінген.  Оның ішінде 37 тонна ет, 11 тонна шұжық, 21 тонна сүт өнімдері сияқты басқа да азық-түлік жеткізілген. Қара базардағы тауар нарық бағасынан 20 пайызға арзан сатылған. Өнімдерді, қалаға мұздатқышы бар 11 рефрижератор мен сатушыларды тасымалдайтын 2 автобусбен жеткізген.

«Бүгінгі күні «Астана» алаңында азық-түлік жәрмеңкесі өтіп жатыр. Бұл Жамбыл облысы 10 аудан және 1 қала болып келіп отыр. Барлық ауыл шаруашылық өнімдері 216 тоннадан астам,  ақшалық сомада есептегенде 171 млн теңге шамасында», - деді Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан АБЫЗБАЕВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир