|
14.12.2016 | 11:02
1538

Алматының Жетісу ауданы, Павленко көшесінде өрт болды

Алматыда тағы да өрт. Тілсіз жау бұл жолы  Жетісу ауданына қарасты, Павленко көшесінде орналасқан бірнеше жекеменшік тұрғын үйдің күлін көкке ұшырды. Куәгерлердің айтуынша, қызыл жалын алдымен санаулы секундтардың ішінде үйдің шатырын құрсауға алған. Кейін көрші ауладағы жақын тұрған ғимараттарға жайылған. Абырой болғанда өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Бірақ кем дегенде 10 адам баспанасыз қалды.


«Мынау көршінің үйінен өрт шыққан, сосын мынау менің 2 этажымды тағы алған. Ішінде балаларым тұратын, келіндерім тұрады енді далада қалды. Заттардың барлығы ішінде қалды, бала-шағамды, немерелерімді барлығын көршінің үйіне апарып қойдық»,- деді Төрехан САҒЫНБЕТОВ.


От  тұтанғанда алғаш болып куәгерлер дабыл қаққан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына алты минуттан соң жеткен. Қызыл жалынды ауыздықтап, сөндіру үшін бір сағаттан астам уақыт кетіпті. ¤


«Өрт аумағы 520 шаршы метрді құрады. 13 сағат 20 минутта өрт көзі толығымен жойылды, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі сәтте өрттің неден шығу және себептері анықталуда»,- деді Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі, Сандуғаш БАЙМҰХАМБЕТОВА.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир