|
16.01.2017 | 11:29
2058

Алматының орталығынан тағы бір жезөкшелер ордасы анықталды

Осы тексеріс кезінде, Алматының орталығынан тағы бір жезөкшелер ордасы анықталды. Корей азаматы «караоке-бар ашамын» деген желеумен зәулім үйді жалға алып, оны жезөкшелер ордасына айналдырған. Ал, ондағы жеңіл жүрістілер тек шетелдіктерге қызмет көрсетіп жүріпті. Олардың қызмет көрсету құны - 100 бен 300 доллар көлемінде болған. 47 жастағы корейлік күдікті өзінің 4 нөкерімен бірлесіп жұмыс істеген. Қазір, заңға қайшы әрекеттері үшін тұтқындалған топ мүшелеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал, корейлік жеңгетай кемінде 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.                                    

«Бұл орда неше айдан бері Алматыда жұмыс істеп жатқаны әлі беймәлім. Біздің алдын-ала болжамымыз бойынша жаз мезгілінен болуы мүмкін. Тексеру барысында 20 шақты қыз анықталды. Олар кезектеп жұмысқа шыққан болатын. Яғни, жұмыс тәртібі бұл орданың ішінде өте қатаң болғанына көзіміз жетті. Қыздардың барлығы Қазақстанның азаматшалары»,- деді Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі, Салтанат ӘЗІРБЕК.








Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир