|
10.02.2017 | 11:25
1067

Алматының прокурорлары әлеуметтік желідегі 20-ға жуық топтарды бұғаттаған

Діннің радикалды бағыттарына үндейтін, экстремистік насихатты тарататын сондай-ақ зорлық-зомбылық жасауға итермелейтін мазмұны бар 110 мыңға жуық материал өткен жылы жойылған. Мұндай деректермен еліміздің ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев бөлісті. Оның айтуынша, ведомство алдыңғы қатарлы шетелдік әлеуметтік желілермен және іздестіру қызметтерімен тығыз байланыс орнатқан. Кей ресурстардың меншік иелерінің оңайлықпен келісім бере салмайтындығы тағы бар. Осылайша, заңсыз контентті жою үшін министрлікке 17 іс бойынша сотқа жүгінуге тура келген. Еске сала кетейік, апта басында Алматының прокурорлары әлеуметтік желідегі 20-ға жуық түрлі топтарды бұғаттағандығын мәлімдеген. Бұл ғаламтор-парақшаларында суицид насихатталған. Осы секілді қауымдастықта 2 мыңға тарта алматылық жасөспірімдер тіркелген екен.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир